«Сөйтіп, Раббыңның Исраил ұрпақтары туралы игі-көркем Сөзі орындалды, өйткені олар сабырлық танытты» («әл-Әғраф» сүресі, 137-аят).
Әрі (былай деп те):
﴿ فَاصْبِرْ إِنَّ وَعْدَ اللَّهِ حَقٌّ وَلا يَسْتَخِفَّنَّكَ الَّذِينَ لا يُوقِنُونَ ﴾
«Ендеше, сабыр ет, ақиқатында, Аллаһдың уәдесі хақ. Әрі сенімі жоқтар сені діннен бет бұрғызбасын» («әр-Рум» сүресі, 60-аят).
Сондай-ақ (былай деп):
﴿ إِنْ أُرِيدُ إِلاَّ الإِصْلاحَ مَا اسْتَطَعْتُ وَمَا تَوْفِيقِي إِلاَّ بِاللَّهِ ﴾
«Шамам келгенінше түзетуді ғана қалаймын. Маған тек Аллаһ көмектесуде» («Худ» сүресі, 88-аят).
(Ол) тағы да (былай деді):
﴿ فَاتَّقُوا اللَّهَ مَا اسْتَطَعْتُمْ ﴾
«Сондықтан шамаларың келгенінше Аллаһтан қорқыңдар» («әт-Тәғабун» сүресі, 16-аят).
Сондай-ақ (Ол):
﴿ أَلَمْ تَرَ إِلَى الَّذِينَ قِيلَ لَهُمْ كُفُّواْ أَيْدِيَكُمْ ﴾
“(Мухаммад,) сондай оларға: «Қолдарыңды тыйыңдар (соғысуға талпынбаңдар)...», - делінгендерді көрмедің бе?”, - деді («ән-Ниса» сүресі, 77-аят).
Әрі былай деді:
﴿ يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ كُونُواْ قَوَّامِينَ لِلَّهِ شُهَدَاء بِالْقِسْطِ وَلاَ يَجْرِمَنَّكُمْ شَنَآنُ قَوْمٍ عَلَى أَلاَّ تَعْدِلُواْ اعْدِلُوا ﴾
«Әй, мүминдер! Аллаһ үшін куәлікте туралық үстінде мықты тұрыңдар. Және бір елдің өшпенділігі сендерді әділетсіздікке тартпасын. Әділдік істеңдер!» («әл-Мәида» сүресі, 8-аят).
Шейхул-Ислам ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: «Егер үлкен игілікке қол жеткізу мүмкін болмаса, онда игіліктің азымен қанағат ету керек. Ал үлкен жамандық кішілеу жамандықпен жойылуы керек. Аллаһ Тағала елшілерді адамдар пайда алулары үшін және өздерінен зиянды жоюлары үшін жіберді. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарды мүмкіндігі жеткенінше (дінге) шақыратын» (Қз.: «Мәжму‘ әл-Фатауа», 13/96).
Ол сондай-ақ былай деді: «Парыздарды орындау, мысалы, дағуат т.б., (белгілі бір) шарттарды орындауға мұқтаж. Жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыюшы (адам) өзінің бұйырып жатқан нәрсесін және өзінің тыйым салып жатқан нәрсесін білуі керек. Ол қалай бұйырып жатқанында да, тыйым салып жатқанында да жұмсақ болуға тиіс. Ол бұйырып және тыйым салып жатқанында ақыл-зерделі (байсалды) болуы керек. Білім (‘илм) шақырудан бұрын, жұмсақтық шақыру барысында, ал ақылдылық (байсалдылық) шақырудан кейін! Егер адам білімділерден болмаса, онда оған білімі жоқ нәрсеге ілесуіне тыйым салынады! Ал егер адамда білім болып, бірақ жұмсақтық болмаса, ол науқастармен дөрекі болатын дәрігер сияқты. Мұндайдан қабыл етілмейді. Аллаһ Тағала Муса мен Харунға (оларға Аллаһтың сәлемі болсын): «Оған сыпайы сөз сөйлеңдер, мүмкін, үгіт алар немесе қорқар», - деді («Та Ха» сүресі, 44-аят). Ал адам жақсылықты бұйырып, жамандықтан тыйған соң, әдетінше оны (өзгелер) міндетті түрде ренжітеді, сондықтан да ол сабырлық пен ақыл-парасаттылық (байсалдылық) танытуы керек. Аллаһ бұл туралы былай деп айтады:
﴿ وَأْمُرْ بِالْمَعْرُوفِ وَانْهَ عَنِ الْمُنكَرِ وَاصْبِرْ عَلَى مَا أَصَابَكَ إِنَّ ذَلِكَ مِنْ عَزْمِ الأُمُورِ ﴾
«Дұрыстыққа бұйырып, бұрыстықтан тый. Басыңа түскен ауыршылыққа сабыр ет. Рас, бұл істерде батылдық таныту керек» («Луқман» сүресі, 17-аят).
Аллаһ Тағала көп жерлерде Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көпқұдайшыл-мүшриктердің тигізген жәбірлеулерін сабырлықпен көтеруді бұйырады. Ал Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыятындардың жетекшісі болып табылады. Біріншіден, жақсылықты бұйырушы адам осыны Аллаһ Тағала үшін істеуі қажет. Оның ниеті Аллаһқа Оның бұйырған нәрсесінде мойынсұну болуы керек. Кісі жақсылықты бұйырып жатқан адамның түзелуін қалауы қажет. Ал егер ол (өзгелердің) оны ұлықтауын, немесе оның тобын ұлықтауын қалап дағуат жасап жатқан болса, Аллаһ мұны қабыл етпейді. Егер адам көрер көзге, атақ-абыройға бөлену үшін дағуат жасаса, оның амалы зая болады. Дағуаттан кейін оның дағуаты тәрк етіліп, оған жәбір көрсетілуі мүмкін, оны адасаушы деп атауы және оның ниеті арам деп айтылуы да мүмкін. Содан соң нәпсі өзі үшін өш алуды талап ете бастауы ықтимал, міне, сол кезде оған шайтан келеді. Ол өзінің ісін Аллаһ үшін бастаған болатын, бірақ кейін көңіл қалауы келді де, өш алуды талап ете бастады, әрі осы нәрсе шақырушы кісінің өзі шақырып жатқан адамына жәбір тигізетіндей дәрежеге дейін жетуі мүмкін. Бұл нәрсе әрқайсысы: «Ақиқат менімен!» - деп және дәл өзін Сүннеттемін деп санайтын көптеген шақырушылармен (дағуатшылармен) орын алуда. Көптеген шақырушыларда әуестік (көңіл қалауы) пайда болады, олар өздеріне абырой-атақты, ықпал мен билікті қалай бастайды. Ендігі кезде олардың ұмтылысы Аллаһтың сөзінің барлық нәрселерден үстем болуы және дін толығымен Аллаһқа тән болуы (үшін болмайды). Олар өздеріне қайшы келетіндерге, тіпті ол қарсы пікірді ұстанатын адам ақталуы бар ыждағат танытушы (мужтахид) болса да, оған ызалана бастайды. Басқа жағынан олар өздерімен келесітендерге разы болады, тіпті ол арам пиғылдағы надан болса да. Нәтижесінде, бұл адамдар Аллаһ пен Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мақтамайтын адамдарды мақтайды және Аллаһ пен Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөкпейтін адамдарды сөгеді. Олардың жақсы көруі мен жек көруі Аллаһтың және Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дінінің негізінде емес, өздерінің жеке көңіл қалауының негізінде құрыла бастайды. Осындай жағдай өздерінің әуестіктерінен өзге еш нәрсеге ұмтылмайтын кәпірлерге тән. Олар Аллаһ пен Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) нені жақсы көретіндеріне және нені жек көретіндеріне назар бұрмай: «Мынау – менің досым, ал – мынау менің дұшпаным!», - деп жатады. Әрі осы жерлерде адамдар арасында бүліктер туындайды. Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Олармен ешбір бүлік қалмағанға дейін және дін бүтіндей Аллаһқа тән болғанға дейін соғысыңдар» («әл-Әнфал» сүресі, 39-аят). Ал егер дін бүтіндей Аллаһқа тән болмаса, адамдар арасында бүлік болады.
Діннің негізі жақсы көру (сүю) Аллаһ үшін болуы керектігінде, жек көру Аллаһ үшін болу керектігінде, дос тұту Аллаһ үшін болу керектігінде, жауласу Аллаһ үшін болу керектігінде, ғибадат Аллаһ үшін болу керектігінде, көмек сұрау тек Аллаһтан, қорқу тек Аллаһтан, үміт тек Аллаһқа болу керектігінде. Адам Аллаһ үшін беруі керек, әрі Аллаһ үшін (беруден) бас тартуы керек. Әрі мұның барлығы Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне сәйкес болуы керек. Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйрығы — бұл Аллаһтың бұйрығы! Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тыйымы — бұл Аллаһтың тыйымы! Онымен жауласу — Аллаһпен жауласу! Оған мойынсұну – Аллаһқа мойынсұну, ал оған мойынсұнбау – Аллаһқа мойынсұнбау.
Өз көңіл қалауының жақтаушысы сол әуестіктің себебімен соқыр және саңырау болып қалады. Ол Аллаһ пен Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) разы болатын нәрселерге разы болмайды. Ол Аллаһ пен Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ызаланатын нәрселер үшін ызыланбайды. Көңілі разы болса, ол да разы болады, көңілі ызыланатын болса, ол да ызыланады. Осы орайда ол осының барлығын дін үшін істеп жатырмын деп ойлайды. Ол өзін Сүннет үшін, ақиқат үшін, дін үшін разылық танытып және ызаланып жатырмын деп ойлайды». Қз.: «Минһажу-с-Сунна ән-Нәбауийа», 5/256.
Шейхул-Ислам ибн Таймия сондай-ақ былай деді: “Сөйтіп, адамдар (мынандай) үш топқа бөлінеді:
1 — Өз көңіл қалауларына ғана еретін адамдар — олар (өзгелер) өздеріне бергенде разы болады, әрі олардан тартып алғанда ызаланады. Біреу оларға көңілдерінен шығатын әлдебір (мейлі ол хәлал, мейлі харам) нәрсені беретін болса, онда (олардың) ашу-ызасы разылықпен ауысады. Егер бұрын белгілі бір нәрсе ол үшін айпты саналатын, ол осығын тыйым салатын (әрі) осыны істеушілерді сөгетін болса, ендігі кезде бұл нәрсе оның разылығын тудырады. Бұдан қалса, оның өзі айыпты санаған нәрсесін істей бастауы, осыда өзгелерге көмектесуі және осы нәрсені тыйым салып айыптайтындармен жауласа бастауы да мүмкін.
Бұл (құбылыс) Адам ұрпақтарының арасында кең тараған! Адам бұны қанша рет көріп, қанша рет естігені туралы тек Аллаһ қана білуші. (Мұның) себебі адам (баласының) залым және надан болып табылатындығында, сондықтан да ол әділеттілік танытпайды. Сіз әмірді (елбасшыны) қоластындағыларына қатысты әділетсіздігі үшін сөгіп жатқан адамдарды көре аласыз, алайда егер олардың көңілін әлдебір лауазыммен немесе мал-мүлікпен аулайтын болса, олар осы әмірдің көмекшілеріне айналады. Сондай-ақ сіз олардың маскүнемдерді, зинақорларды, музыка тыңдаушыларды сөгетіндерін көресің, бірақ әлгілер оларды осы күнәларда қатысуға шақырса, олар разылық танытатындарын байқай аласыз.
2 — Дінді шынайы түрде ұстанатын адамдар — олар амалдарды ықыласпен Аллаһ үшін орындайды, дінде бекем тұрады әрі өздеріне тигізіліп жатқан жәбірлерге сабыр етеді. Дәл солар иман келтіргендер және игі амал жасағандар! Олар адамзат ішінен шығарылған үмметтердің ең жақсысы болып табылады. Олар жақсылықты бұйырып, жамандыққа тыйым салады және Аллаһқа иман келтіреді.
3 — Бойларында біріншісі де, екіншісі де араласып кеткен адамдар — мүминдердің басым бөлігі осындай. Оларда дін де бар, әуестік те бар. Олардың жүректерінде мойынсұнушы болуға деген қалау мен Аллаһ Тағалаға мойынсұнбауға деген қалау үйлескен. Кейде біріншісі, ал кейде екіншісі басым болады.
Нәпсінің үш түрі болады деп айтылады: 1 — Бұйырушы; 2 — Тынышталған; 3 — Жазғырушы. Нәпсілердің бірінші тобы – бұл жамандықты бұйыратын нәпсілер; ал нәпсілердің ең жақсылары – бұл тынышталған нәпсілер. Бұл туралы Аллаһ былай деген: «Әй, тынышталған нәпсі! Раббыңа Ол сенен, сен Одан разы болған түрде қайт! Енді құлдарымның арасына кір! Жәннатыма кір!» («әл-Фәжр» сүресі, 27-30 аяттар). Ал нәпсілердің соңғы түрі - бұл жазғырушы нәпсілер. (Бұл жерде) күнә істеп, содан соң осы үшін өздерін-өздері жазғыратын нәпсілер меңзелуде. Олар ізгі амалдарға жамандарын араластырып жібереді. Біз бұл адамдардың тәубелері қабыл болады деп үміт етеміз. Аллаһ Тағала былай деді: «Басқалары күнәларын мойындады. Бірақ олар түзу істі басқа жаман іспен араластырады. Аллаһ, бәлкім, олардың тәубелерін қабыл етер. Расында, Аллаһ – Аса Кешірімді, ерекше Рахымды» («әт-Тәуба» сүресі, 102-аят)” Қз.: «әл-Истиқама», 2/249.
Шейхул-Ислам ибн Таймия (Аллаһ оны рахым етсін) сондай-ақ былай деді: «Күпірлік, бұзақылық және мойынсұнбаушылық жамандық пен жауласудың себептері болып табылады! Белгілі бір адам (немесе адамдардың тобы) күнә жасап жатқан, ал басқа адмдар үнсіз және тыйым салмай жатқан болуы мүмкін. Мұндай жағдайда бұл олардың да күнәсына айналады. Бірақ күнәхарларды тыйым салынған сөгумен сөгетіндер де бар. Оларға да күнә жазылады. Бөліну мен келіспеушілік орын алады, жауыздық пайда болады. Бұл көне замандардағы және біздің кезіміздегі ең қорқынышты бүліктер мен жауыздықтарға жатады. Ақиқатында, адам баласы залым және надан болып табылады! Бірақ зұлымдық пен надандық әртүрлі болады. Кім болып жатқан бүлік-фитналар туралы ой қозғаса, сол олардың себебі дәл осыда екенін көреді». Қз.: «әл-Истиқама», 2/241.
Шейх Салих ибн Фаузан (Аллаһ оған есендік берсін) былай деді:
─ Бұл ереже әһлю-с-Сунна уәл-жәма’аның негіздеріне жатады! Онда жақсылыққа шақыру және жамандыққа тыйым салу туралы сөз болуда. Жақсылық (ма‘руф) — бұл Аллаһқа бағыну болып табылатын кез-келген амал. Жамандық (мункар) — бұл Аллаһқа мойынсұнбаушылық болып табылатын кез-келген амал. Яғни жақсылық (ма‘руф) дегеннің астарында Аллаһқа шариғатта заңды етіп бекітілген кез-келген бағыну меңзеледі. Ал жамандық (мункар) — бұл Аллаһ Тағала тыйым салғанның барлығы. Аллаһ Тағала мүминдерді, Елшіні (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олар жақсылықты бұйырып, жамандыққа тыйым салатындығымен сипаттады. Аллаһ Тағала былай деді:
﴿ وَالْمُؤْمِنُونَ وَالْمُؤْمِنَاتُ بَعْضُهُمْ أَوْلِيَاء بَعْضٍ يَأْمُرُونَ بِالْمَعْرُوفِ وَيَنْهَوْنَ عَنِ الْمُنكَر ﴾
«Мүмин ерлер мен мүмин әйелдер бір-біріне көмекші. Олар жақсылықты бұйырып, жамандыққа тыйым салады» («әт-Тәуба» сүресі, 71-аят).
Олар бір-біріне мойынсұнушылықтан болған кез-келген амалды, кез-келген игілікті бұйырады, әрі бір-бірін кез-келген мойынсұнбаушылықтан, кез-келген жамандықтан тосады. Бірақ мұның барлығы шариғат бекіткендей іске асырылады.
Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а жақсылыққа шақыруды және жамандықтан тыюды шариғат қалай бекіткен болса, дәл солай орындайды! Жақсылыққа шақыру және жамандыққа тыйым салу хауариждер мен му`тазилилер сияқты бидғатшылардың жолымен іске асырылмайды. Олар әмірге (елбасшыға) қарсы шығуды жақсылыққа шақыру және жамандыққа тыйым салу деп айтады. Бірақ іс жүзінде, бұл жамандыққа шақыру және жақсылыққа тыйым салу болып табылады!
Жақсылыққа шақыратын және жамандықты тыятын адам мұны өзінің мүмкіндіктеріне қарай істеуге тиіс. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Сендерден кімде-кім айыпталатын нәрсені көрсе, оны қолымен өзгертсін (түзетсін), егер қолымен (өзгерте) алмаса, онда тілімен (өзгертсін), ал егер тілімен (өзгерте) алмаса, онда жүрегімен (жек көрсін), әрі бұл иманның ең әлсіз көрінісі» (Муслим, 49). Яғни шақыру (дағуат) мүмкіндікке (шама-шарққа) қарай жасалады. Аллаһ Тағала адам жанына ол көтере алатын нәрседен басқасын жүктемейді. Егер адамда билік пен күш болса, онда ол айыпты нәрсені өз қолымен түзетеді. Мысалы, әмірдің немесе оның өкілдерінің осындай биліктері бар, әрі өздерінің құзыреттері жеткенінше айыпталатын нәрселерді қолдарымен түзетуге тиіс. Үй иесінің өз үйінде билігі бар, сондықтан да өз үйіндегі айыпты нәрселерді қолымен түзейді. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Балаларыңа жеті жасынан бастап намаз оқуды бұйырыңдар, ал (олар) онға толған кездерінде оларды (намазды орындамағаны үшін) ұрыңдар» (Ахмад, 2/187; Абу Дауд, 494-495). Өйткені үй иесінің өз үйінде билігі бар. Ол өз отбасын тәрбиелейді, балаларын егер олар ұруға лайықты қылық жасап қойса ұра алады. Оның әйелінің үстінен билігі жүреді, әрі Аллаһ Тағала:
﴿ وَالَّلاتِي تَخَافُونَ نُشُوزَهُنَّ فَعِظُوهُنَّ وَاهْجُرُوهُنَّ فِي الْمَضَاجِعِ وَاضْرِبُوهُنَّ ﴾
«Ал әйелдердің бағынбайтынынан қауіптенсеңдер, сонда оларды насихаттаңдар және төсектеріңде тастап қойыңдар. (Одан болмаса) оларды ұрыңдар» («ән-Ниса» сүресі, 34-аят), - деп айтқанындай, ол оны ұра алады.
Ал егер адамда билік болмаса, бірақ оның адамдарға түсіндіру мүмкіншілігі болса, ненің хәлал, ненің харам екенін білсе, онда ол адамдарға сөйлей бастайды және кеңестер бере бастайды. Егер мәселе жеке адамға қатысты болса, онда оған насихат оңаша және құпия жасалады. Ал егер мәселе қоғамға қатысты болса, онда сөгіс көпшіліктің алдында, бірақ нақты адамдардың атын айтусыз айтылады. Мысалы, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Пәлен және пәлен нәрселерді істеп жүрген адамдарға не болған?», - деп айтатын (әл-Бухари, 750, 6101). Яғни нақты бір тұлғаны атап айтпайтын, өйткені мұндай нәрсе зиянға әкеліп соқтырады.
Ал енді өзгелердің күнәларын жариялау, жиындарда адамдар туралы сөз етуге келер болсақ, бұл игілікке алып келмейді, керісінше, оңбағандықты тарату болып табылады. Сіз адамдарға: «Білесіз бе, пәлен былай істеді, ал пәлен жерде мынандай нәрсе бар екен», - деп айтасыз, алайда сіздің сөздеріңізге дейін адамдар тіпті бұл туралы естімеген болуы да мүмкін. Бұл екіжүзділер мен қаскүнемдерді қуантады. Аллаһ Тағала былай деп айтады:
﴿ إِنَّ الَّذِينَ يُحِبُّونَ أَن تَشِيعَ الْفَاحِشَةُ فِي الَّذِينَ آمَنُوا لَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ فِي الدُّنْيَا وَالآخِرَةِ وَاللَّهُ يَعْلَمُ وَأَنتُمْ لا تَعْلَمُونَ ﴾
«Расында, мүминдер туралы арсыздық жайылуын жақсы көргендерге дүние, Ақыретте күйзелтуші азап бар. Аллаһ біледі, ал сендер білмейсіңдер» («ән-Нур» сүресі, 19-аят).
Сондықтан да мұндай амалдар тыйым салынған! Мұндай амалдар айыпты істерді тек көбейтеді. Айыпталатын нәрселерді пайдалы ем-шипа арқылы емдеу керек.
Ал егер адамда билік те, тілмен сөгіс ату мүмкіндігі де болмаса, онда ол айыпталатын нәрсеге жүрегімен сөгіс білдіруі керек. Адам айыпталатын нәрсеге разы болмауы керек, керісінше, ол оны жек көруі керек. Иманның ең аз көрінісі сіздің жүрегіңізде айыпталатын нәрсеге деген жек көрушіліктің болуында. Яғни егер сенде күш болғанда, сен міндетті түрде айыпталатын нәрсені өзгертетін едің, бірақ қазір оны істей алмайсың. Бұл сен үшін жеткілікті, Аллаһ Тағала адам жанына ол көтере алатыннан артық еш нәрсе жүктемейді (шейх әл-Фаузанның сөздерінің соңы).
Аллаһ сізді сый-сауапқа бөлесін, шейх! Шейхул-Ислам Ибн Таймийяның осы мәселеге қатысты анық сөздері бар.
Біріншіден, жақсылыққа шақыратын және жамандықтан тыятын адам осыны ең алдымен өзіне және өзінің отбасына қатысты істеуге тиіс. Аллаһ Тағала былай деді:
﴿ أَتَأْمُرُونَ النَّاسَ بِالْبِرِّ وَتَنسَوْنَ أَنفُسَكُمْ وَأَنتُمْ تَتْلُونَ الْكِتَابَ أَفَلاَ تَعْقِلُونَ ﴾
«Адамдарды игілікке бұйырып, өздеріңді ұмытасыңдар ма? Кітапты оқисыңдар, ойламайсыңдар ма? Ақылға келмейсіңдер ме?» («әл-Бақара» сүресі, 44-аят).
(Ол) сондай-ақ (былай деп айтты):
﴿ لِمَ تَقُولُونَ مَا لا تَفْعَلُونَ (2) كَبُرَ مَقْتًا عِندَ اللَّهِ أَن تَقُولُوا مَا لا تَفْعَلُونَ ﴾
«Істемейтін істеріңді неге айтасыңдар. Істемейтін істеріңді сөйлеулерің Аллаһтың қасында зор ашуға себеп болады» («әс-Сафф» сүресі, 2-3 аяттар).
Екіншіден, шынайы ықыласпен Аллаһ Тағала үшін шақыру керек. Жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю билік пен мал-мүлікті иемдену немесе әлдебір басқа дүниелік мақсаттарға, мысалы, адамдардың мақтауына қол жеткізу үшін жасалмауы керек. Бұда игілік жоқ!
Үшіншіден, адам (жақсылыққа) шақырып жатқанда өзінің жеңіске жетуін емес, ақиқаттың жеңіске жетуін қалауы керек. Шақырушы-дағуатшының мақсаты игілікті тарату және адамдарға пайда келтіру болуға тиіс. Шақырушы өзі үшін өш алуға, жеке жеңіске қол жеткізуге ұмтылмауы қажет. Ол діннің жеңіске жетуіне ұмтылуы керек, ал егер (өзгелер) оны ренжітіп жатса, ол сабырлық танытуға тиіс. Аллаһ Тағала былай деді:
﴿ وَأْمُرْ بِالْمَعْرُوفِ وَانْهَ عَنِ الْمُنكَرِ وَاصْبِرْ عَلَى مَا أَصَابَكَ ﴾
«Дұрыстыққа бұйырып, бұрыстықтан тый. Басыңа түскен ауыршылыққа сабыр ет. Рас, бұл істерде батылдық таныту керек» («Луқман» сүресі, 17-аят).
(Ол) сондай-ақ (былай деп айтты):
﴿ وَتَوَاصَوْا بِالْحَقِّ وَتَوَاصَوْا بِالصَّبْرِ ﴾
«Бір-біріне хақты үгіттесіп, бір-біріне сабырды үгіттескедер!» («әл-‘Аср» сүресі, 3-аят).
«Бір-біріне хақты үгіттесіп...» — яғни жақсылықты бұйырып, жамандықтан тосатын.
«...бір-біріне сабырды үгіттескедер» — яғни шақыра бастағаннан кейін сабыр таныту.
Сондай-ақ жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыятын адам өз шақыруының жемістерін көрмесе, күдер үзіп қажымауы керек. Өйткені, біріншіден, ол өзіне жүктелгенді орындады ғой. Екіншіден, ол қазір болмаса да, бірақ кейін бәрібір жемісі болатынын күтуі керек. Аллаһ Тағала былай деді:
﴿ وَإِذْ قَالَتْ أُمَّةٌ مِّنْهُمْ لِمَ تَعِظُونَ قَوْمًا اللَّهُ مُهْلِكُهُمْ أَوْ مُعَذِّبُهُمْ عَذَابًا شَدِيدًا قَالُواْ مَعْذِرَةً إِلَى رَبِّكُمْ وَلَعَلَّهُمْ يَتَّقُونَ ﴾
«Сол уақытта олардан бір тобы: «Аллаһ жоқ ететін немесе қатты азаптайтын елді не үшін үгіттейсіңдер?», - деді. (Үгіттеушілер:) «Раббыларыңа үзіріміз болсын, бәлкім, олар қорқар», - деді» («әл-Әғраф» сүресі, 164-аят).
Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ұзын хадисте былай деп айтқаны жеткізіледі: “Ал кейін маған тау періштесі сәлем берді де: «Уа, Мухаммад! Қалағаныңды бұйыр! Егер қаласаң, мен олардың (яғни мүшриктердің) төбесінен екі тауды тастаймын, - деп айтты”. Бұған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Жоқ, мен Аллаһ олардың ұрпақтарынан жалғыз Аллаһқа ғана құлшылық ететін әрі Онымен бірге ешкімге құлшылық етпейтін адамдарды шығаратынына үміт етемін!», - деп жауап берді (әл-Бухари, 3231; Муслим, 1795).
Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үмітін үзбеді, Аллаһ Тағаладан жеңілдік келуін күтті, әрі бұл шындығында да орын алды.
Он сегізінші ереже:
«Әһлю-с-Сунна уәл жәма’а жақсылыққа бұйыруды және жамандықтан тыюды мойнына алған кісілердің барлығын шариғи өлшемдердің негізінде пайда мен зиянды ескеруге шақырады»
Аллаһ Тағала былай деді:
﴿ وَلاَ تَسُبُّواْ الَّذِينَ يَدْعُونَ مِن دُونِ اللَّهِ فَيَسُبُّواْ اللَّهَ عَدْوًا بِغَيْرِ عِلْمٍ كَذَلِكَ زَيَّنَّا لِكُلِّ أُمَّةٍ عَمَلَهُمْ ثُمَّ إِلَى رَبِّهِم مَّرْجِعُهُمْ فَيُنَبِّئُهُم بِمَا كَانُواْ يَعْمَلُونَ ﴾
«Олардың Аллаһтан өзге сиынғандарын боқтамаңдар. Олар білместікпен шектен шығып, Аллаһқа тіл тигізеді. Осылайша, әр топқа өз істерін әдемі көрсеттік. Сонан соң қайтар орындары Раббыларына. Сонда оларға не істегендерін білдіреді» («әл-Әнғам» сүресі, 108-аят).
(Ол) сондай-ақ (былай деп айтты):
﴿ وَمَا مَنَعَنَا أَن نُّرْسِلَ بِالآيَاتِ إِلاَّ أَن كَذَّبَ بِهَا الأَوَّلُونَ وَآتَيْنَا ثَمُودَ النَّاقَةَ مُبْصِرَةً فَظَلَمُواْ بِهَا وَمَا نُرْسِلُ بِالآيَاتِ إِلاَّ تَخْوِيفًا ﴾
«Біздің мұғжизалар жібермеуіміз бұрынғылардың мұғжизаны жасынға шығаруы ғана болды. Сондай-ақ Сәмуд еліне көрнеу түрде аруана жібердік. Бірақ олар оған зұлымдық қылып, өлтірді. Негізінде Біз мұғжизаларымызды тек үрейлендіру үшін ғана жібереміз» («әл-Исра» сүресі, 59-аят).
Айшаның (Аллаһ оған разы болсын) сөздерінен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Егер сенің елің жәхилдікке (надандыққа) соншалықты жақын болмағанда, мен Қағбаның қазынасын Аллаһ жолында жұмсар едім, оның есігін жерге жақын етер едім, әрі оған хижрды қосатын едім» (Муслим, 1333).
Жәбир жеткізген екіжүзділер туралы оқиғада (сахабалар) Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Оларды (екіжүзділерді) өлтірсек қайтеді?», - деп сұрақ қойғаны жеткізіледі. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Адамдар: «Мухаммад өзінің сахабаларын өлтіріп жатыр», - деп айтпас үшін, жоқ», - деп жауап берді (әл-Бухари, 4905; Муслим, 2584).
Сондықтан да, егер қандай да бір адам (немесе топ) өзіне жақсылықты да, жамандықты да қамтыған болса, әрі олардың арасын бөлу мүмкін емес болса, яғни бұл адам не жақсылық пен жамандықты қоса істейтін болса, не жақсылық пен жамандықты тұтас тастайтын болса, онда әрбір нақты жағдай (жеке) қаралмайынша, оны жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыюға болмайды.
Егер жақсылық көбірек болса, онда сол жақсылық бұйырылады, тіпті оның ізінен бір жамандық ұласса да. Әрі егер жамандықтан тыю сол жамандықтан анағұрлым үлкен жақсылықты тастауға алып келсе, бұл жамандықты тыйым салуға болмайды. Аталған жағдайда жамандықтан тыю адамды Аллаһтың жолынан бет бұруға, Аллаһ пен Оның Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бағынудың жойылуына алып келеді.
Ал егер жамандық көбірек болса, онда оған тыйым салынады, тіпті бұл кішігірім бір жақсылықтың жоғалуына әкелсе де.
Егер де жақсылық пен жамандық дәрежелерімен бірдей болса, әрі олардың арасын бөлу мүмкін емес болса, онда еш нәрсе бұйырылмайды да, еш нәрсеге тыйым да салынбайды. Кейде әлдебір нәрсені бұйырған, ал кейде әлдебір нәрсені тыйған абзалырақ болады. Бірақ кейде бұйырмау да, тыймау да жақсырақ болатын жағдайлар болады. Бұл (әрбір) нақты жағдайға қатысты.
Яғни жақсылыққа бұйыру одан да жақсырақ болған нәрсенің жоғалуына әкелмеуі керек. Сондай-ақ жақсылыққа бұйыру қандай да бір жамандықтың пайда болуына әкелмеуі тиіс. Жамандықтан тыю одан да зор жамандықтың пайда болуына келтірмеу керек. Сондай-ақ жамандықтан тыю бұл жамандықтан едәуір маңыздырақ жақсылықтың жойылуына әкелмеуі тиіс. Ал егер (қандай да бір) жағдай толық түсінікті болмай жатса, мүмин адам ақиқат айқындалғанша, ол жағдайды талдап қарауы қажет. Адам білімсіз әрі тура ниетсіз қандай да бір іске кіріспеуі керек.
Бұған мысал ретінде Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) екіжүзділік пен арсыздықтың басшыларының қатарынан болған Абдуллаһ ибн Убайй мен сол секілділердің іс-әрекеттері туралы үндемей қалдыруын келтіруге болады, себебі олардың көмекшілері бар болатын. Егер олар жазаға тартылғанда, бұл жақсылықтың жоғалуына алып келер еді. Яғни Абдуллаһ ибн Убаййдің руы Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ашулануы мүмкін еді, ал адамдар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз сахабаларын өлтіріп жатқанын есітіп, Ислам қабылдау ойларынан қайтар еді.
Бірақ (осы жерде) пайда мен зиянның дәрежесін өлшеу шариғаттың таразысында жүргізілуі тиіс екенін атап кету маңызды.
Он тоғызыншы ереже:
Достарыңызбен бөлісу: |