1.2 С.Қалиевтың ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары және оның ғылыми-педагогикалық кадрлар дайындаудағы үлесі
Кез-келген тұлғаның ой-санасының, дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына, дамуына өзін қоршаған ортасы, алған білімі мен атқарған қызметі, қоғамдық-саяси ахуал міндетті түрде әсер етеді. Адам – санасы тәңірлік жаратылыс ғана емес, қоғамдық ақыл-ойдың да жиынтық көрінісі. Сондықтан да белгілі тұлғалардың шығармашылығымен дүниетанымдық көзқарастарын қарастырған уақытта оны тікелей тұлға өмір сүрген кезеңмен, сол тұстағы қоғамдық даму ахуалымен бірлікте алып зерттеген жөн. Адам санасы өткені мен бүгінін қорыта отырып қалыптасады, жетіледі, өседі. Олай болса, белгілі ғалым-педагог С.Қалиевтың да этнопедагогикалық көзқарастарын сол кезеңнің тыныс-тіршілігімен байланыстыра қарап, өз кезеңі тұрғысынан бағалаған жөн болар деп есептейміз.
С.Қалиұлының ұлттық тәлім-тәрбиеге байланысты қызығушылық танытпаған саласы кемде-кем екенін айту керек. Ол 400-ден аса педагогикалық, этнопедагогикалық зерттеулер, көптеген ғылыми-публистикалық мақалалар, монографиялар мен кітаптар құрастырушы. Оның жалпы көлемі 1200 баспа табақ екен.
1987 жылы профессор С.Қалиұлы Қ.Б.Жарықбаевпен авторлық бірлестікте «Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі» атты еңбек жазды. Бұл еңбекте С.Қалиев «Халықтың мәдени мұрасы жайындағы ой-пікірлер тарихы» деп аталатын бөлімде автор шетел педагог-ғалымдарының халықтық педагогиканы бала тәрбиесінде пайдалану туралы ой-пікірлерін, қазақ халқының мәдени мұрасын зерттеуші орыс және батыс оқымыстыларының, қазақ халқының ағартушы-демократтарының еңбектерін талдай отырып, олардың халқымыздың өткендегі мәдени мұрасы жөніндегі ағартушылық ой-пікірлерін ортаға салды.
Зерттеудің екінші тарауы «Халық педагогикасындағы отбасылық тәрбие және оның ауыз әдебиетінен алатын орны» деп аталып, онда қазақ халқының балажандылық қасиеті, тәрбиедегі ананың ролі, бала тәрбиесіне ананың, атаның, әженің, ағайындар мен туыстық қарым-қатынастардың мәні қарастырылған.
Еліміз егемендігін алғаннан кейін профессор С.Қалиев ұлттық тәрбиемен кең көлемде айналыса бастады, 30 ғасырлық қазақтың тәлімінің 10 томдығын шығаруда қажымай-талмай еңбек етті. Бұл еңбектерде араб, парсы, қытай, монғол, орыс тілдеріндегі басылымдардан қазақ тіліне аударылған құнды шығарма болды. Осы мәселе жөнінде белгілі ғалым-педагог М.Құдайқұлов былай дейді: «Бұдан әлденеше жылдар бұрын баспа бетін көрген, оның үстіне бүгінде оқырман қауымның қолына түсе бермейтін ескі әдебиеттердің таптырмайтын көне дүниелер екенін ескерсек, құрастырушылардың жүздеген еңбектерден теріп, сүзіп алған тәлімдік ойлар тұжырымдамаларын дайын дерек көздеріне айналдыруы – аса қуанарлық іс» [7. 54].
Қазақтың тәлімдік ойларының 2 томдық антологиясы алғаш рет 1990 жылдары профессор Қ.Жарықбаев пен С.Қалиевтың құрастыруымен шығып, ел игілігіне айналғаны бәрімізге белгілі. Бұл еңбек педагог-ғалымдар мен ұстаздар үшін аса құнды дерек көз деуге болады. Себебі, еңбектен халқымыздың, ұлттық тәлім тарихымыздың кез-келген дәуіріне қатысты деректерді табуға болады. Ғалымдар қауымдастығы бұл еңбекті өте жоғары бағалаған: «Қазақ мәдениетіне ежелден бері көптеген шетелдіктер көңіл аударып, пікір білдіріп отырған. Антология өз тәлім тарихымызға солардың көзімен зер салуға мүмкіндік берді. Қазақ жері түрлі тарихи жағдайларға байланысты көптеген халыққа пана болып, олармен күнделікті қарым-қатынаста болып келе жатыр. Ал, бұл өз кезегінде ұлттық тәлім үрдісіне әсер еткендігі белгілі».
С.Қалиевты қазақ халқының өзіндік мәдени, рухани, әдеби, ұлттық дәстүрлерінің тәрбиелік мәні толғандырды. Қазақ ұлтының дамуы билер мен жыраулар, батырлар мен ақындар болғанын ескеріп, ғалым олардың шығармаларының тәлім-тәрбиелік мәнін ашып зерттеді. Олар: Жәнібек, Керей, Асан қайғы, Мұхаммед Хайдар, Дулати, Қыдырғали Жалайыр, Қасым, Есім, Тәуке, Қазтуған, Ақтамберді, Шал, Әнет, Төле, Қазбек, Әйтеке, Әбілқайыр, Абылай, Бұқар, Қабанбай, Бөгенбей, Наурызбай, Райымбек, Сырым т.б көптеген адамдар болды. Аузы дуалы, ақылгөй жыраулар мен шешен, билер жалпы жұртқа өнегелі сөздерімен, өлең-жыр, толғауларымен зор ықпал етіп, халықты ел болуға, берекелі бірлікке шақырып, қоғамдық өмір сахнасына шыға бастады. Осы жөнінде С.Қалиев былай деп жазды: «Қазақ жырауларының толғау-тебіреністері, қанатты сөздері өзінің тәлімдік шарапаты жағынан ғана емес, сонымен бірге рухани эстетикалық, отаншылдық мәні жағынан да аса маңызды болды. Жыраулар жауынгерлік заманда хандар мен бектердің, қолбасшы батырлардың ақылгөй-кеңесшісі болып, жорыққа бірге аттанды, ру-тайпаларына басшылық етіп, сұрапыл қанды майдан көріністерін жырға қосты, ерлікті мадақтады, шейіт болған батырларды жоқтап, ел қайғысын бөлісті» [8. 320].
С.Қалиев «Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы» атты еңбегінде XV-XIV ғасырларда өмір сүрген қазақ ақын-жырауларының поэзиясынан халықтың салт-дәстүрін, ой-арманы мен тілек мақсатын айқындап берген. Себебі, жыраулар толғауларынан халқымыздың небір тағылымдарға толы ойлары, мұң-мұқтажын, ой-толғаныстары, қуаныш-сүйініші, болашақ ұрпаққа айтар өнегелі өсиеті берілген. Ғалымның ойынша, олар халықтың тәлім-тәрбие мектебінің, ұлағатты ұстаздарының ролін атқарады. Тәуке ханның «Жеті жарғысы» - бүгінгі Қазақстан Республикасы қабылдаған Ата Заңымыздың негізгі іргетасы болып саналады. Сондай-ақ сол кезеңдерде дүниеге келген Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и-Рашиди», «Жаханнама», Қадырғали Жалайырдың «Жамиғат тауарих», халық тағылымы: «Қазақтар шежіресі» ұрпақ үшін зор тәлім-тәрбиелік мәні бар шығармалар екенін баяндаған.
Ғалымның бұл дәуірді сипаттай келе мал шаруашылығы, ою-өрнек пен зергерлік бұйымдар жасау, кілем, алаша тоқу, ер-тұрман, құмған, ыдыс-аяқ жасау, музыкалық аспаптар жасау сияқты қасиеттер жедел дамып, жастарға еңбек және эстетикалық тәлім-тәрбие берудің негізгі құралына айналғаны туралы ойын білдіреді. Жоғарыда аталған еңбекте С.Қалиев қазақ этнопедагогикасының ғылыми-теориялық мәселелеріне кеңінен тоқталып, этнопедагогикалық ұғымдарға ғылыми анықтама берген. Қазіргі кезде этнопедагогика мен халық педагогикасы ұғымдары туралы әртүрлі анықтамалар бар екені бергілі. Сондықтан жоғарыда аталған еңбегінде бұл ұғымдарға арнайы тоқталған. Енді ғалымдардың анықтамаларына тоқталайық.
Халық педагогикасының теориялық жақтарын зерттеуші, Ресей ғалымы Е.Л.Христова халық педагогикасы – ол халықтың таптық педагогикалық санасы, ал дәстүрлі педагогиканы – белгілі ұлттық педагогиканың саласы – деп есептеді.
Көрнекті ғалым Г.Н.Волков педагогика саласында тұңғыш рет «Этнопедагогика» деген ұғымды ғылыми айналымға ендірді. «Этнопедагогика» ұғымы ғалымның ойынша: «Халықтың жас ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесі туралы, олардың педагогикалық көзқарастары туралы ғылым. Этникалық педагогика тарихи жағдайда қалыптасқан ұлттық мінездегі ерекшеліктерді зерттейді. Халық педагогикасы – халықтың ауыз әдебиетінде, салт-дәстүрлерінде, ырымдарында, балалар ойындарымен ойыншықтарында мәңгі қалған педагогикалық мағлұматтар мен тәрбиелеу тәжірибесінің жиынтығы. Халық педагогикасы – халыққа қажет қасиеттерді қалыптастыру үшін пайдаланылатын педагогикалық мақсаттың, міндеттердің, әдіс-құралдардың, тәсілдердің жиынтығы мен өзара байланысы» - деген [9. 16].
Философ Г.Н.Филонов: «Халық педагогикасы – жергілікті халықтың қабылдаған тәрбиелеу әдіс-тәсілдері. Бұл ұрпақтан-ұрпаққа өмір барысында білім мен дағдылар арқылы жалғасып отырады. Халық педагогикасы қоғамдық тәрбиенің, мінез-құлық, жүріс-тұрыс ережелерінің, қоғамдық дәстүрлердің, белгілі идеологияның жалғасуын бағыттап отырады. Халық педагогикасы моральдық заңдар мен салттарда көрініс табады».
Жоғарыдағы ұғымдарға берілген анықтамаларды қорыта келе, ғалым С.Қалиев: «Салт-дәстүрлер бір жағынан халықтың тұрмыс-тіршілігімен байланысты туған этнографиялық құбылыс болып саналса, екінші жағынан ұрпақ тәрбиесінің ритуалы болып саналады. Сондықтан ұлттық салт-дәстүрлердің мән-мағынасын тәлімдік тұрғыда қарастырып, тозығынан озығын айыра қарау, бүгінгі заман талабына сай келетін прогрессивтік мәнді дәстүрлерді ұрпақ тәрбиесінің пәрменді құралы ретінде орынды пайдалана білу қажет» - деп санады.
Қорыта келгенде, этнопедагогика – фольклорлық шығармалар мен ұлттық салт-дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік мән-мағынасы мен оны оқу-тәрбие жүйесінде қолданудың әдіс-тәсілдерін зерттейтін педагогика ғылымының бір саласы.
Ғалым-педагог С.Қалиев жастарға ұлттық тәлім-тәрбие берудің психологиялық жақтарын да қарастырады. Ғалымның пікірінше, ұлттық психологиялық құрылым үш бөліктен тұрады: ұлттық сезім, салт-дәстүрлер және ұлттық мінез. Осы үш бірлестік ұлттық мәдени ерекшеліктің шартты белгілері болып табылады.
Ұлттық сезім ғалымның пайымдауынша – ол адамдардың туған жерге, өскен елге, ана тіліне, ұлттық салт-дәстүрлерге деген сүйіспеншілікті білдіреді. Ұлттық сезім адамды қоршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық, мәдени және жаратылыс құбылыстарының сол ұлт өкіліне тартқан ерекше табиғи сыйы. Ұлттық сезім басқа сезімдер сияқты адамның жеке басының қанағаттануымен байланысты ой-қиял, әсер сезімінің сыртқа шыққан көрінісі. Мысалы: «Елім-ай» әнін ести отырып, халықтың басына түскен жағдайларын, шапқыншылық әрекетке езіліп мұңайғаны немесе «Саржайлау», «Сарарқа» күйлерін естігенде адамдардың туған жер табиғатына деген сүйіспеншілік, шаттық сезімінің оянуы табиғи заңды құбылыс.
С.Қалиев халқымыздың ұлттық мінез ерекшеліктерін де жан-жақты талдап, ұлттық мінез осы ұлтқа тән темпераменттік, психикалық, рухани сапасымен ерекшеленіп көзге түседі. Қазақтарға тән бауырмалдық, ақжарқындық, қонақжайлылық, өзбектердің сыпайы мінезділігі, діншілдігі. Орыс халқына тән қарапайымдылық пен кеңпейілділік, американдықтардың құнттылығы, ағылшындардың салқын қандылығы, немістердің ұқыптылығы, француздардың жинақылығы, испандықтардың тән қызуқандылық ерекшеліктері байқалады.
Ғалым С.Қалиев қазақ этнопедагогикасының өзіндік ерекшеліктерін, халқымыздың ұлттық қадір-қасиеттерін баса көрсетіп, оларға сипаттама берді. Бауырмалды, ата салтын бұзбау, үлкенді, ата-ананы сыйлау, қайырымдылық сияқты қасиеттерді жас ұрпақ бойына сіңірудің жолдарын да анықтады. Сондықтан ғалым бұл қасиеттерді ұлттық ерекшеліктеріміздің көрінісі деп санады. Бұл қасиеттер жөнінде ғалым нақты мысалдар келтіру арқылы халық даналығына жүгінеді: үлкеннің кішіге қамқорлығы, кішінің үлкенге көмегі, баланың ата-анаға, әке-шешенің балаға мейірім-шапағаты.
Қазіргі кезеңде тәуелсіз еліміздің ертеңі жастардың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ - ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Бүгінгі таңда педагогика ғылымының өзекті мәселелерінің бірі – оқушыны жан-жақты дамытуда, білім беруді, ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып, шығармашылық жұмыспен шұғылданатын қабілетті, дүниетанымдық көзқарасы кең, рухани бай, ұлттық қасиеттерді жете түсінетін ұрпақ дайындау.
Олай болса, ұрпағымызды тәртіпсіздік сияқты жаман қасиеттерден сақтандыру үшін мектеп оқушыларының бос уақытын дұрыс пайдаланы біліп, сабақтан тыс іс-шаралар арқылы ұлттық құндылық қасиеттері бойынша дамытуымыз қажет. Өйткені, оқушылар бойында зерігушілік әдепсіздікке соқтыратындығын, теріс жолға бастайтындығын мектеп өмірінен жиі байқаймыз. Ондай жолға жібермеудегі тосқауылдан туған жол – халқының әдет-ғұрпындағы, салт-дәстүріндегі әдептіліктің таным-тағылымы. Сондықтан да жастарымыздың санасына ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің мәні зор. Ақынжандылық, шешендік пен өнерпаздық, өнегелі халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тәлім-тәрбиелік әдеттері мен ғұрыптары, рәсімдері және салт-саналық дәстүрлері жас ұрпақтың жан жүйесіне әсер етіп, санасына сіңсе, ұлттық мәдениетті игерген, иман жүзді, инабатты ұрпақ жалпы адамзаттық асыл қасиеттерді игіліктерімен тоғысуына мүмкіндік алады. Халқымыздың асыл қазыналарын білуге, игеруге қызықтыру, ұлттық тәрбиені меңгеру – басты міндет.
Оқушылардың ұлттық құндылықтарымен қасиеттерін арттырудың сипаттары ұлттық ерекшеліктерді көрсету барысында бүкіл адамзаттық құндылықтарын жалпы және ұлттық тұрғыдан төмендегідей жіктейді.
Ұлттық тұрғыда: Халыққа тән болмыстың сипатын ашу, ұлттық тәрбиенің басты ерекшеліктері, әдет-ғұрып, салт-дәстүрге қызығушылығы.
Әр халықтың тәлім-тәрбиелік мұрасы ұлттық құндылықтарының маңызды белгісі болып табылады. Осы арқылы ұлттық тәрбиенің ерекшеліктерін білеміз. Қазақ халқының этностық ерекшеліктерін байыптасақ, бұл халық – ұрпақ сабақтастығын сақтап, алысты жақындатып, аразды татуластырып, ізетті келіннен таныған, татулықты абысыннан тапқан, дархандық даласынан, даналықты бабасынан, пәктікті баласынан алған халық. Қазақ адамгершіліктің басы - әділдікті ту етіп, әділдіктің басы болған адалдықты анасынан алған. Аналар ұрпақты ұлағаттылыққа баулып, дауға-дәру, жауға - қару, араздыққа - араша, татулыққа - тамыр, тазалыққа - нәр, пәктікке - пәрмен, дәстүрге - дәрмен, өнерге - тұлпар, көкте - сұңқар етіп тәрбиелеген.
С.Қалиев өз еңбектерінде халқымыздың небір сөздерін келтіре білді. «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» дегендей, халқымыздың бойына сіңірген атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиесі өзге ұлттардан ерекшеленіп, өздеріне тән қасиеттерді көрсетіп тұратындығын жоққа шығара аламаймыз. Ұлттық тәрбиеміздің халықтың сан ғасырлық тарихымен тығыз байланыста болып, осы уақытқа дейін дәстүрлі тәрбие құндылықтарын жоғалтпай жалғастырып келеді. Халқымыздың ұлттық тәрбиесі негізінен жүйелі болған. Өйткені, тәрбие әке-шеше, отбасынан бастап, ағайын-туыс, көрші-қолаң бәрі аралпсып, бәрі де халықтың баласына ортақ қамқорлық жасаған. «Балаңа басқұр қалдырғанша, тозбас дәстүр қалдыр» деген қазақ халқы озық жұрттардың санатында болашақ қамын қатты ойластырған. Сол себепті ұлтымыз: «Балаң өзіңе тартса – жұбан, қоғамға тартса - қуан» деп бекер айтпаған. Біздің тәрбиеміздің ерекшелігі – қыз балаға қамқорлықпен қарау. Себебі, халқымыз қыз тәрбиесіне баса назар аударған. «Ел боламын десең – бесігіңді түзе» дегендей, тәрбие бесіктен басталатыны бірімізге белгілі. Ал, бесік иесі – ана. Ал, қазіргі заманда қыз баланы, яғни болашақ бесік иесін тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлуіміз керек.
Ұлттық тәрбиенің тағы бір көрінісі – ол имандылық қасиет. Ұлы Абай: «Иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, болмас буын керек» [10. 304]- дейді. Пайғамбар ұсынған парыздарды орындау әрбір адамдардың міндеті. Осыған байланысты ғалымдар Қ.Жарықбаев, Ә.Табылдиев былай деп жазды: «Жас адамды имандылыққа баулу үшін олардың ар-ұятын оятып, намысын қайрап, мейірімділік, қарапайымдылық, қайырымдылық, ілтипаттық, кішіпейілділік, қамқорлық, адалдық, ізеттілік сияқты әдептік-психологиялық қасиеттерді олардың бойына сіңіру бір отбасының, балалар бақшасы мен мектептің басты парызы» [11. 102].
Бала тәрбиесінде сезім мен еріктің ролін Қ.Жарықбаев адам сезімдері қашанда тарихи-әлеуметтік сипатта болады, оның мазмұнын қоғамдық болмыс бейнелейді. Сезімдерден адамның дүниетанымы, өмір поэзиясы жақсы аңғарылатынын көрсетеді. Алға қойған мақсат жолында, өмір үшін күресте күшті. Жігерлі сезімдерсіз табысқа жету қиын. Тыныс-тіршілігі солғын, селқос адамдардың көздеген мақсаттарына жетуі қиын болады. Адам не үшін күрессе, соны жан-тәнімен жақсы көріп, ұнамсыз қылықтарды барынша жек көріп отыруы қажет. Қазақ ұғымына адамгершілік ұғымымен астарлас келетін қасиет – ол кісілік. Қазіргі этнопедагогикалық әдебиеттерде «кісілік» қасиеттерді қалыптастыру мәселесі көбінесе арнайы айтыла бермейтінін байқадық. Осы орайда Қ.Жарықбаев, Ә.Табылдиев& «Кісілік - өмір барысында біртіндеп қалыптасқан жеке адамның адамгершілік іс-әрекеті мен мінез-құлқының азаматтық ар-ожданы. Халқымыз: «Адам болар баланың кісіменен ісі бар, адам болмас баланың кісіменен несі бар» - деп тәрбиелі адамның үлгі-өнегесін жоғары бағалап, жастарға «Жақсы болсаң да, арлы бол» деп талап қояды. Әдетте бойы мен ойы толыса бастаған, кәмелетке келген адамды кісі деп айтуға болады. Бірақ, кісінің де кісісі бар дегендей, оның ұнамды, ұнамсыз, жағымды, жағымсыз түрлері де аз емес» [11. 123].
Отансүйгіштік ең жоғары кісілік қасиет, оның кісілігін танытатын ерекше асқан сезім екені белгілі. Отан, отаншылдық қасиет туралы тәрбиелегенде қаз дауысты Қазыбек бидің: «Алтын ұяң – Отан қымбат, туып-өскен елің қымбат, кіндік кесіп, кір жуған жерің қымбат» деп келетін аталы сөздерін еске аламыз. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан – біреулердің қазақтарға тартуы емес, олардың тарихи Отаны» - деген [12].
С.Қалиевтың «Қазақтың тәлім-тәрбие тарихы» (Қ.Жарықбаевпен авторлық бірлестікте) атты жинағында курстың мақсаты – VI ғасырдағы Орхон-Енисей жазбаларынан бастап, орта ғасыр ғұламаларымен Алтын Орда дәуірі оқымыстыларының, XIV-XIX ғасырлардағы өмір сүрген ақын-жырулардың, қазақтың демократ-ағартушыларының және ХХ ғасырда өмір сүрген педагог-ғалымдардың халықтық педагогика туралы ой-пікірлерінен мағлұмат беру арқылы тәрбие тарихымен таныстыру, сол тағылымның әсерлі үлгілерінен өнеге алған бүгінгі жастардың елін, жерін, Отанын, ұлттық мәдениетін сүйетін арлы, намысқор, саналы, өнегелі, парасатты азамат болып шығуын көздейді. Еңбектің «Орхон-Енисей ескерткіштері және оның тәлімдік мәні» атты бөлімінде сол көне түркі жазба ескерткішінің табылуы, оның зерттелуі мен құрылымы және сол дәуірдегі түркі тектес халықтардың салт-дәстүрлері, тарихы мен әдеби мұрасындағы тәлім-тәрбиелік идеяларын қазіргі ұрпаққа үлгі етіп ұсынады.
Ғалымның «Халық педагогикасы және оның ауыз әдебиетіндегі көрінісі» атты еңбегінде халық педагогикасы ұғымына мынадай анықтама берген: «Халық педагогикасы дегеніміз – халықтардың ғасырлар бойы жинақтаған ұрпақ тәрбиесі жөніндегі ой-пікір, білім, тәжірибелер жиынтығы». Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі мен халық педагогикасындағы тәрбие түрлері: тән және тазалық тәрбиесі, еңбек пен өнер тәрбиесі, ақыл-ой тәрбиесі, имандылық пен адамгершілік тәрбиесі. Ауыз әдебиеті жанрларынан нақты мысалдар келтіре отырып, олардың мазмұнын жасады [13.196].
Жоғарыда келтірілген жинақтағы С.Қалиевтің «XV-XIX ғасырлардағы жыраулар поэзиясындағы тәлімгерлік ой-пікірлер» атты мақаласында осы кезеңдегі қазақ жеріндегі тарихи жазбаларға тоқтала келе, ақын-жыраулар Асан қайғы, Бұқар, Қазтуған, Доспамбет, Ақтамберді, Шалкиіз, Махамбеттің жырларынан нақтылы үзінділер келтіріп, олардың тәлім-тәрбиелік мәніне тоқталады.
Ғалым Қазақстанда ұлттық тәлім-тәрбиенің туып, қалыптасу кезеңдерін көрсетіп, онда қазақ ағартушы-демократтарының, ғалымдарының педагогикалық көзқарастарына талдау жасаған. Олардың қатарында Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Н.Құлжанова, М.Жұмабаев, Ш.Әлжанов, Т.Тәжібаев, С.Қожахметов, М.Мұқанов, С.Сембаев, Қ.Бержанов, Х.Досмұхамедовтер бар.
Бұл еңбек екі ғалымның (Қ.Жарықбаев, С.Қалиев) көп жылғы этнопедагогикалық, этнопсихологиялық және де басқа теориялық біріккен ізденістерінің нәтижесі. Еңбек ұлттық педагогикаға қосылған үлкен үлес болды десек артық айтқандық болмас. Осы еңбек туралы белгілі ғалым-педагог Қ.Бөлеев былай дейді: «Әр кезеңдердегі педагогикалық ой-пікірлерге, шетел зиялыларының қазақтар туралы мерзімді басылымдардағы мағлұматтарға талдау жасалынған. Олардың тәлімдік ой-пікірлері айтылған шығармаларының мазмұндарының студенттерге тигізер әсері ерекше» [14. 152]. Бұл оймен келіспеуге болмайды.
С.Қалиевтың (Р.Ізғұттынова және Г.Жекімбаевамен авторлық бірлестікте) құрастырылған «Тәлім-тәрбие хрестоматиясы» жарық көрді. Онда қазақ халық педагогикасының асыл-арналары, бұлақтарымен көздерінен жастардың тәлім-тәрбиесіне байланысты халық шығармаларынан нақтылы мысалдар келтірілген.
Профессор С.Қалиевтің басшылығымен қорғалған кандидаттық диссертациялар авторларының тізімі:
Қабдыразахұлы Қобдабай. «Моңғол қазақтарының салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары және оны оқу жүйесінде пайдаланудың жолдары» 14.05.1993.
Ашайұлы Әбдікәрім. «Ұлттық педагогика негізінде оқу-тәрбие ісін ұйымдастыру (Баян-Олгий аймағында қазақ мектептері бастауыш класстарының тәжірибесінен) 04.02.1994.
Қоңыратбаева Тана. «Халық педагогикасы және оны оқу-тәрие ісіне ендіру жолдары (5-9 сыныптардан гуманитарлық пәндер негізінде) 20.04.1996.
Иманбаева Сәуле. «Оқушыларды ұлттық жауынгерлік дәстүр арқылы ерлікке баулудың педагогикалық негіздері» 30.09.1997.
Әбдиев Берік. «Қырғыз халқының этнопедагогикасының орта мектептің оқу-тәрбие жүйесінде қолдану» 13.04.1996.
Баймұратова Сәуле. «Шонановтың педагогикалық мұралары» 14.10.1997.
Терениязова Салиха. «Бастауыш мектеп оқушыларын педагогика халық негіздері» - 20.03.1999.
Нағымов Шахман. «Батыс Қазақстан мектептері тарихын оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану» 29.09.2001.
Иманбекова Бақытгүл. «А.Байтұрсыновтың педагогикалық ой-пікірлерін педколледждердің оқу-тәрбие үдерісіне енгізудің жолдары» 12.10.2001.
Рысбекова Гүлжанат. «ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстанда Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеялары ағартушылық қызметінің дамуы» 03.04.2001.
Ысқақова Райхан. «Тұрмыс-салт жырлары негізінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу» (9-сынып материалдары бойынша) 15.01.2003.
Имашева Айгүл. «Е.Брусиловскийдің музыка-педагогикалық мұралары» 02. 07. 2007.
Құрманбаева Майра. «Ғабдуллин мұраларындағы этнопедагогикалық құндылықтар арқылы оқушыларды отансүйгітікке тәрбиелеу» 21.10.2003.
Өтешова Баян. «Жоғары сынып оқушыларының дүниетанымын халықтық таным негізінде дамытудың шарттары» 10.11.2004.
Сеңкібаев Сабыр. «М.Жұмабаевтың тәлімдік ой-пікірлерін орта мектептің оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану жолдары» 27.12.2005.
Омарова Гүлнар. «Ұзақ жанрларды халықтық педагогика тағлымдарын бастауыш сыныпта пайдалану мүмкіндіктері» 21.10.2005.
Таңбаева Ғалия Занарияқызы. «Мектеп алды дайындығында оқу-тәрбие үрдісінде балалар әдебиетін пайдалану» 31.05.2005.
Мұратханова Райхан. «М.Дулатовтың тәлімдік мұрасы арқылы тұлға мәдениетін қалыптастыру» 5.05.2006.
Жұмашева Нұржауған Сәринқызы. «Болашақ балалар ұйымы арқылы бастауыш сынып оқушылырының тұлғалық қасиетін дамытудың педагогикалық шарттары» 31.11.2007.
Мамаева Жантөре Жәмішқызы. «ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр басындағы Маңғыстау өлкесіндегі оқу-ағарту ісінің тарихы және оны мектептерде пайдалану» 7.06.2008.
Дәуренбаева Жанар Абжанқызы. «Өлкетану материалдарын пайдалану арқылы негізгі мектептік оқушыларын елжандылыққа тәрбиелеу» 10.12.2008.
Иманбаева Сәуле. «ҚР әлеуиеттік даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық негіздері» 29.09.08 (док. дисс).
Абдікәрімова Тұрсынай. «Педагог-ғалым Ж.Аймауытов еңбектері арқылы студент жастардың тұлғалық қасиетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері» (докторлық дисс).
Құрсабаев Мұхамедрахым. «Оқушы жастарды Атамұра бағдарламасы арқылы тәрбиелеудің ғылыми-педагогикалық шарттары» 30.01.2009.
Педагог-ғалым Серғазы туралы үзеңгілес әріптестері, шәкірттері жүрек жарды сөздерімен былай деп толғанады: «Серғазы Қалиұлы – қанатын мәуелі бәйтеректей жайған, қазақ жастарының табиғат берген дарынының көзін ашып, ізгілік нұрын құйған, олардың ғылымда өз орнын табуына бағыт-бағдар беріп отырған ұлы жүректі батырлардың бірі деп айтсам артық айтқандық болмас, 2 ғылым докторын даярлап шығарды. Соның бірі менмін. Қазіргі таңда алыс және жақын шетелдерде ғалымның баптап ұшырған түлектері ұстазынан алған білімдерімен болашақ Қазақстан азаматтарын білім мен ғылым нәрімен сусындатуда» [15. 46] - Иманбаева С.Т., п.ғ.докторы.
Белгілі ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Таңбайқызы былай деген: «Қазақстанда этнопедагогиканың әдіснамасын жасаған ғалым, профессор Серғазы Қалиұлы».
«Көрнекті педагог-ғалым Серғазы Қалиев соңғы 35 жыл ішінде қазақ этнопедагогикасының теориясымен де тарихымен де тікелей айналысып, 48 кітап, 400-ге тарта мақала жазған, сөйтіп қазақ этнопедагогика ғылымына сүбелі үлес қосып, оның теориялық негізін салып келе жатқан майталман білгір ғалым» [16. 30] (Ұзақбаева С.А., Абылайхан атындағы әлем тілдері академиясының профессоры , п.ғ.докторы).
Қазақстанның көрнекті ғалым-педагогі, психологы, педагогика, психология ғылымдарының докторы, профессор Құбығұл Бозайұлы Жарықбаев өзінің ұлт тәрбиесінің төңірегінде авторлық бірлестікте еңбек еткен әріптесі Серғазы Қалиұлы туралы былай деген: «Жасы егде тартқанынша оның творчествосы қазір де бұрынғыша тасқындай түсуде. Соның айғағы - «Қазақтың 10 томдық тәлім-тәрбиелік антологиясын» жоспарлап, осы циклдің 6 томын баспадан шығарды деуге болады».
Н.Н. Нұрахметов химия ғылымдарының докторы, профессор: «Серғазы Қалиұлы өз өмірін ұлттың педагогика тарихына, теориясы мен практикасына арнауын ерекше құптауға тұрарлық. Әрі бұл салада шоқтығы биік заңғар тау сияқты, шәкірттерімен бірге тынымсыз еңбек етіп, көптеген істерді тындырып жүргенін ерекше ілтипатпен айтқан жан болар».
Біздің ойымызша, ұстаздың бағасын әділ беруші оның шәкірттері мен әріптестері.
Қазақ елі егемендігі мен тәуелсіздігін жариялағаннан кейін этнос, халық, ұлт педагогикасы мен психологиясын сан-салалы мәселелері жайлы зерттеулер пайда бола бастады. Тек соңғы кездері ғана өз алдына дербес отау тіккен ТМД елдерінде этнопедагогика, этнопсихология ғылымдары кеңінен өріс алып келе жатқаны белгілі. Ұлттық мәселелердің қырлары мен сырларын зерттеу кезінде әміршіл тотаритарлық жүйе қарсы болды. Өйткені жалған интернационализмнің жалауын көтеріп, комунизмді орнатуды мақсат еткен қоғамға ғылымның осы саласы қатесіз еді. Сондықтан этнопсихология, этнопедагогикалық мәселелер тек оқтын-оқтын Лениндік ұлт саясаты жайлы желең сөз болғанда ғана жекелеген ғалымдардың жол-жөнекей ат үсті жазған еңбектерінде сөз болып келген. Ғалым бұл кезде әлі этнопедагогика мен этнопсихологияны да, зерттеу обьектісін де, ұғымдарын да бірізге түскен жоқ деп тұжырымдайды. Сондықтан ғалымның пайымдауынша, еліміздегі тыныс-тіршіліктің кез-келген саласында ұлттық ерекшеліктерді ескермей, бұларды ғылыми тұрғыдан сараптамай тиянақты жұмыс жүргізу қиын деп есептеді. Әсіресе, Қазақстан секілді көптеген ұлт өкілдері мекендеген елдің этнопсихологиясымен, этнопедагогикасымен үнемі санасып отыруы аса маңызды деп санаймыз. Мәселен, әртүрлі этностар мен халықтардың ұлттық мүдделерін, халықтарын қорғау, олардың әрқайсысының дәстүр-салты мен әдет-ғұрпын ұқыптылықпен қарау, көптеген ұлт өкілдері мекендеген елде этнос психологиясы мен санасып отыру аса маңызды. Ғалым С.Қалиев өзінің өткен ғасыр аяғында жазған еңбектерінде ұлттық рухы құрып кетуге аз-ақ калған қазақ ұлты үшін этнопедагогикалық зерттеулер ерекше маңызды деп санады. Ғалым-педагог Қ.Б.Жарықбаев егемендіктің алғашқы жылдарында «Қазақтардың зерттеулерінде батыстық әдістеме тәсілдері көп пайдаланылады. Бізде патшалық отарлау, большевиктік империялық саясат тудырған келеңсіз қасиеттер де баршылық. Осы кезеңдерде қанымызға әбден сіңген даңғазалық, арызқойлық пен жалақорлық, салғырттық, жалқаулық пен жалағайлық т.б әлі күнге дейін алдымызға оралып, жаңа заман талабына бейімделуге бөгет болуда».
Ұлттық ерекшеліктеріміздің психологиялық, педагогикалық астарларын зерттеуде ғалымдар ештеңе бітірген жоқ деген ойдан аулақпыз. 1970-1990 жылдары М.Мұқановтың «Ақыл-ой өрісі», «Қазақ мектебіндегі оқу-тәрбие процесінің аспектілері, Қ.Б.Жарықбаев, С.Қалиевтың «Қазақ тәлім-тәрбиесі» (1995), этнопедагогика мен этнопсихология ғылыми жинақтары басылып шықты. Ұлттық ерекшеліктердің ұлттық сезімдер, қасиеттер арқылы көрініс беретінін, оның ұлт тілдері мен ұлт мәдениетінен айшықты орын алатынын айта келіп, Елбасы Н.Ә.Назарбаев оның өмірден орын алатын тұрақты құбылыс екенін, оны жою мүмкін еместігін, әрбір ұлттың, мәдениеттің беріктігі, ұлттық қағидалардың қоғамда қозғаушы күш екеніне және оның тәлімгерлік роліне назар аударады. Соңғы жылдар төңірегінде этнопедагогика мәселелерін зерттеуде, мектептерге арналған методикалық құралдар, оқулықтар, бағдарламалар жасалғанын айтуымыз керек: «Әдеп әліппесі» (Ә.Табылдиев), «Әдептану негіздері» (Қ.Жарықбаев), «Қазақ этнопедагогикасы» дәрісінің бағдарламасы (С.Қалиев), орта мектептердің Х сыныбына арналған «Әдеп сабағының бағдарламасы» (С.Қалиев, С.Иманбекова), «Ұлттық экологиялық тәрбие бағдарламасы» (С.Қалиев, Р.Мұратханова), «Ақын-жыраулар поэзиясындағы педагогикалық ой-пікірлер» (С.Қалиев), «Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі» (С.Қалиев), «Мектепте Ғ.Мүсіреповтың шығармаларын оқыту жолдары» (С.Қалиев) т.б. Жоғарыда көрсетілген еңбектер жастарды ұлттық рухта тәрбиелеуде игі әсерін тигізуі хақ. Белгілі философ, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі Ғ.Есімов өзінің «Сана болмысы» еңбегінде ұлттық менталитет (діл), ана тілі, ұлттың мәдениет, қоғамның бүгінімен болашағы - жастар тәрбиесі туралы өзекті мәселелер, «Тұлға» деген кімдер?, ұлттық менталитет деген не? - деген сұрақтарға жан-жақты түсінік берген. Ғалымның қазақ ұлтының менталитет, ұлттық тіл мен мәдениетін өркендету жөніндегі ой-пікірлері құптарлық нәрсе. Әрі қарай ғалым былай дейді: «Бүгінде қалаларда ұлттық жаңа менталитет қалыптасып келе жатыр. Әрбір тарихи құбылыстың өзінің дәуірі, дәурен сүретін кезеңі бар. Ғылым, адам, қоғам, таным, дәстүр, салт, ғұрып енді қалада дамуы тиіс. Дәл қазіргі мәселе - ұлттық менталитетімізді қаладан іздеуіміз керек. Оған өтпелі кезең деп қарау қателіктерге соқтырады. Ұлттық мәдениетті жылына бір рет Наурыз мейрамы кезінде марапаттаумен ғана шектелу тиісті нәтиже бермейді» [17. 123]. Бұл оймен келісе отырып, егемендік алғанымызға 20 жыл толды. Еліміз үлкен қарқынмен дамып, өркениетті елдермен терезесі тең болуға жарап қалды деген артық айтқандық болмас. Дегенменде, жастардың тәлім-тәрбиесі туралы ойлардың негізін ежелгі ғасырлар қойнауынан, бабалардың асыл қасиеттерінен, тәжірибесінен, халқымыздың салт-дәстүрінен іздеп, зерттеу керектігін айтудан жалықпау керек деп ойлаймыз. Еліміз егемендік алуымен қоғамның мектепке қатынасы өзгеріп, қазақтың ұлттық мектебін жасау туралы педагогикалық ақпарат беттерінде өте бағалы әртүрлі ой-пікірлер айтыла бастады. Мысалы, ғалым-педагогтар Қ.Б.Жарықбаев [18], К.Шаймерденова [19], С.Ұзақбаева [20], Ә.Табылдиев [21], Қ.Бөлеев [22], К.Қожахметова [23], Ж.Асанов [24], І.Р.Халитова [25] т.б. Қазақтың ұлттық мектебін жасау, онда ұлттық тәрбие беру проблемаларын жан-жақты зерттеп, қомақты-қомақты еңбектерін, оқулықтарын, оқу және әдістемелік құралдарын жарыққа шығарды. Ұлттық мектеп жасауға, онда ұлттық тәрбие беруге мемлекет тарапынан бірнеше тұжырымдамалар мен құжаттар шығарылды. Олар: «Қазақстан Республикасында жалпы орта білім беретін мектептердің тұжырымдамасы» [26. 23], «Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы» [27. 40], «Қазақстан Республикасының этникалық-мәдени білім тұжырымдамасы» [28. 56]. Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беруді іске асыру үшін авторлық бағдарламалармен қазақ мектептері жұмыс істеуде М.Құрсабаевтың «Атамекен» [29. 32], З.А.Ахметованың «Кәусар бұлақ», Ә.Сәдуақасовтың «Дәстүр», Республиканың педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді ұлттық тәрбие беруге дайындау жұмыстары да біршама жүргізілуде. Олар: «Қазақ этнопедагогикасы» (Қ.Б.Жарықбаев, С.Қалиев З.Әбілова), «Қазақ халқының этнопедагогикасы (Қ.Бөлеев) бағдарламасы. Бұл еңбектер бойынша болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбиеге дайындауда нақты іс-тәжірибелер мен ғылыми ізденістер өз нәтижесін беріп келеді. Қ.Жарықбаевтің, С.Қалиевтың, З.Әбілованың және Қ.Бөлеевтің бағдарламалары болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге дайындаудың мазмұнын жасауға арналған. Ол бағдарламаларда қазақ этнопедагогикасының теориялық, практикалық және тарихи мәселелері жан-жақты қарастырылады. Солардың мазмұндары арқылы болашақ мұғалімдер оқушыларға ұлттық тәрбие берудің әдістемесімен танысады. Еліміздің тәуелсіздік алуына байланысты халқымыздың ежелгі тарихы мен бай мәдени қазынасының білімдік, танымдық, тәлімдік мүмкіншіліктерін зерттеудің қажеттілігі артып отырғаны белгілі. Халыққа білім беру мен руханият салаларын дамытудың стратегиялы бағытына айналып отыр. Осы мақсатты іске асыру жолында Ы.Алтынсарин атындағы қазақ білім академиясы президентінің 2003 жылғы бұйрығымен Қазақстандағы педагогикалық ойлардың 30 ғасырлық даму тарихын зерттеумен айналысатын педагогикалық-зерттеу орталығы ашылды. Бұл орталық туралы профессор С.Қалиев «Педагогикалық ғылыми-зерттеу орталығы немен айналысады?» [30. 18] деген мақаласында былай деп жазды: «Ежелгі дәуірден ХХ ғасырдың соңына дейінгі Қазақстандағы тәлімдік ойлардың даму тарихы» атты тақырыпта ғылыми жұмыспен айналысады... Осыған орай жүргізіліп отырған ғылыми-зерттеу жұмысы қазақстандағы тәлімдік ойлармен оқу-ағарту істер тарихын кезең-кезеңге бөліп, бүгінгі күн тұрғысынан қайта қарастыру мақсатын көздеп отыр. Себебі, кешегі кеңестік дәуірде ұлт мәдениетіне біржақты баға беріліп келгенін жасыруға болмайды. Бұл ғылыми-зерттеу жұмысының бұрынғы зерттеулерден тағы бір айырмашылығы ұлт мәдениетінің негізіне VI ғасырдан Орхон-Енисей жазба ескерткіштері алынып қана келсе, енді көне түркі мәдениет тарихын әріректен «Авеста» кітабы мен діни қолжазба, оқулықтармен дастандардан бастауды қажет деп отырмыз. Ол ежелгі Қазақстан халықтарының көне мәдениетінің көкжиегін кеңейте түсуді көздеуден туған ой.
Қазіргі кезде профессор С.Қалиев қазақтың тәлімдік антологиясының 30 ғасырлық тарихын қамтитын он томдықты басып шығару жолында үлкен еңбек ету үстінде. Қазірде еңбектің 6 томы жарық көрді. Қазақстанның көрнекті ғалымы, профессор Н.Н.Нұрахметов бұл еңбектің маңызы туралы былай дейді: «Мұндай атан түйе көтеретін жүк, Серғазы Қалиұлының даңғайыр ғалым, іскер ұйымдастырушы, өзі әдебиетші, өзі тарихшы, әрі этнографтың ғана қолынан келеріне шек келтіруге болмас». Бұдан артық ғалымға баға болмас деп есептейміз.
1990 жылы К.Б.Жарықбаев бен С.Қалиевтың құрастыруымен «Қазақтың тәлім-тәрбие тарихы» факультативтік курсының 1992 жылы С.Қалиев, М.Оразаев, М.Смаилованың «Қазақтың салт-дәстүрлері» атты бағдарламалары, 1992жылы Қ.Б.Жарықбаевтың «Әдеп және психология» атты бағдарламасы жасалынды. 1994жылы Р.Төлеубекованың «Бала тәрбиесіндегі халықтық педогогика» атты оқу-әдістемелік құралы жарық көрді [30. 140]. Бұл еңбекте бүгінгі кездегі ұлттық педогогика тұрғысынан жалпы тәрбиенің, оның ішінде адамгершілік сана-сенім адамгершілік қасиеттер ұғымдарына, қазіргі педогогика және психология ғылымдарының жетістіктеріне сүйеніп, анықтамалар берілген. Белгілі ғалым-педагог, профессор К.Ж.Қожахметова «Мектептің ұлттық тәрбие жүктемесі» атты оқу құралында ұлттық, мәдениеттік, әдет-ғұрыптың, салт-дәстүрлердің тағдыры мен болашағы, мектептегі жас ұрпаққа тәрбие беруге байланысты екен. Ұлттық тәрбие туралы түрлі кезеңдегі ағартушылар мен ғалым педагогтардың мектептегі ұлттық тәрбиенің маңызы туралы және қазақ халқының зиялы азаматтарының ұлттық мектеп пен тәрбие туралы ой-пікірлерімен дәлелденген. Профессорлар С.А.Ұзақбаева мен Қ.Ж.Қожахметованың 1996 жылы «Қазақ этнопедагогикасы материалдарын педагогикалық пәндерді оқытуда пайдалану» атты методикалық құралы жарық көрді. Бұл еңбекте қазақ этнопедагогикасының материалдарын «Педагогика» курсында қаралатын «Тәрбие жұмысының әдістемесі» атты арнаулы курстың 9 тақырыбына пайдаланудың жолы анықталған. 1999 жылы профессор Ж.І.Асанов «Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық даярлығының теориясы мен практикасы» атты монографиясы жарық көрді. Еңбекте ғалым-педагог жеке тұлғаның тұрпаттық қасиетін және болашақ мұғалімдердің кәсіби іс-әрекетін этнопедагогикалық негізде қалыптастырудың ғылыми-теориялық және әдістемелік проблемаларын шешуді ұсынған. Монографияда автор болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлығына байланысты әдебиеттерді жан-жақты талқылап, этнопедагогикалық білім берудің философиялық, психологиялық, педагогикалық проблемалары мен этнопедагогиканың әдіснамалық негіздерін берген.
Профессор Қ.Бөлеевтің 2004 жылғы «Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау» атты монографиясы баспадан шықты. Еңбекте автор болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге дайындау тұжырымдамасы, қазақ ұлттық мектебін құру, ұлттық тәрбие берудің мазмұны, формалары, әдіс-тәсілдері жасалынған.
Еңбекте автор «Ұлттық мінез», «Ұлттық тәрбие», «Ұлттық сана» ұғымдарына анықтама беруге талпынған. Ғалым: «Егер ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, жеке тұлғаны тәрбиелесе және оқытса, ол ұлттық тәрбие алады. Сонда ғана оның ұлттық мінезі, санасы, намысы, дүниетанымы, ұлттық сипаты дамып, біртұтас болып қалыптасады» - дейді. Бұл оймен келіспеуге болмайды. Бұл бөлімді профессор Серғазы Қалиұлының сөзі мен аяқтауды жөн көрдік: «Әр халық өзіне тән ұлттық жүйесінсіз, қоғамдық кеңестікте жеке ұлт болып өмір сүруі мүмкін емес. Онсыз халық әлеуметтік феномент ретінде өзінің ұлттық дербестігін сақтай ала алмайды. Олай болса, ұлттық қасиет қастерленбеген жерде адамгершілік ұстанымдарының аяқасты болуы, басқа халықтарды кемсіту, шовенистік көзқарас, қала берді, қырып-жою сияқты фашистік идеялардың үстемдік құруы мүмкін» [32. 203].
Сондықтан да этнопедагогика - халықтардың этнопедагогикалық мұраларының гуманистік, адамгершілік қарым-қатынасына құрылған, ұлттық саясаттағы теңдікті, достықты дәріптейтін тәрбие құралының ролін атқарып отыр.
Ғалым-педагогтың этнопедагогикалық зерттеулерінің негізгі бағыттары:
Салт-дәстүрлердің ұрпақты тәрбиесіндегі ролі және олардың ғасырлар бойы қоғамда атқарған қызметі;
Халық педагогикасының тәрбиедегі басты қағидалары;
Мақал-мәтелдер мен өлең-жырларда, терме, тақпақтармен өнегелі өсиет сөздер, аңыз әңгімелер, тыйым сөздер;
Қазақ тәлімінің тарихы;
Жас ұрпақты өмірге дайындау: «Сегіз қырлы, бір сырлы» азамат тәрбиелеу;
Адамгершілік, имандылық, ар-ожданды қастерлеу;
Қазақтың ауыз әдебиетінің үлгілерін тәрбиеде тиімді пайдалану жолдары;
Ата-бабалардың қолданып келген үздіксіз тәрбие ісінің әдіс-тәсілдерін бүгінгі педагогика талаптарына сай қолдану;
Жас ұрпақтың ұлттық мінез-құлқын, келбетін қалыптастыру мәселелері;
Ұлттық идеология мәселелері;
Халқымыздың табиғатпен етене туыстығын, оны аялай білгені, туған жер табиғатын қорғау, ізгілікке баулу;
Білім беру ісімен ұрпақ тәрбиесін этнопедагогикаландыру;
Жас ұрпаққа тәуелсіздіктің қадір-қасиетін санасына сіңіру;
Этнос аралық қарым-қатынасты реттеп отыру, ұлттар мәдениетінің кірігуіне қолдау көрсету мәселелері;
Ұлттық тіл мен ұлттық мәдениетті ұлықтаудың әдіс-тәсілдері;
Жас ұрпақтың туған тарихын білу.
Осы көрсетілген мәселелер аясында ғалымның жазылған еңбектерінде егемендікке қол жеткізгеннен бері халық тағылымдарын ұрпақ тәрбиесінде пайдалануда бірсыпыра озық тәжірибелер жинақталғанын айта келе, кемшіліктердің беттерін аша білді. Енді осы мәселе жөнінде С.Қалиевтың өз сөздерін келтірейік: «Өкінішке орай, бүгінде көшеде, көлікте, оқу орындарының ауласында бір-бірімен қазақша сөйлесуді ар көріп, орысша тілдесіп тұрған жастарды көргенде жігерің құм болады. Оларға қазақ тілі мемлекеттік тіл ғой. Оны сендер қадірлемегенде, кім қадірлейді, бір-біріңмен қазақша сөйлеспейсіңдер ме? – десеңіз, олар «Мен қазақша білмеймін» деп жауап береді немесе қай тілде сөйлеу менің өз еркім ғой. Оған кіріспеңіз» - дейді.
Ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуде де науқаншылық басым екені құпия емес. Бұл мәселе көбінесе ұлттық мейрамдар кезінде ғана еске түседі. Ұлттық олимпиадалар мен спортакиядалар әр ауылда, қалада үнемі өткізіп отырады, бұл мәселе телеарналар мен радиотолқындарынан да тұрақты орын алса екен. Ұрпақ ұлттық салт-дәстүрді терең сезіне білсе, ұлттық тәрбиенің тарихына, бастау бұлағына тереңірек үңіле білуіміз керек. Себебі, тарихын білмеген, салт-дәстүрлермен ұлттық өнердің қадір-қасиетін терең сезінбеген азаматтық, Отаншылдық намысы оянбайды. Басқаларға құлдық ұрып, бас июмен, бағынышты пенде болумен өтеді. Осы мәселемен дерек көздеріне қарасақ ғалым 30жылдан аса айналысып келгендігін байқаймыз.
Жоғарыда көрсетілген еңбегінде ғалым ұлттық мәдени мұраның негізгі ұрпақ тәрбиесінде – халықтық педагогикада жатқанын айта келе, «Ол сонау біздің жыл санау дәуірімізден бұрынғы 1 мыңжылдықтағы көне сақ, ғұн дәуірінен, Анархис, Заратуштра, Моде, Томмирис мұраларынан, одан кейінгі V-VII ғ. Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінен бастау алады. Тоныкөк, Еділ, Едіге, Тоқтамыс, Ақсақ Темір мұралары бізге жат емес. Олардың бәрі Көне түркі мәдениетінің бастау бұлағы». Ғалым 30 ғасырлық тәлімдік мұраның 10 томдық антологиясын шығару жолында үлкен зерттеулер жасап келеді.
Ғалым-педагог С.Қалиевтің этнопедагогикалық зерттеулері. (Газеттер-журналдардағы мақалалар):
Әнет баба - бабалардың бабасы. Алматы ақшамы, 25.05.2007.
Ұлт тәлімін таразылап. Қазақ әдебиеті, № 29, 22.07.1994.
Ұлттық тәрбиенің мәселелері. Өркен, 28.11.2000.
Антология - тәлімдік мұра бастауы. Қазақстан мұғалімі, 19.12. 2008.
Этнопедагогиканың методологиялық негіздері. АГУ хабаршысы, №20, 1994.
Мағжан және халық педагогикасы (Мағжанның 100 жылдығына арналған конф. мателиялы). Қазақстан мұғалімі, №13, 1993.
Халықтың педагогиканы оқу-тәрбие жұмысын енгізудің ғылыми- әдістемелік негіздері. Қазақстан мұғалімі, № 4, 19.01.1993.
Жақсы дәстүр жалғасын тапсыр (Халық педагогикасы жайында түйген ойлар). Торғай таңы, 1.10.1992.
Тәрбиенің озығыды бар, тозығыда бар (Халық педагогикасын насихаттау хақында). Қазақстан мұғалімі, 5.04.1991.
Халық педагогикасының қасиеті. Қазақстан мұғалімі,15.11.1991.
Халық тәрбиесінің дәстүрлері. Қазақстан мұғалімі, 18.01.1991.
Ұлттық тәлім-тәрбиенің асыл анасы (Проф. Қ.Жарықпаев пен бірге). Өркен, № 50, 51, 52. 6.02.1990.
Абай және халық педагогикасы. «Семей қаласындағы Абай және Пушкин шығармаларының үндестігі» атты халықаралық конференцияның пленарлық мәжілісінде жасалған баяндама. 19.08.2007.
Көне жазба мұралардағы тәлімдік ойлар. Мақал. Тәрбие құралы, №1, 2007.
Қазақ ағартушыларының дін жөніндегі ой-пікірлері. Тәрбие құралы, №1, 2007.
Ә.Диваев - этнограф, мәдени мұраларды, жинаушы және зерттеуші. АГУ Хабаршы-вестник, №4, 2008.
Қарасөз ғибратының кейбір мәселері. Тәрбие құралы, №3.2004.
Көне жазба мұралар тағлымы. Мақала. Ұлт тағлымы, №1, 2005.
Қазақ ертегілерінің тәлімдік мәні. Мақала. Тәрбие құралы, №1, 2005.
Халық педагогикасының тағылымдары. Бастауыш мектеп, 199, №3.
Халық педагогикасы хақында. Мұрагер, №1, 1992.
Тәлім-тәрбие мектебі. Ақиқат, №8,1992.
Базар өлеңдеріндегі тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер. Қазақстан мектебі, №1, 1992.
Қазақ этнопедагогикасының қоғамдық ғылымдармен байланысы. АГУ хабаршысы, №21, 1995.
Халық педагогикасының білгірі (М.Әлімбаевтің еңбектері туралы). Қазақстан мектебі, № 3, 1996.
Ұлы билердің ұстазы. Абай журналы, №1, 1997.
Ұлттық педагогиканың негізгі қағидалары. Бастауыш мектеп, 2, 1994.
Қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы. Ұлағат, №3,1995.
Абай Құнанбаев және қазақтың салт-дәстүрлері. Қазақ тілімен әдебиеті, №10-12, 1992.
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз. Бастауыш мектеп, №3,1991.
Профессор С.Қалиевтың авторлығымен жарияланған этнопедагогикалық еңбектер тізімі:
Программа спецкурса «Национальные аспекты и воспитания в Казахстане для студентови педвузы и университетов (в со авторстве с проф. К.Жарыкбаевым). Алматы: РУМКА, 1990, №12.
Қазақтың тәлім-тәрбие курсының бағдарламасы (орта мектептің Х-ХІ сынып факультативтік сабақ үшін) проф. Қ.Жарықбаевпен бірге жасаған. Алматы: РУМКА, 1990.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері (ХІІІ-ІХ сыныпқа арналған факультативтік курс үшін). М.Оразаев, М.Смайловалармен бірге. 1-5 б.
Қазақ этнопедагогикасы дәрісінің бағдарламасы. (Университеттер, пединституттар студенттерінің студенттеріге арналған) проф. Қ.Жарықбаев, доцент З.Әбіловалармен бірлестікте жасаған.
«Әдеп әліппесі» пәні бағдарлама жобасы Ә.Ашайұлымен бірге. Бастауыш мектеп, №2-3, 1994.
«Қазақ халқының салт-дәстүрлері» (VІІІ-ІХ сыныпқа арналған факультативтік курс үшін М.Оразаев, М.Смайловалармен бірге), 1996.
Қазақтың педагогика тарихының бағдарламасы. (Орта мектептердің Х-ХІ сыныптарға арналған факультатив курс үшін) Қ.Жарықпаевпен бірге. Алматы: «Рауан», 1998.
Орта мектепте Ғ.Мүсіреповтың өмірімен творчествасын өтуге арналған синтетикалық таблица. Алматы: Мектеп, 1978.
Этнопедагогика пәнінің бағдарламасы. (педколледждерге арналған Б.Иманбековамен бірге), 2003.
Ұлттық экологиялық тәрбие бағдарламасы орта мектеп Х-ХІ сыныптары үшін. Алмат: ҚМБЖИ. 2007.
Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі. Алматы: «Мектеп», 1986, 86 б.
Ақын-жыраулар поэзиясындағы педагогикалық ой-пікірлер. Алматы: «Рауан», 1990, 86 б.
Қазақ халқының тәлім-тәрбие тарихынан (профессор Қ.Б. Жарықбаевпен бірге). Алматы: «Кітап», 1992, 244 б.
Қазақ этнопедагогикасының туу және даму тарихы. (монография-депонирования). Алматы: 1994, 255 б.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері және демократ-ағартушылары. Алматы: РБК,1993, 47 б.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері (М.Оразаев, М.Смайловалармен авторлық бірлестікте). Алматы: «Рауан», 1994, 244 б.
Антология педагогической мысли Казахстана. (Сост. Профессор К.Жарыкбаев, С.Калиев). Алматы: «Рауан», 1995, 512 стр.
Тәлім-тәрбие хрестоматиясы (Р.Ізғұттынова, Г.Жексенбаевалармен авторлық бірлестікте). Алматы: «Кітап», 1994, 76 б.
Қазақ этнопедагогикасының теориялық мәселелері және тарихы. Алматы: «Білім», 1999, 160 б.
Қазақ тәлімінің тархы. (С.Қалиев, Ш.К.Беркімбаева ). Оқу құралы, Алматы: ҚМҚПИ, 2004, 205 б.
Этнопедагогикалық хрестоматия. Жоғары оқу орындары студенттері үшін. Хтестоматия (әдістемелік құрал). К.Аюбаймен бірге. Астана: «Арна», 166 б.
«Этнопедагогика». Арнаулы арна оқу орындарына арналған оқулық. Астана: «Полиант», 2007.
Этнопедагогика. Оқулық.( Ж.Молдабеков, Б.Иманбековалармен авторлық бірлестікте). Кәсіптік лицей, гимназия оқушылары үшін. Астана: «Фолиант» 2007, 66 б.
Халық педагогикасының тағылымдары. Бастауыш мектеп, 1991, № 2.
Тәлім-тәрбие мектебі. Ақиқат, №8, 1992.
Қазақ этнопедагогикасының методологиялық негіздері. АГУ хабаршысы, №21,1995.
Ұлы билердің ұстазы. «Абай» журналы, №1, 1997.
Халық педагогикасының алыбы (Ақын М.Әлімбаевтың еңбектері туралы). Қазақстан мектебі, №4,1996.
Ұлттық педагогтканың негізгі қағидалары. Бастауыш мектеп, №1, 1994.
Қазақ этнопедагогикасының туып қалыптасуы. ІІІ сбор Киргизия, 1997, 128-131 б.
Этнопедагогика және ғылыми педагогиканың өзара байланысы және өзіндік ерекшеліктері. «Этнопедагогика және бүгінгі оқу тәрбие ісі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция материялы. Алматы: 20-21 мамыр, 1994.
Мектепке ұлттық айшық. «Ақ желкен журналы» №6, 1990, қараша.
Халық педагогиаксы хақында. «Мұрагер», №1, 1992.
Абай және халық дәстүрі. «Абай», №4, 1996.
Т.Тәжібаев және халық педагогикасы. «Ұлы тағлымы», №2, 2000.
Ұлттық ерлік дәстүрлерінің кейбір теориялық мәселелері. «Ұлт тағлымы» журналы, №4, 5, 2000.
Ұлттық тәрбиенің өзекті мәселелері. Республикалық ғылыми-теориялық конф.мат. Алматы: «Дарын» орталығы, 2000, мамыр.
Қазіргі оқу-тәрбие жүйесін этнопедагогикаландырудың теориялық мәселері. Мат.респуб.научнипедагогической конференции, ноябрь, 2000.
Өткеннен өнеге ала білейік. «Зерде» журналы, №3, 2004.
Қазақта қарттар - үлкен ұстаз. «Қазақ тарихы» журналы, №1, 2000.
Достарыңызбен бөлісу: |