Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы



Pdf көрінісі
бет176/188
Дата23.05.2020
өлшемі1,32 Mb.
#70787
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   188
м+рағаттарында  аза стан  Республикасы  лтты   м+рағат  оры 
+жаттарын  уа ытша  са тау  тəртібі  мен  са тау  мерзімі  туралы 
н+с аулы »  əзірленіп,  ол  2000  жылы  26  желтоқсанда  комитет 
төрағасының  №  83  бұйрығымен  бекітілді  (мемлекеттік  тіркеу  №  1355, 
2001  жылғы  10  қаңтар).  Бұл  нұсқаулық  Ұлттық  мұрағат  қоры 
құжаттарын  мемлекеттік  мұрағаттарға  тапсыру  уақыттарын  айқындап 
берді. Атап айтқанда: 
1)  жоғарғы  жəне  орталық  мемлекеттік  органдар  қызметі 
барысында түзілген құжаттар – 15 жылдан кейін; 
2)  министрліктерге,  басқа  да  орталық  мемлекеттік  органдар  мен 
ведомстволарға қарасты территориялық органдарда жəне мемлекеттік 
заңды  тұлғалар  қызметі  барысында  түзілген  құжаттар  –  10  жылдан 
соң; 
3)  жарғылық  капиталында  мемлекеттік  меншік  үлесі  басым 
ұлттық  компаниялар  мен  мемлекеттік  республикалық  заңды  тұлғалар 
қызметі барысында түзілген құжаттар – 10 жылдан кейін; 
4) жергілікті өкілетті жəне атқарушы органдар қызметі барысында 
түзілген құжаттар – 10 жылдан соң; 
5)  облыстық  бағыныстағы  мемлекеттік  заңды  тұлғалар  (Астана 
жəне  Алматы  қалалары)  қызметі  барысында  түзілген  құжаттар  –  10 
жылдан кейін; 
6)  қалалық  жəне  аудандық  бағыныстағы  мемлекеттік  заңды 
тұлғалар қызметі барысында түзілген құжаттар – 5 жылдан соң. 
Көрсетілген  уақыттар  ұйымның  дəрежесімен  бірге  құжат 
түрлеріне  қарай  (басқару  ісінде  түзілген,  ғылыми-техникалық 
жұмыстар барысында түзілген жəне т.б. салалар бойынша туындаған) 


 
217
5 жылдан 20 жылға дейін, сондай-ақ олардың материалдық негіздеріне 
қарай  (дыбысбейнелік,  электрондық  құжаттар)  3  жылдан  5  жылға 
дейінгі мерзімдер аралығында дифференцияланады. 
Іс қағаздарын жүргізумен шұғылданатын мамандар жұмысындағы 
маңызды жəйттердің бірі құжаттарды тиісті дəрежеде сақтау мəселесін 
шешу болып табылады. Ведомстволық мұрағаттар жұмысының негізгі 
ережелеріне  сəйкес  ұйымдарға  құжаттарды  уақытша  сақтауға 
байланысты  едəуір  күрделі  талаптар  қойылады.  Олардың  ең 
маңыздыларына тоқталсақ, мыналар:  
•  мұрағат қоймасы бөлек ғимаратта болуы, оның қазіргі заманғы 
өртке  қарсы  қолданылатын  құралдармен,  күзет  жəне  өрт 
сигнализацияларымен қамтамасыз етілуі тиіс; 
•  мұрағат  қоймасын  жертөледен  (подвал),  ғимаратқа  қосымша 
жайлардан (цокольдық бөліктерінен) жасауға рұқсат етілмейді; 
•  мұрағат 
қоймаларына  коммуникациялық  су  жүйелерін 
жүргізуге рұқсат етілмейді; 
•  сөрелерде  сақтау  металл  стеллаждар  арқылы  ғана  жүзеге 
асырылады; 
•  температуралық-ылғалдылық 
режимі  мен  жарықтандыру 
режиміне байланысты бірқатар талаптар белгіленген. 
Əрине,  құжат  сақтауға  байланысты  бұл  көрсетілген  талаптарды 
орындауға  ұйымдар  мен  жеке  компаниялардың  көп  жағдайда 
шамалары келе бермейді. Оның негізгі себептері мыналар: 
•  көрсетілген  талапқа  сəйкес  жайлардың  тапшылығы  немесе 
тіпті болмауы; 
•  орын  жайларды  барлық  қажетті  жүйелермен  (өрт  жəне  күзет 
сигнализациялары,  өрт  сөндіру  жүйесі,  металл  стеллаждар 
т.б.) жабдықтауға жұмсалатын шығынның көптігі; 
•  қаржының жетіспеуі; 
•  бұл  міндеттерді  атқаруға  қабілетті  білікті  қызметкерлердің 
болмауы. 
Бұл  проблемалар  коммерциялық  негіздегі  жылжымайтын 
мүліктер  бағасының  қымбаттау  тенденциясына  байланысты  (сатып 
алу да, жалға алу да) одан əрі күрделене түсуде. Бұл компаниялардың 
мұрағат  қоймасы  ретінде  пайдаланатын  қосымша  қымбат  орын 
жайлар  əзірлеуден  бас  тартуына  мəжбүр  етеді.  Ұйымдардың  өз 
мұрағаттарын  бұл  мақсатқа  бүтіндей  сай  келмейтін  орындарда: 
гараждарда,  жертөлелерде,  шатырларда,  жалға  алынған  пəтерлерде 
т.б.  жерлерде  сақтайтын  жəйттері  де  аз  ұшыраспайды.  Мұндай 
жағдайда ұйым өз құжаттарын толығымен жоғалтып алу қаупіне жақын 
тұрады. Ал егер ұйым бақылаушы органдарға талап еткен құжаттарды 
көрсете алмайтын болса, бұл экономикалық шығынмен қоса əкімшілік 
санкцияларға да жол ашады.  


 
218
Қазақстан  Республикасының  «Ұлттық  мұрағат  қоры  жəне 
мұрағаттар 
туралы» 
Заңына 
сəйкес 
мемлекеттік 
мұрағат 
функцияларына  ең  алдымен  Ұлттық  мұрағат  қоры  құжаттарын  жинау, 
тұрақты  сақтау  жəне  олардың  пайдаланылуын  ұйымдастыру  міндеті 
енеді. Осылайша мемлекеттік мұрағаттар ұйымдарға олардың Ұлттық 
мұрағат  қорына  енбейтін  құжаттарын  (бухгалтерлік  құжаттар, 
корреспонденциялар,  ішкі  саясат  пен  процедуралар  т.б.)  сақтауға 
байланысты  көмек  көрсете  алмайды.  Бұл  əсіресе  коммерциялық 
ұйымдар  үшін  көкейкесті  мəселеге  айналып  отыр.  Өйткені  оларда 
түзілетін құжаттардың басым көпшілігі Ұлттық мұрағат қорына енбейді.  
Нарықтық  экономика  мен  қызмет  көрсету  саласының  дамуына 
байланысты  соңғы  кездері  Қазақстанда  да  қызмет  көрсетудің  мүлдем 
жаңа  –  +жаттарды  офистен  тыс  са тау  деп  аталатын  түрі  пайда 
болды.  Бұл  түр  +жаттарды  сыртта  са тау  немесе  +жаттарды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   188




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет