Асанбаи асқаров үлы түраннын үлдары «НҮрлы әлем»


тұтқындалып, өлім жазасына кесілді. Жазығы сол, өз халқын жан-тәнімен



Pdf көрінісі
бет199/299
Дата19.08.2023
өлшемі27,11 Mb.
#179883
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   299
Байланысты:
ҰЛЫ ТҰРАННЫҢ ҰЛДАРЫ

тұтқындалып, өлім жазасына кесілді. Жазығы сол, өз халқын жан-тәнімен
сүйіп, оның болашағы үшін қызмет етті.
МАҒЖАН ЖҮМАБАЕВ
1893-1938 
ж. ж.
Аса дарынды, қияметтей қиын тағдырлы Мағжан Жұмабаев 1893 жылы
Солтүстік Қазақстан облысында туып-өсті. Әкесі Бекен, арғы аталары да ел
ішіндегі атақты, дәулетті кісілер болған. Сондай өрелі үрім-бұтақтың орта-
сында өскен Мағжан ерте хат танып, араб, парсы, түрік, орыс тілдерінде
білім алуға құлшынды. Әуелі Қызылжардағы медреседе, сосын сонау Уфа
қаласына сапар шегіп, онда атақты татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимов-
тан тәлім алды. Өрім жас осы кезден бастап өлең дүниесіне қүлаш ұрады.
Алғашқы өлеңі “Ш олпанды” жазғанда он сегіз жастағы өрелі өрен еді. 1913
жылы Омбы қаласында Міржақып Дулатовпен танысып, семинарияға түсіп,
оны 1916 жылы бітіреді.
Бұл кезде төңкеріс дүмпілі де, ел ішінде түрлі қозғалыс пен толқыған
тартыстар да басталып кеткен еді. 1919 жылы Совет қүрылысына араласып.
Қызылжарда “Бостандық туы” газетінің редакторы болды. Одан соң Таш-
кентте қазақ-қырғыз институтында д әр іс берді. 1928 жылы Брюсов
атындағы әдебиет институтында оқыды.
Жиырмасыншы жылдарда Мағжан тарихи тақырыптарға қалам тартты.
Оның “Қорқыт”, “Қойлыбайдың қобызы”, “Батыр Баян”, дастандары, атақ-
ты өлеңі - “Тоқсанның тобы” топ жарған талантын танытты.
Алайда, сол 1920-30 жылдардағы С овет әдеби етін дегі таптық күрес,
жіктелу Мағжан Жұмабаевтың да жүрегін жаралап, талантына тұсау болды.
“Пролеткульт” пен РАПҒРтың жандайшаптары М. Жұмабаевқа “ұлтшыл-
буржуазияш ы л ақын” деп жазықсыз жала жауып, поэзиясы на ұшқарьк
тұрпайы баға берген пікірлер баспасөзде жиі жарияланды. Саяси айыптың
ақыры абақтыға апарып, 1924-29 жылы алыс Карелияға жер аударылды. Ал


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   299




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет