Реферат тақырып : Бейнелеу өнері бойынша сыныптан тыс сабақтарды өткізу әдістемесі Шымкент, 2022



Дата23.03.2022
өлшемі28,37 Kb.
#136539
түріРеферат
Байланысты:
9 апта


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ


«МИРАС» УНИВЕРСИТЕТІ


Мамандығы: Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі


РЕФЕРАТ

Тақырып: Бейнелеу өнері бойынша сыныптан тыс сабақтарды өткізу әдістемесі


Шымкент, 2022



Бейнелеу өнерінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістері
Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларға көркемдік білім беру ісі сыныптан мектептен тыс жұмыстарда жалғастырылады.
Бейнелеу өнерінің мүмкіндіктері арқылы жүргізетін сыныптан жұмыс жүйесі мынандай түрлерге бөлінеді:
1.Кескіндеме, графика, сәндік қолданбалы өнер, мүсін шығармаларының репродукциясып қолдану арқылы әңгіме сабақ өткізу.
2. Бейнелеу өнері мен таңдаулы өнер шығармаларының көркемдік ерекшеліктерін оқушыларға таныстыру мақсатын көздейтін сыныптан тыс әңгіме сабақтарын өткізу.
3. Сәндік қолданбалы өнер туындыларының көне үлгілерін таныстыру мақсатындағы өлкетану музейіне экскурсия жасау.
4. Қазақстан суретшілер одағының мүшесі болып табылатын, таңдаулы өнер шеберлеріменен кездесулер ұйымдастыру.
5. Оқушының өзі тұратын ауылдағы, қаладағы тарихи ескерткіштерге, мемориалдық даңқ кешендеріне, монументалдық көрнекті үгіт жұмыстарына экскурсия жасату.
6. Суретшілердің көшпелі көрмесіне, жеке суретшілердің есеп беру көрмесіне экскурсия жасау.
7. Суретшімен бейнелеу өнері сабағында кездесу өткізу.
8. Өнер шығармаларының репродукциясынан, оқушылардың бейнелеу жұмыстарынан, суретші-педагогтардың шығармашылық еңбектерінен кұралған бейнелеу өнері көрмесін мектеп көлемінде ұйымдастыру.
9. Оқушылардың бейнелеу өнері жайлы түсініктер шеңберін арттыру үшін бейнелеу өнерінің терминдерінен құралған иллюстрациялардан қүралған монтаж ұйымдастыру.
10. Мектеп көлемінде бейнелеу өнері туралы кеш өткізу.
11. Ірі қалалардағы бейнелеу музейлері мен сурет галереясына саяхат жасау.
12. Өлкедегі архитектуралық құрылыстардың көркемдік ерекшелігін таныстыру мақсатын көздейтін экскурсиялар ұйымдастыру.
13. Бейнелеу өнері мен суретшілер туралы видеофильмдер мен кинофильмдер көрсету.
Бейнелеу өнерінің шығармаларын мұғалімнің жұмыс жүйесінде қолдану мынандай міндеттерді жүктейді:
— оқушылардың дүниеге көзқарастарын қалыптастыру;- саналылық пен белеенділік қабілеттерін тәрбиелеу;
— еңбекке халық мұрасына деген оң қатынасын тәрбиелеу;- эстетикалық мәдениет негіздерін тәрбиелеп, көркемдік талғам мен қабілетін дамыту;
— қоғамдық өмір шындығындағы әсемдікті қабылдауға тәрбиелеу;
— өнер шығармаларын қоғам қажеттігі тұррысынан бағалай білуге үйрету;
— патриоттық және елжандылық тәрбиесін беру.
— еңбек, өнер адамдары, ғалымдар туралы түсініктерін кеңейту, талант пен еңбек туралы түсініктерін дамыту;
— суретшілер өмірі мен қызметі үлгісінде оқушыларға тәрбие беру;
— оқушылардың бір бірін сыйлауы, оқушы ұжымындағы мүшелердің өзара қатынастағы адамгершілік қатынетарын қалыптастыру;
— оқушыларды Қазақстан қарулы күштерінің Қазақстанның ерлік пен еңбек дәстүріне тәрбиелеу;
— мектеп мұғалімдеріне, суретші мамандығына деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу;
Бейнелеу өнері шығармаларын тәрбие жұмысында қолданудың ұтымдылығы көп. Солардың бір түрі тәрбие жұмысының барысында өнер туындыларын орынды қолдану, мұғалімнің жиі қолданатын жұмыс формасы. Бейнелеу өнерінің шығармаларының көлемді рспродукцияларын тәрбие сағаттарында оқушыларға көрсету арқылы мұғалім эстетикалық тәрбиемен қатар адамгершілік тәрбиесін беру жұмыстарын жүргізуіне болатындығына тәжірибе көрсетуде.
Бейнелеу өнері шығармаларын сыныптан тыс оқушыларға таныстыру үшін мұғалім мынандай жұмыстар атқарады:
1. Бейнелеу өнері туралы альбомдардан, журналдар мен көркемдік ерекшеліктері жоғары кескіндеме, графика, сәндік қолданбалы өнер мүсін шығармаларының репродукцияларын таңдап алады.
2. Бейнелеу өнерінің әрбір шығармасының мазмұны, композициялық құрылысы, боя түстері, орындалу техникасып талдау сабақтарына дайындық жүргізеді.
3. Шығармалардың репродукцияларын оқу мен тәрбие мақсатын шешуге қолайлы тақырыптарға біріктіреді.
Жалпы білім беретін мектептерде бейнелеу өнерінің мүмкіндіктері арқылы өткізілетін тәрбие жұмыстарын мынандай тақырыптарға бөлуге болады:
1. Бейнелеу өнеріндегі ана образы.
2. Бейбітшілік және бейнелеу өнері.
3. Революцияға дейінгі ел өмірі бейнелеу өнерінде.
4. Суретшілер шығармаларындағы ҰлыОтан соғысы тақырыбы.
5. Бейнелеу өнеріндегі еліміздің ерлік жолдары.
6. Бейбіт еңбек және бейнелеу өнері.
7. Бейнелеу өнеріндегі Жамбыл образы.
8. Суретші Ә. Қастеев шығармашылығы.
9. Суретші А. Черкасекийдің шығармашылығы.
10. Живописші Қ. Телжановтың шығармашылығы.
11. График В. Айтошенко – Леоновтың шығармашылығы.
12. Мүсінші X. Наурызбаевтің шығармашылығы.
13. Сәндік қолданбалы өнер шебірі Ғ.Иляевтің шығармашылығы.
14. Ш. Уәлихановтың графикалық суреттері.
15. Қазақ гербі мен жалауы.
16. Символдық белгі – символдық тіл.
Кескіндеме, графика, сәндік қолданбалы өнер, мүсін шығармаларының мәнін оқушыларға ұғындыру мақсатын көздейтін тәрбие жұмысы структуралық құрылысы үш кезеңнен түрады.
Бірінші кезең мұғалімнің кіріспе сөзі. Мұғалім өзінің кіріспе сөзінде, әдебиет пен өпердің басқа түрі сияқты бейнелеу өнерінің де өмірдегі көріністер мен құбылысты бейнелейтіндігіне, шығармалардың көркемдік ерекшеліктерінің мазмұнымен байланысын тоқталады. Қазақ суретшілерінің қоғам өмірін, тарихи кезеңдерді, еліміздің ерлік жолдарын өнер тілінде көрсету әдістерін әңгімелейді.
Екінші кезең–оқушылардың сөзі. Бұл кезеңде оқушылар педагогтың дайындаған тапсырмасы бойынша өнер шеберлерінің, өмірі мен қызметі, оның көрнекті шығармасы туралы өз ойларын айтады.
Үшінші кезеңде – мұғалім- қорытынды сөз сөйлейді.
Бейнелеу өнерінің мүмкіндіктері арқылы жүргізетінмұғалімніңтәрбие жұмыстарын өткізу әдістеріне мыналар жатады:
— мұғалім әңгімесі және оқушылардың өнер туындыларын талдауы;
мұғалімнің кіріспе, қосалқы толықтыру, қорытынды сөздері, дөңгелек столдағы әңгіме, әңгіме диспут, сұрақ-жауап әдісі, суретшілермен кездесу өткізу, бейнелеу өнері туралы сұрақтарға жауап қайтару конкурсы;
— сынып сағаты немесе басқа тәрбие жұмысына тәрбие жұмысындағы сөздерді музыкамен байыту.
Бейнелеу өнерінің мүмкіндіктері арқылы орындалатын көркемдік білім беру мен әстетикалық тәрбие беру жұмыстарына дайындық кезеңінде мынандай жұмыстар орындалады: 1. Сыныптық қабырға газетін шығару; 2. Сабақ тақырыбына байланысты ұлағатты сөздерді даярлап, жазу, қабырғаға ілу; 3. Плакаттар даярлау; 4. Шығрмалардың репродукцияларын жинау; 5. Ұлы Отан соғысына қатысушыларды, еңбек озаттарын, суретшілерді шақыру; 6. Тәрбие жұмысының тақырыбына лайық әндердің громзаписін таңдап алу: 7. Оқушыларды тақырып мазмұнына байланысты сөйлеуге дайындау; 8. Шығармалар репродукцияларынан жиналған көрме ұйымдастыру; 9. Музейге, қаладағы монументтік өнер туындыларын көруге арналған экскурсияның жоспарын жасау; 10. Шығармаларды көрсететін техникалық құралдар даярлау; 11.Сабақ немесе тәрбие жұмысының жоспарын дайындау.
Бейнелеу өнерінің мүмкіндіктерінпайдалана отырып, оқушыларға көркемдік білім беру, әсемдік тәрбиесін берумен қатар ұлттық тәрбие беру міндеттері ұтымды шешіледі. Бейнелеу өнеріндегі дара тұлғалар образын мектеп оқушыларына таныстыру барысында олардың өмірбаянын айтып, мінез-құлқын, іс әрекетін бейбіт өмір жолындағы табанды күресін әңгімелеп береді.
Бейбітшілікүшін күрес адамзат болашағы үшін күрес. Бейнелеуөнері шығармаларында бейбітшілік тақырыбына жазылған сан алуан шығармалар бар. Мұндай шығармаларды балаға көрсету ісінде,мұғалім жас ұрпақты өз Отанын шексіз сүюге, достық сезімге тәрбиелейді.
Бейнелеу өнерінде халқымыздың ерлік жолдарын бейнелеген көптеген шығармалар мазмұнын білім беру ісінде қолданудың ұтымдылығы шексіз. Сондықтан бейнелеу өнері шығармаларының көптеген түрлерін халық өмірін жас ұрпакқа көрнекті көрсету үшін пайдалану орынды. Сонымен қатар бейнелеу өнерінің мүмкіндіктері арқылы балалар өмірін айқын көріністерімен жүйелі әңгімелеу орынды.
Қазақ елінің дамуына басшылық көрсеткен көптеген жалынды қайраткерлердің бейнесі өнер мүмкіндіктерімен образдарға айналған. Бейнелеу өнеріндегі ел басшылардың бейнесі жас ұрпаққа патриоттық, елжандылық тәрбие берудің сенімді құралы екендігін тәжірибе нәтижелері көрсетуде.
Бейнелеу өнеріндегі Ұлы Отан соғысының бейнесі, аға ұрпақтың ерлік жолдарын көрсетуге арналады. Соғыстың басталуы, соғыс кезеңдері, жауынгерлер ерлігінің асқақ көріністерін композиция мүмкүндіктері арқылы ұтымды шешкен тақырыптық шығармалар мен портреттер баланың патриоттық ой сезімдеріне қозғау салып, ерлік істерге жігерлендіреді.
Әдебиет пен өнердің басқа салалары сияқты бейнелеу өнері шығармаларында да мәңгілік жыр арқауы ана образы жасалған. Мұндай шығармалар жас ұрпақтың бойында патриоттық интернационалдық сезімін оятуға игі әсер етеді.
Бейнелеу өнері шығармалары арқылы оқушыларға қоғамдағы өзгерістерді, қоғамның дамуын, деректі көріністердің жәрдемімен қызғылықты әңгімелеуге болады. «Бейнелеу өнеріндегі халық өмірі» деген тақырып бойынша оқушыларға Ә. Қастеевтің «Шевчснко қазақтар арасында», Н. Хлудовтың «Жер жырту», «Тоқымашылар», Л. Аманжоловтың «Ақтабан шұбырынды», М. Калымовтың «Исатай — Махамбет», Т. Шевченконың «Қайыршы балалар», «Киіз үйдегі қазақтар», деген картиналардың мазмұны мен көркемдік ерекшеліктері көрсетіледі.
Бұл тақырыпқа біріккен шығармалардың мазмұнын әңгімелеу барысында шаруалар мен кедейдің ауыр еңбегі мен тұрмысы, әділетсіздікке қарсы күресі, таптардың қайшылығын көрсетудегі өнер тілінің сипаты анықталады. Әңгіме барысында тарихи әңгімелер, әдеби шығармалардан үзінділер оқылады, тарихи өлкетану музейлерінен алынған деректер колданылады.
Қазақ суретшілерінің азамат соғысының бейнесін көрсететін көптеген азаматтық, елжандылық сарында жазылған даңқты шығармалар бар. Бейнелеу өнеріндегі азамат соғысы тақырыбы бойынша сабақ өткізу барысында мұғалім суретшілер Н. Нұрмұхаммедовтың «Даладағы өрт», «Тоқаш Бокин отряды», К. Шаяхметовтің «Интериацноналды шырқаушылар», М. Кенбаевтің «Ә. Жангелдин отряды», С. Романовтың «Жер туралы декрет», Ә. Қастеевтің «Амангелді сарбаздары», «Амангелді Имановтың портреті», В. Антошенко — Оленовтің «Әлібн Жангелдин портреті», Т. Тоғысбасвтың «Дала балдадалары» жайында әңгімс қозғалады.
Ұлы Отан соғысының жеңісі күніне арнап өткізілетін тәрбие жұмысы мазмұны суретшілер В. Крыловтың «Шахтерлерді майданға шығарып салу», Т. Әбуовтің «Бәрі де майдан үшін» атты картиналарды көрсетумен толыға түседі. Кескіндеме шебері Н. Насадкиннің «Қазақстандықтар Панфи-ловшыларда қонақта», графикші И. Исабаевтің «Ленинградтық өренім» айтулы шебер В. Чуйковтың «Жамбылдың батасы», Ү. Әжиевтің «Ленинград 1941 жыл, декабрь» картиналарындағы соғыстың ауыр күндері сөз болады

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет