Асанканова шолпан агытаевна


Ғалым-педагогтің ұлттық тәлім-тәрбие туралы ой-пікірлерін сабақтан тыс жұмыстарда қолдану жолдары



бет4/6
Дата09.11.2016
өлшемі1,34 Mb.
#1392
1   2   3   4   5   6

2.2 Ғалым-педагогтің ұлттық тәлім-тәрбие туралы ой-пікірлерін сабақтан тыс жұмыстарда қолдану жолдары
Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің, оның ішінде ұлт жандылық тәрбие берудің бағдарлы идеялары еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2030» атты халыққа Жолдауында «Олар... күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады және Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында»: «Білім беру жүйесінің басты міндеттері: азаматтық пен елжандылықты, өз Отанының – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілік, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен Республикасының басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс және шетел тілдерін меңгеру» - деп айрықша атап көрсетілген. Осыған орай белгілі ғалым-педагог, профессор С.Қалиевтың өмір жолдарын, ғылыми-педагогикалық этнопедагогикалық ой-пікірлері, басқа да зерттеулері негізінде болашақ педагогтарды кәсіби жағынан даярлауда пайдалану қажет деп ойлаймыз (Кесте – 1).
Кесте 1 - Серғазы Қалиевтың ұлттық тәлім-тәрбие туралы идеяларын жүзеге асыру бағдарламасы

р\с

С. Қалиевтың жастарға ұлттық тәрбие беру туралы идеялары

Негізгі шығармалары

С. Қалиевтың идеяларын жүзеге асыру жолдары

Сабақ үстінде

Сабақтан тыс уақытта

1.

Ұлттық салт-дәстүрлер арқылы балаға ақыл-ой, адамгершілік, дене, денсаулық, еңбек тәрбиелерін беру, мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.

1.«Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы». 2.«Тәрбие – мемлекеттік мәселе». 3.«Тәрбие хрестоматия сы». 4.«Оқушылар дың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері».

Этнопедагогика сабағында «Қазақтың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары», «Халық педагогикасының қағидалары» тақырыптары бойынша ғалым идеяларын қолдану; Пеадгогика курсы бойынша: «Эстетикалық тәрбие», «Ақыл-ой тәрбиесі», «Дене тәрбиесі», «Еңбек тәрбиесі» тақырыптарының мазмұнын түсіндіруге пайдалану. «Тұлғаны қалыптастырудағы тәрбиенің шешуші ролі» атты тақырыпта қолдану.

Үй тапсырмасы: «Сегіз қырлы бір сырлы» адам тәрбиелеудегі ғалымның қағидалыр туралы идеялары негізінде эссе жазу.

2.

Халық педагогикасымен ғылымы педагогикалық қағидалар үндестігі. Тәрбие міселесін сөз еткенде ұлттық тәрбиеге, оның ішінде қазақ халқының ежелгі салт-дәстүріне, елді, жерді қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлуге тура келеді. Біздің ата-бабамыз көлеміне 3 франция сиятын байтақ даласын шетел басқыншылары нан мыңдаған жылдар бойы ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қасықтай қаны қалғанша қорғап, 360 соғысты бастан кешірді.

1.«Қазақ этнопедагогикасының теориясы мен тарихы». 2.«Оқушылар дың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалы негіздері». 3. «Қазақ тәлім-тәрбиесі», «Ұлттың қамын жұмыла жоқтайық».

«Тұлғаны қалыптастырудың факторы», «Тәрбие принцптері (қағидалары)», «Отбасы тәрбиесі», тақырыптарының мазмұнын, әдіс-тәсілдерін қткенде қолдану. Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Әуезовтың педагогикалыө көзқарастарын талқылағанда пайдалану. «Патриоттық тәрбиенің мазмұны, әдістері» тақырыбында пайдалану.

Реферат жазу: «С. Қалиев еңбектерін дегі тәрбие қағидалары ның халық педагогика сындағы орны», «Қазақ отбасындағы тәрбиенің халықтық сипаты». Пресс-конференция өткізу: 1.Ұлттық сезім; 2. Ана тілім – тұғырым.


3.

Отанын, ұлттық мәдениетін сүйетін арлы, намысқор, саналы, өнегелі, парасатты азамат тәрбиелеу.

1.«Қазақ халқының тәлім-тәрбие тарихынан». 2.«Халық педагогикасы және оның ауыз әдебиетіндегі көрінісі».

«Имандылық, адамгершілік тәрбиесі», «Еңбек тәрбиесі», «Патриоттық тәрбие» тақырыптарын өткенде ғалым идеяларын келтіру.

Эссе жазу: «Дін – имндылық көзі». Тезистерді аяқтау: 1.Ұлттық қадір-қасиеті – ол... 2. Отанға деген сүйіспеншілік – ол...

4.

Әр кездегі ғұламалардың, ақын-жыраулардың, ағартутушы-демократтардың шығармаларының мазмұндарының студенттерге тигізер әсері ерекше.

1.«Қазақтың тәлімдік ой-пікірлер антологиясы» 1, 2т. 2. «Қазақ тәлім-тәрбиесі». 3.«Тәлім-тәрбие хрестоматия сы». 4. «ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. басындағы педагогикалық және психологиялық ой-пікірлер».

«Эстетикалық тәрбиенің мазмұны, әдіс-тәсілдері», «Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, С.Торайғыровтың педагогикалық көзқарастары» тақырыбында пайдалану.

1.«Ш.Уали ханов - қазақтың алғашқы ғалымы» (реферат). 2. «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» (шығарма).

5.

Қай халықтың болмасын салт-дәстүрлеріндегі идеялық үндестік олардың дүниетану көзқарасымен, діни наным-сенімдерімен байланысты туып, шаруашылық тұрмыстық кәсібімен ұштасып жатады.

1.«Қазақ этнопедагогикасының теориясы мен тарихы». 2.«Қазақ халқының салт-дәстүрлері және демократ-ағартушыла ры».

«Имандылық тәрбиесі», «Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру». Этнопедагогика курсы бойынша «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» тақырыптарына ендіру.

Реферат: 1.«Қазақ халқының бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлері». 2. «Қазақтың тәрбиеге байланысты мақал-мәтелдері».

6.

Жастарды шешендікке, сөз өнеріне үйрету үшін әке-шешелері, ата-әжелері оларға мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, терме, өлең-жыр жаттату керек.

1.«Тәлім-тәрбие хрестоматия сы». 2.«Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері». 3.«Халық педагогикасы және оның ауыз әдебиетіндегі көрінісі».

«Эстетикалық тәрбие», «Ақыл-ой тәрбиесі» тақырыптарының мазмұнын ашқанда пайдалану.

1. «Сөз мәйегі – мақал-мәтел» (шығарма). 2. Қазақтың термелерін жаттау (Нұртуған, Бұхар жырау).

Ғалымның пайымдауынша, адамгершілік – адамның рухани арқауы, оны ұрпақ тәрбиесінде қалыптастыруда қазақ халқында негізінен эпостық жырлармен фольклорлық шығармаларының, соның ішінде ауыз әдебиетің орны ерекше болғанын атап көрсетеді. Бұл пікірлерді сабақтан тыс жұмыстарда пайдаланып, жас ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық салт-дәстүріміз бен халықтық өнеріміз негізінде жүргізіп отыру қажет деп есептейміз. Сондықтан да күллі дамуымыздың бағыт-бағдарына, болашағымыздың жарқындығына тікелей қатысы бар ұлттық тәлім-тәрбие мәселесі бүгінгі өміріміздің өзегі бола бермек деп ойлаймыз. Оның үстіне Қазақстан Республикасында тұратын әртүрлі ұлттар мен ұлыстар қазіргі кезде өз тілін, өз мәдениеті мен салт-дәстүрлерін қалпына келтіре отырып, оны жас ұрпақты тәрбиелеу мақсатында пайдалануда игі істер атқарып жатқаны бұл мәселеде оның мәні мен маңызын одан да жоғары арттыру қажеттілігіне күмән туғызбайды.

Серғазы Қалиевті қазіргі жастарға ұлттық тәрбие беру мәселелері үнемі толғандырып, ол туралы зеттеулер жургізуден жалықпаған ғалым-педагог десек артық болмас. Ғалым қазір оқу-тәрбие жүйесін этнопедагогикаландырудың теориялық мәселелерімен айналысып: «Әр халық өзіне тән ұлттық жүйесінсіз, қоғамдық кеңістікте жеке ұлт болып өмір сүруі мүмкін емес. Онсыз халық әлеуметтік феномен ретінде өзінің ұлттық дербестігін сақтап қала алмайды. Олай болса, ұлттық қасиет қастерленген жерде адамгершілік ұстанымдардың аяқасты болуы басқа халықтарды кемсіту, шовинистік көзқарас, қала берді қыру-жою сияқты фашистік идеялардың үстемдік құруы мүмкін» - дейді. Сондықтан да «Этнопедагогиканы халықтардың қатар, тең праволы өркендеуге қуаттайтын этностық мәдениеттік жүйесі ретінде ұсыну орынды. Халықтардың этнопедагогикалық мұралары гуманистік, адамгершілік қарым-қатынасқа құралған» ұлттық саясаттағы теңдікті, достықты дәріптейтін, тәрбие құралының рөлін атқарып отыр». Сонымен, ғалымның пікірін тәрбие мен білім беруді демократияландыру мен гуманизациялау тұрғысынан қарастырсақ, ол тек этнопедагогика жағдайында ғана нағыз шынайы халықтық және жасампаздық сипат алады. Білім берудің этнопедагогикалық жүйесі дегенімізді дербестендіру, азамат тәрбиелеудің мазмұнын ұлттық мемлекеттік жүйе арқылы іске асыру деп қарауға тура келеді.

Бүгінгі білім берумен тәрбие үдерісіне этнопедагогиканы ендіруде Серғазы Қалиев төмендегі жағдайларды еске алуды ұсынады:



  • Этносаралық қарым-қатынасты реттеу. Ол кірігу, қан араласу, этникалық ыдырау және қырып жою;

  • Ұлттарды толық танып білу үшін ол ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі тәрбие жүйесін ұлттық ерекшелігін білу қажет;

  • Барлық халықты бірдей көру керек. Ұлы халық, кіші халық, аға халық немесе мәдениетті халық, мәдениетсіз халық деп бөлмеу керек;

  • Тарихи ескерткішсіз дәстүр жоқ, дәстүрсіз мәдениет жоқ. Тәрбиесіз руханилық жоқ. Руханилықсыз жеке тұлғаны тәрбиелеу мүмкін емес. Әр жеке тұлға бірігіп келіп бір халықты, оның психикалық құрылымын құрайды;

  • «Дені саудың-тәні сау». Себебі дені сау адамның психикасы дұрыс, мінез-құлқы орнықты болады; Халық педагогикасында шынайы ұстаздардың бір туар шәкірті болу керек. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы». Баланы еркіндікке тәрбиелеу. Қазақ еркін тәрбиелеп, оған «төре» деп қарау ежелгі дәстүр.

Сонымен, С.Қалиев білім беру мен тәрбие жүйесін этнопедагогикаландыру жағдайында әр ұлттың бойындағы рухани және мәдени байлық жаңаша прогрессивтік түрге ие болады да, ол әлемдік озық мәдениеттің озық үлгілерімен сабақтасады.

С.Қалиев білім негізінің мектепте - ана тілі арқылы берілетінін, айта келіп, Ж.Аймауытовтың мына сөзімен дәлелдейді: «Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып өзге пәндерге түсіну мүмкін емес. Ана тілі халық болып жасағаннан бергі жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы мол халықтың тілі», - деген ана тілінің қоғамдық рөлін, адамзат баласы жасаған бар рухани-мәдени байлықты меңгертудің құралы екенін, оны жақсы және дұрыс берудің қажеттігін баса көрсеткен. Бұл пікірдің ұлт тілінің абыройын көтеру жөніндегі бүгінгі қайта құру кезеңінде де өзінің көкейтестілігін жоймағаны, қайта жаңара-жандана түскені дәлелдеуді талап етпейтіні хан. Жаһандану дәуірде мәдени даму, кірігу ұлттық мәдениеттік жақындасуын, ұлтаралық қарым-қатынастың күшеюін туғызатыны, ал оның ұлтаралық қарым-қатынас туралы тілдік мәдениеттен де көрініс табатыны ақиқат.

Қазақстан үкіметі 2000 жылы бекіткен «Білім туралы Заңының» 4-бабында қазақ тілі мемлекеттік тіл, орыс тілі халықаралық қатынас тілі деп атап көрсетілген болса, бүгінде әлем халықтарының мәдени-экономикалық байланысқа түсу, ақпараттық білім кеңестігіне шығуымен байланысты ағылшын тілін меңгеру өмір қажеттілігіне айналып отыр. Көп тіл білу бүгінгі жастарға әлем кеңестігіне шығуға, мәдениет көкжиегін кеңейтуге кепілдік береді деуге болады. Серғазы Қалиевтің еңбектерінде жиі зерттелген тақырыптардың бірі - отансүйгіштік. Сондықтан ғалымның «Этнопедагогика» (2007 ж), «Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы» (2003 ж), («Жаңа заманға сай ұлттық ұлттық идеология керек») т.б еңбектерінде жастар ұлттық салт-дәстүрлерді терең сезініп, ұлттық тәрбиенің тарихына тереңірек үңілу қажет дейді. «Себебі, тарихын білмеген, салт-дәстүрмен ұлттық өнердің қадір-қасиетін терең сезінбеген азаматтың отаншылдық намысы оянбайды. Басқаларға құлдық құрып, өмірі бас июмен, бағынышты пенде болумен өтеді. Ұлттық рухты жастардың жүрегіне терең ұялатпай тұрып, егеменді Қазақстанның шынайы патриоттарын тәрбиелеп шығару мүмкін емес». Біздің ойымызша нағыз патриотизм ана тілінен, туған жерінен, салт-дәстүрінен басталады. Бұл жөнінде заманымыздың белгілі ақыны Мұхтар Шаханов былай депті:

Әр адамда өз анасынан басқа да,

Болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері - түп қазығы, айдыны,

Туған тілі - сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр, салт-санасы – тірлігі

Қадамына шуақ шашар үнемі

Және туған тарихы - ғасырлардың үні еді

Қазақ халқы ежелгі ер азаматтың кіндік қаны тамған, ата-бабасының мәйіті жатқан жерді қасиет тұтқан. Туған жерді «Алтын бесік» санаған. Халқымыз ғасырлар бойы өз ұрпағын ұлттық салт-дәстүрлер заңымен әлпештеп азамат етіп қалыптастыра білген. Ата-бабаларымыз өз ұрпағына ерте кезден бастап-ақ ата салтын сақтап өтуді, жеті атасына дейінгі шежірені жаттауды заң санаған. Жеті атаға дейінгілерді қаны бір туыс деп санап, қыз алыспай тұқым тазалығын сақтауды мемлекеттік заңдар жинағы «Жеті жарғыда» көрсеткен және оны сақтамаған адамдар қатаң жазаға тартылып отырған.

С.Қалиев «Ұлы мектептерінің түлектері туған елінің тарихы мен дәстүрін, табиғи байлығы мен тіл өнерінің, қол өнерінің қыры мен сырын терең біліп, сүйіспеншілік сезімі оянғанда ғана елін, жерін, тілі мен дінін сүйетін нағыз патриот азамат болып шығады. Тәрбие көзі – еңбекте екенін, қоғамдағы рухани-экономикалық байланыс атауының бәрі еңбекпен байланысты пайда болатынын оларға сездіруіміз керек». Сондықтан әрбір ұлт мектептерінде этнопедагогикалық мұражай, кабинеттерді жабдықтау, оған оқытушылар қолынан жасалған ұлттық ою-өрнекті заттар мен суреттерді мұғалімдердің үлгілі сабақ жоспарлары мен ғылыми-әдістемелік еңбектерді жинақтау қажет. Оқушылармен, білімгерлермен үнемі өнер сайыстарын өткізіп отыру, өнерпаздармен кездесу кештерін жиі ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған жөн. Ғалым бұл айтылғандармен ұлттық тәлім-тәрбие проблемалары түгелдей шешіледі деуге болмайды. Ұлттық тәлім-тәрбиенің қағидаларын баланың жас ерекшеліктеріне, қабылдау мүмкіндіктеріне қарай әр пәнді оқыту кезінде ғылыми жүйенің олардың санасына біртіндеп сіңіру керек.

С.Қалиев еңбектерінде қазақ этнопедагогикасының өзіндік ерекшеліктеріне сипаттама беріледі. Ұлы дала тұрғындары өздерінің ғасырлар бойы мысқалдап жинаған тәжрибесін жинақтап, ұлттық өзіндік салт-сана мен әдет-ғұрып, дәстүр рәсімдерін туғызды. Көшпелі халық өзі өмір сүрген қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, мәдениетіне, тарихына орайлас жас ұрпаққа тәлім-тәрбие берудің айрықша талап-тілектерін дүниеге әкелді, жас адамның жан жақты, яғни «Сегіз қырлы, бір сырлы», шынайы, отаншыл азамат тәрбиелеу мақсаты қойылды. Ол талаптарды С.Қалиев былай келтіреді: «Мал шаруашылығын жете игеру, еңбек сүйгіштік, қиыншылыққа төзе білу, ел намысын қорғау, жаудан беті қайтпау, ата тегін жадында сақтау, сөз асылын қадірлеу, тапқырлық пен алғырлық, ат құлағында ойнау, ата салтын бұзбау (үлкенді, ата-ананы сыйлау, құдайы қонақтың несібесін қайтармау, көрші хақын жемеу, қайырымды ізгі жүректі, бауырмал болу, т.б). «Осындай қоғамдық қатынастарды кішкентайдан көріп-біліп өскен адамдарда мүдделестік өмірге көзқарастың сәйкестігі кісілік қарым-қатынаста айқындалып, жеке бастың бұра тартуына мүмкіндік қалдырмаған, психологиялық жағынан бірауызды қауымдасқан «Жандар» үнемі өзінің рулық одағында етене сіңіскен салттар мен дәстүрлерді ұсынады. Ал, бұл принцип ұлттық психология мен ұлт мәдениетінің сипатын анықтайтын факторлар болды», - дейді С.Қалиев.

Халқымыздың бірлігі, дархан көңілі, қонақ жайлығы турлы орыс офицері А.Левгин өзінің «Қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» атты кітабында былай деп жазыпты: «…Деспотизмді көп көрмеген қырғыздар (қазақтар) басқа Азия халықтарына қарағанда аңғал да ақкөңіл, сенгіш, қайырымдылық, адамды аяу, қарттарға, ақсақалдарға құрмет көрсету, оның ең жақсы қасиеті. Қырғыз үшін меймандостық – қастерлі заң. Олар бар дәм-асын қонақтарға тосуды заң деп санайды» [38. 23]. Сонымен, халық педагогикасының негізгі мақсаты өзінің бай тарихи тәжірибесіне сүйене отырып, келер ұрпақты отансүйгіштікке, өнерге баулу, жанұя, ауыл-аймақ, отанының намысын қорғай білетін, жаны жайсаң, арлы азамат тәрбиелеу.

С.Қалиев «Этнопедагогика» (2007ж) оқулығында қазақ билерінің шешендік сөз өнерінің үлгі өнегесін тәрбиеде пайдаланудың мәнін көрсетті. Оқулықта ел аузында Майқы биден бастап 200 ден артық ділмарлар, бек атаулары туралы деректер барлығын айтқан. Қазақтар ділмар деп - рухы биік, ойы нақты, сөзі әділ батыр-бектер мен би-шешендерді айтқан. Олар халықтық тәрбиені, елдік рухты, жұрттың жігер мен намысты оятты. Бұл жөнінде ғалым: «Әрқайсысы ел-жұрттың ауыр, жауапты, өтпелі кезінде өздерінің қайсарлығымен, батылдығымен, ой-саналық көрегендігімен көзге түсті. Әр қайсысы ер жұртының қуанышы мен қайғы-қасіретін, ерлігі мен ептілігін еселеп жеткізген, ел қамын ойлап қазақ ұлысын құруға, халықтың әдет-ғұрып, салтын, жол-жоралғысын реттеуге, заңдастыруға үлкен ықпал етті. Әділ билігі, тапқыр шешендігі барлар «Қалың елі қазағының» атынан сөйледі, көкейтесті ойларын «Бір кісі емес, жалпы жұртқа» арнады». Билердің шешендігі – сол халықтың даналығы мен ой-санасынан туындайтыны айқын. Халықтың ой-санасы оның мәдениетіне, рухани мұрасына, табиғи болмысы мен ойлау машығына, өмір сүру тәсілі мен діни-наным-сеніміне, күнделікті тұрмыстағы әдет-ғұрып, рәсім-салтына сүйенеді. Осы әр түрлі деңгеймен көріністегі факторлар ой-сананы өзінше ұйытқы етіп келеді. Қазақ билері дүниемен әлемді адамшылық тұрғыда түсінуі. Сонымен билер дәстүрінің мақсаты - адамды тәрбиелеу, адамдыққа баулу, өнегелі азаматты қалыптастыру, адамға қажетті ізгі қасиеттерді үлкен құндылық дәрежесіне көтеру. Бұл мәселелер тұлғалық пен елдіктің тұтқасы. Би-шешендер сол тұтқаның ұстанымын айқындады - дейді С.Қалиев:

Кісілікке қайшы іске қарап тұрмау;

Кісілікке қайшы сөзге бас шұлғымау;

Кісілікке қайшы былыққа батпау;

Кісілікке қасиетті ақтау, құдіретті, баптау.

С.Қалиевтің би-шешендер туралы ой-пікірлеріне сүйеніп қазіргі кездегі заң орнындағы «Судья» деген атаудың орнына «Би, билер» деп айтуды ұсынымыз себебі, «Судья» деген ұғым орыстың «Судить» деген сөзінен шыққан. Ал, сотта әрбір айыптаушылар соттала бермейді. Айыбы жоқ адамдар ақталып жатқан жоқ па? Сонда неге «Судить» деген ұғымды пайдаланамыз деген бізге ой келді. Ал, билер болса ақ тұрып, адал жүргенді үйретті.

С.Қалиевтың қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан өзінің тәжірибесі, білімі, көркемдік пен сұлулыққа көзқарасы, рухани өмір байлығы болып табылатын бай тарихи археологиялық, этнографиялық, әдебиет пен көркемөнер мұралары бар, соларды ол бұқара халықтың тарихи өмірімен, әдет-ғұрыптарымен тығыз байланыста етіп көрсетеді. Қазақ халқы жаратылысынан өнерге өте бай, әрі оған бейім болғаны белгілі. Сондықтан ол өзінің сүйініші мен күйінішін жыр жолдары, ән-күй аздары арқылы шебер жеткізе білген, өзінің көшпелі өміріне ыңғайлы етіп тұрмыстық заттарын әшекейлеуде, оларды көркемдік тұрғыдан ыңғайлы етіп жасауда іскер болған. Эстетикалық талғам деңгейі жоғары болған.

Киім киісінде, жүріс-тұрысында, қонақ күтуде, сый-сияпатында толып жатқан эстетика элементтері өз ұрпағын педагогика ғылымынсыз-ақ әдемілік пен әсемдікке баулуда тәрбие берудің тиісті құралына айналған. Сондықтан да профессор С.Қалиевтың еңбектеріндегі жан-жақты баяндалған салт-дәстүрдегі және олар құрметтеудің әлеуметтік мәні ашылған. Сондықтан оларды аудиториядан тәрбиелік мәні бар іс-шараларда, кештерде, эстетикалық әңгімелерде, түрлі фестивальдарда, көрмелерде, олимпиадаларда жүйелі де, тиімді де пайдаланып отырудың мәні зор деп санаймыз (Кесте – 2).


Кесте 2 – Профессор С.Қалиевтың этнопедагогикалық идеялары

р\с

С.Қалиевтың этнопедагогикалық идеялары

Ғалымның этнопедагогикалық идеяларын енгізу жолдары

Педагогиканы оқыту процесінде

Этнопедагогика оқыту процесінде

Аудиториядан тыс тәрбие жұмыстарын

да


1.

«Ақыл-ой тәрбиесі, көріп білу, жүрекпен терең сезіну – біртіндеп толыға, молыға қалыптасатын тәжірибеден туатын үздіксіз жаттығудың жемісі. Қоғамдағы барлық байлық ой еңбегі мен дене еңбегінің ортақ жемісі».

Ғылыми педаго

гикадағы «Ақыл-ой тәрбиесі» атты тақырыпты өткен

де пайдалануға болады.


Халық өнерінің бірі – айтыс. «Алты ақынның өмір туралы» айтысы халық педагогикасын

дағы эстетикалық тәрбие.



Реферат: «Қазақ этнопедаго

гикасындағы ақыл-ой тәрбиесі» эссе жазу.



2.


Моральдық қасиеттер адамның қимыл-әрекетінен, қарым-қатынасынан шығады. Жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен махаббат, әділеттілік пен әділетсіздік, борыш пен намыс, ар мен ождан адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Бұларды адам бойына жастайынан мінез-құлық ережесі етіп қалыптастыру тәрбиеге байланысты.

«Адамгершілік тәрбиесі» тақырыбын өткенде (тәрбие теориясы бөлімі бойынша) ғалым пайдаланған мақалдар: «Адамдықтың белгісі – иіліп салем бергені», «Кішіпейілділік

тен кішіреймейсің», «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», «Көпке қарсылық – құдайға қарсылық».



Қазақ халқының салт-дәстүрлері тақырыбы бойынша адамгершілік, имандылық, ізеттілік, әдептілік ұғымдарына сипаттама беру.

Эстетикалық әңгіме, әңгімелесу, лекция, пікірталас және конкурс өткізу. «Адамгерші

лік – адамның рухани арқауы» тақырыбында шығарма жазу.



3.

Халық дәстүрлерінде үйге қонақ келгенде, оған жатар алдында өлең-жыр, әңгіме айтқызып, қонақ кәде жасататын болған. Әңгімені немесе өлең-жырды нақышына келтіріп тартымды, қызықты, әуенді әсерлі етіп айтып бере білу де өнер саналған.

Халық педагогикасында жастарға эстетикалық тәрбие беру тақырыбы бойынша пайдалану. Мақал-мәтелдердің мағынасын ашу керек: «Өнер білсең өлмейсің», «Өнерлінің өрісі ұзақ», «Өнер-білім бірң де оқуменен табылған», «Он саусағың өнерлі болсын», «Өнер өрге сүйрейді», «Жігітке жетпіс өнер де аз».

«Қазақ халық педагогикасының негіздері мен асыл арналары» тақырыбы бойынша қазақ халық педагогика

сындағы өнердің өнердің көріністері туралы материалдарды пайдаланып, олардың тәрбиелік мәнін, ұлттық тәрбиенің басты құралдары болғаны нақты тәрбие саласы бойынша баяндау.



Бесік жыры туралы әңгіме, оны жатқа айту. Ананың: «мал бақ, адал кәсіп ет, ел-жұртыңды жаудан қорға» өсиеттердің мәнін ашу (эстетикалық әңгіме).

Эссе: «Біз табиғат баласымыз».


С.Қалиевтың «Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы» атты оқу құралында «Қазақтың салт-дәстүрлер құрылымы» (Кесте - 3) берілген.



Кесте 3 - Қазақтың салт-дәстүрлер құрылымы

Көрсетілген кесте бойынша «Үйлену және үй болумен» байланысты салт-дәстүрлер туралы профессор С.Қалиев былай дейді: «Отбасы – қоғамның бір бөлшегі. Үйлену, өз алдына отау тігіп, түтін түтету ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан салт, қоғамнық құбылыс. Қалыңдық таңдау, құда түсу, үйленумен байланысты салт-дәстүрлер барлық халықтарда бар және мазмұны жағынан бір-біріне ұқсас рәсімдер. Қазақта: «Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық, үшінші байлық – он саулық» деген аталы сөз бар. Оның мәнісі денің сау болсың деген тілекті білдіру. Осы пікір тәжік халқында басқаша берілген. Мәселен, тәжірибеде неке қию аяқталған кезде жіпке тізген дәндерді ортадағы ыдысқа салады. Бұл үйде бала көп болсын, ырызың мол болсын деген тілекті білдіреді екен. Ал, орыс халқының құдаласуға келгенде нан, тұз т.б тағамдар ала келіп сыйлайды және ол нан-тұзымыз, дәміміз аралассын, тату-тәтті құда-жекжат болайық дегенді білдіреді».

С.Қалиевтың жоғарыда көрсетілген салт-дәстүрлерді үйлену кезінде пайдаланып, әртүрлі тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізуге болады. Біздің тәжірибеде «Тілі басқа, тілегі бір халықтардың салт-дәстүрлері үндестігі» атпен куратор сағатын өткіздік. Онда бірнеше халықтардың үйленуге байланысты салт-дәстүрлерімен танысып, көріністер ұйымдастырылды.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде жыл сайын мұсылман елдерінің үлкен мейрамының бірі – наурыз мерекесі өтеді. Бұл тойға бүкіл университет факультеттерінің ұжымдары жан-жақты дайындалады. Көңіл көтеріп, ұлттық ойындар, жарыс түрлері ұйымдастырылады, түрлі халықтардың өкілдері өз өнерлерін көрсетіп, наурыз көжеден ауыз тиіп, «Наурыз құтты болсын, ақ көп болсын, еліміз, халқымыз аман болсын» - деп тілектер айтып, достықтары, ынтымақтастығы жарасқан Қазақстан халықтарының мейрамына айналады. Егеменді елімізде 130-ға жуық ұлттың өкілдері ұзақ жылдар бойы тату-тәтті, бірге өмір сүріп жатыр. Ұлы достығын күшейтуде халқымыз алдына адам салмайды десек артық айтқандық болмас.

Он жыл ішінде әлемнің әр түкпірінде этникалық және діни қақтығыстардың болып тұруы халықтар бірлігін күшейтуде идеологиялық жұмыстардың әлсіреуінен де болып отырғаны көпке аян [38. 281].

Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай «Ішкі саяси тұрақтылықпен қоғамның топтасуы саяси, идеологиялық, яғни, этникалық немесе топтық мүдделерді біріктіруге бағытталған ұлттық салт-дәстүрлер мен ұлттың мәдениетті насихаттауға байланысты» деп қарауымыз керек.

С.Қалиев: «Ұлттық мәдениет пен мемлекеттік тілдің өркендеуі Қазақстанда тіршілік ететін ұлттардың этникалық жағынан өркен жайып көркеюіне мұрындық болып отыр. Этностық мәдениеттің өсіп-өркендеуі үшін де қолайлы жағдай, мәдени кеңістік керек. Ол кеңістік деп - отбасын, мектепке дейінгі балалар мекемелерін, оқу орындарын, ұлттық мәдени орталықтар мен газет-журналдар, көркем және ғылыми әдебиеттерді, ғылыми-зерттеу және әкімшілік мекемелерін жатқызамыз» - дейді [40. 179].

Сондықтан ғалымның бір ойын баршылыққа алып, жоғарғы оқу орындарында ұлттық тәлім тәрбие салалары бойынша мынандай іс-шараларды жүйелі жүргізіп отыруды ұсынамыз. Бұл жұмыстар педагогикалық мамандықтар студенттерінің арасында, педагогикалық олимпияда, ұлттық тәлім-тәрбие апталығы, «Шешендік сөздер», «Сөз мәйегі - мақал-мәтелдер», ұлттық ойындар, имандылық тағлымдар, салт-дәстүрлер, «Жеті жарығы», «Сегіз қырлы, бір сырлы жігіт» (пікірталас), «Қазақтың халық өлеңдері», «Салауатты өмір салты» тақырыптарында өткізуге болады.

Ғылым-педагог С.Қалиевтың өмір жолы туралы «Ұлттың педагогика тарихының абызы» атты конфиренция өткіздік. Негізгі баяндамада ғалым ретінде С.Қалиевтың таңдаған бағыты - қазақтың халықтың педагогикасы. Ол жастайынан ұлтының тәлім-тәрбиесінен тағылым алып өскен, өзі ұлы Абайдың арғы атасы Әнет Баба ұрпағынан тарайтын ұстаз, өз елінің салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, ырымы, жол-жораларын терең біледі. Сондықтан болар, бір өзі нардың жүгін арқалап жүргендей, қазақ этнопедагогикасының негіздерін қалаумен айналысты.

Бұл жөнінде ғалым-педагог Н.Н.Нұрахметов былай деп жазды: «Тәуелсіздіктің таңы атып, тізгіні өз қолына тиіп 90-жылдардың басынан бастап халықтың педагогиканы жандандыруға, қалың көпшілікке жеткізуге барынша үлес қосып бақты. Сол жылдары Алматы, Атырау, Қызылорда, Шымкент, Торғай, Ақтөбе қалаларындағы ғылыми-практикалық конференциялардың басы-қасында жүріп, сан-алуан салиқалы баяндамалар жасап, өзінің ғалымдық жаңаша ойларымен бөлісті. Бұл істердің айқын көрінісі ретінде ұлттық этнопедагогика элементтерінің оқу-тәрбие процесіне жаппай енуі, жоғары оқу орындарында арнайы этнопедагогика кафедраларының ашылуы көптеген музейлер мен бөлмелер өмірге келді. Бүгінгі таңда өзін сыйлайтын әрбір педагог-маман қазақ этнопедагогикасының жемістерін жеп, жетістіктерінен қол үзбейтіндей дәрежеге жетті». Осындай игі істердің бірі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемелекеттік университетінде «Ұлттық тәлім-тәрбие орталығы» ашылды. Аудиториядан тыс ұлттық тәрбиеге арналған іс-шаралар осы орталықта өтеді. Енді осы орталықта өткізілген «Имандылық – қастерлі қасиет» атты дөңгелек стол басындағы ашық сабақтың мазмұнын берейік. Бұл тәрбиелік іс-шараға «Педагогика және психология» кафедраларының профессор-оқытушылары және дін қызметкерлері шақырылды.

Алғы сөзді дін қызметкері бастады: Ұлы Абай: «Иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл керек» - деген екен. Иман араб тілінен алынған сөз. Төл тілімізде «сенім» деген ұғымды білдіреді. Имандылық – Алланың хақ екеніне, ал, Мұхаммед ұсынған парыздарды мүлтіксіз орындау, яғни адамгершіліктің биік мансаптарын сөзсіз атқару, адамдықты асқан кісілік арқылы ақтаудың көрінісі, адамгершілігі аса жоғары кісіні толық иманды деп құрметтейді, ал адамгершілік қалыпты бұзған адамнан ел біткен түңіледі. Имансыз қылық жасағанда, яғни адамгершілік міндетке жеңіл-желпі қарап, оны бұзғанда әрі кінәлі, әрі күнәлі болып, ерте ме, кеш пе әйтеуір жазасын тартатын болады. Адамгершілігі, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі де иманжүзді, жарқын, биязы болады, ол өзі парасатты келеді. Ондай адамды халық «Иман жүзді кісі» - деп құрметтейді. Жас адамды имандылыққа баулу үшін олардың ар-ұятын ерте оятып, намысын қайрап, мейірімділік, қайырымдылық, ілтипаттық, кішіпейілділік, қамқорлық, адамдық, ізгілік сияқты қасиеттерді олардың бойына сіңіру керек. Бұл - әрбір отбасының, оқу орындарының басты парызы. Қазақ ұғымына адамгершілік ұғымымен астарлас келетін моральдың атаулардың бірігейлері - кісілік, Отан сүйгіштік, мақсаткерлік, мейірімділік, қайырымдылық, ізгілік, адамдық пен шыншылдық.

Халқымыз «Адам болар баланың кісіменен ісі бар, адам болмас баланың кісіменен несі бар» - деп тәрбиелі адамның үлгі-өнегесін жоғары бағалап, жастарға «Жарлы болсаң да арлы бол» - деп талап қойған. Қазақ дәстүрі бойынша үлкенді сыйлау, құрметтеу, оның кісілігінен тәлім алу - әрбір жастың парызы. Үлкен кісінің алдынан қия өтпеу, оған сәлем беру, төрден орын беріп, құрметтеу, көңіліне қарау - атадан балаға ауысқан тамаша дәстүр. Кісі өзін сыйлата білу үшін өзінің кісілік дәрежесін биікке көтеріп, адамгершілік көрсете білуге тиіс, олай етпесе, халық оны «кісі емес» деп сыйламайды.



С.Қалиевтың еңбектерінің тәлім-тәрбиелік тағылымын жастар тәрбиесіне берері көп. Осы орай «Қазақ тәлім-тәрбиесі» еңбегінің құрылымы беруді жөн көрдік (Кесте 4).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет