Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы



Pdf көрінісі
бет182/188
Дата23.05.2020
өлшемі1,32 Mb.
#70787
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   188
Қ
ОРЫТЫНДЫ
 
 
 
 
Бұл  кітапта  мекемелерді,  кəсіпорындар  мен  ұйымдарды  құру 
кезінде,  қызмет  ету  барысында  іс  қағаздарын  жүргізуге  байланысты 
туындайтын  негізгі  мəселелерге  жауап  беруге  тырыстық.  Ел 
аумағында  қолданылып  жүрген  заңдар,  нормативтік-құқықтық  актілер 
мен  стандарттар  талаптары,  сондай-ақ  іс  қағаздарын  жүргізудің 
халықаралық тəжірибелері мен стандарттары да басшылыққа алынды. 
Құжаттардың  негізгі  түрлеріне  арналған  материалдар  тиісінше  нақты 
құжаттың  үлгілерімен  дəйектеліп  отырды.  Кітаптың  соңында 
қосымшалар  ретінде  беріліп  отырған  дəйектемелік  материалдардың 
да пайдаланушыларға тигізер пайдасы мол болар деп үміттенеміз. Бұл 
кітаптың əмбебаптығы мен қолданбалы сипатын арттыра түседі. 
 
Еңбектің  қамту  ауқымының  ауданды,  мазмұнының  бай  болуына 
авторлар  құрамының  қызмет  барыстарында  жинақтаған  тəжірибелері 
мен ғылыми-əдістемелік ізденістерінің де елеулі əсері болды. Негізінен 
бұл  еңбекті  Халықаралық  «Қазақ  тілі»  қоғамының,  Алматы  қалалық 
Тілдерді дамыту басқармасы мен Сараптама жəне аударма бөлімінің, 
Мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту республикалық орталығының ұзақ 
жылғы  қызметтері  барысында  жинақтаған  тəжірибелерінің  бір  үзік 
көрінісі деп бағалауға болады.  
 
Əрине, бір кітапта тұтас бір жүйенің барлық мəселесін қамту əрі 
шешіп  тастау  мүмкін  емес.  Жұртшылықты  іс  қағаздарын  жүргізу 
негіздерімен таныстыруды көздеген бұл еңбекті ана тіліміздегі ресми-
іскерлік  стильді  қалыптастырып,  дамыту  бағытында  жасалған  ізгі 
қадамдардың бірі деп қабыл алған лазым.  
Адам  алаламас  ақ  жүрек  оқырмандардың  бірі  өз  тəжірибесімен 
бөліскісі  немесе  осы  кітапқа  қатысты  ұсыныс-тілектері  мен  сын-
ескертпелерін  білдіргісі  келсе,  біз  оларды  ризашылықпен  қабылдауға 
жəне алдағы ғылыми ізденістеріміз барысында ескеруге дайынбыз.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
230


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   188




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет