Асанбаи асқаров үлы түраннын үлдары «НҮрлы әлем»


жүріп, әлеумет қайраткері болып шықты. Аға сұлтан Құнанбай осындай



Pdf көрінісі
бет178/299
Дата19.08.2023
өлшемі27,11 Mb.
#179883
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   299
Байланысты:
ҰЛЫ ТҰРАННЫҢ ҰЛДАРЫ

жүріп, әлеумет қайраткері болып шықты. Аға сұлтан Құнанбай осындай
қоғамдық өмірде Абайдың да атақты жуан ортада отырғанын қалады.
Ақылы мен қайраткерлігі қатар тұла бойынан табылатын Құнанбайдың ба-
басы “шынжыр балақ, шұбар төс Ырғызбай” еді. Өзге балаларынан озып
шығып, артық туған Абайды қаһары қатал Құнанбай өз ырқына салғысы
келіп бағады. Жастайынан жорықшылық, батырлық сияқты істерге дені
көбірек ауған өр мінезді Құнанбай ел билеушісі — аға-сұлтан атанады. Сол
кездегі атқа мінерлерден қалған сөздерге қарағанда, Құнанбай — “қарадан
хан” болғанның бірі. Бұл туралы Абайдың өмірбаянын жан-жақты зертте-
ген Мұхтар Әуезов те ашық айтады.
Құнанбай ескі заман еншісінде қалып, өткен қоғамның уысынан шыға
алмай шырмалса, Абай жаңа өмір жолына ұмтылып, шырғалаңға түседі.
Ақыл-ойы, қажыр-қайраты мол, билік құмарлығы мен халықтың жанына
батқан әрекеті көп Құнанбай мен халық мұңын жоқтаушы 28 жастағы жас
Абай арасындағы әке мен бала күресі өршіді. Абай ел ішіндегі феодалдық-
рулық арпалыс пен айқасты көріп өсті. Қоғамдық, тарихи қайшылықтарды
терең аңғарып, тани бастады.
Абай ел арасындағы озбыр күштер мен оған иек артқан жуандардың зор-
лық, пәлеқорлығын ғана ем ес, өз әк есі мен оның жақын достарын да
сынайды. Осылай әкенің, би-болыстардың елді зар еңіреткен мінезі мен
озбырлы істерінен жиіркенеді. Оларға қарсы алысушы әш керелеуш і етіп
Абайды әке жолынан гөрі тарих төріне өмірдің өзі шығарды. Оған патша
үлықтарымен жемтіктес болған қазақтың билеп-төстеушілерінің қара ха-
лықты тізесіне басқан өктемдігі де эсер етті. Бұл өктемдік ел бірлігін бұзып,
жаңа өсіп өркен жайып, келе жатқан прогрестің жолына кесірін тигізеді.
Абайды да алысқа құлаш серметіп, тарихи қоғамдық ойларға жетелеген


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   299




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет