Асанбаи асқаров үлы түраннын үлдары «НҮрлы әлем»


кесек ет кесіп лақтырып тастайды. Темір оған ашуланбайды. Қайта оны



Pdf көрінісі
бет86/299
Дата19.08.2023
өлшемі27,11 Mb.
#179883
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   299
Байланысты:
ҰЛЫ ТҰРАННЫҢ ҰЛДАРЫ

кесек ет кесіп лақтырып тастайды. Темір оған ашуланбайды. Қайта оны
жақсылық нышанына жорып:
—Е, құдай қолдап жер бетінің кең төсі Хорасанға қолым жетеді екен!—
деп масаттанады.
Тайабад деген жерде Зейд-ад-дин Әбу Бекр деген шейх тұратын. Бір күні
Темір шейхыға “маған келіп жолықсын” деп шабарман жібереді. Ш ейх оған
тепсініп “Темірде менің жұмысым жоқ, керек болса өзі келсін!— деп отырғ-
ан орнынан тапжылмайды. Ақыры екеуі кездеседі. К ейін бұл жолығысу
жайлы Темірдің өзі ағынан жарылып, тақуадан гөрі өзін қатты қорқыныш
билегенін жасырмайды Шейх оның арқасынан сипаған сәтте, алдына келіп,
тізе бүккен Темірдің үстіне аспан құлап, көк пен жердің арасында жаншы-
лып қалғандай сезінеді. Ибн Арабшахтың сөзіне қарағанда, Зейд-ад-дин
шейхты Темір зор табысына септігі тиген үш рухани жебеуш ісінің бірі деп
санаған. Темірдің кезінде діни атақ-даңққа ешкім қол сұқпайтын. Ол шари-
ғат пен сенім нің беки түсуіне үздік сіз қамқорлық жасады. Темір түркі,
парсы, араб тарихтарын жақсы білетін еді.
Темір кезеңінің Шыңғыс хан заманынан сөз жоқ, айырмашылығы бар,
олардың арасын 200 жыл бөліп тұр. Шыңғысхан мұсылман болған ж оқ,
лұтқа табынды. Ал оның ұрпақтары әр түрлі дінге сенді: бірі-христиандық-
ты қабылдаса, екіншісі - ислам, үшіншісі - буддизм жолына түсті. Темір
болса, исламның нағыз жақтаушысы еді. Кейбір тарихшылардың жорамал-
дауынша, ол дінді өз мақсатына жету үшін пайдаланған. Біз мұнымен келісе
алмаймыз. Біріншіден, кез келген дін идеология болып табылатындықтан,
соған сәйкес қоғамдық ойдың дамуына мүмкіндік береді. Екіншіден, дін са-
наны билейтіндіктен, материалдық күшке айналады. Сол себепті Темірдің
ислам дінін жақтағандығына күмән келтірмейміз.
Темір Шыңғыс шаңырағымен жекжат шатыс болуға да үлкен мән берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   299




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет