235
НАРЯД-ТАПСЫРЫС – мекеме жетекшісінің кəсіпорын бағынушысына
немесе кəсіпорынның қойма жетекшісіне белгілі бір жұмысты орындау
жайлы жоспарлы тапсырмасы.
НЕСИЕ – белгілі бір қажеттілікке рұқсат етілген шығын сметасына
кіретін жалпы сомма.
НОМЕНКЛАТУРА – іс атауларының тізімі.
НОРМАЛАР – бір нəрсенің (мыс., бір нəрсені өңдеу, шығару)
белгіленген көлемі туралы мағлұмат бар құжат.
НОРМАТИВТІ ҚҰЖАТТАР – қандай да бір ереже, нормалар келісілген
құжат.
НҰСҚАУ ҚҰЖАТТАРЫ – мекемеде əкімшілік жəне ұжымдық
мəселелердің шешімі көрсетілетін құжат.
Ө
ӨКІМ – 1. Мемлекеттік алқалық басқару органының, бірінші басшының
шұғыл мəселелерді шешу мақсатында шығаратын құқықтық актісі.
Əдетте, қолданылу мерзімі шектеулі болады жəне лауазымды
тұлғалар пен азаматтардың шағын тобына қатысты болады. 2.Бұйыру.
ӨНДІРІСТІК КЕСТЕ - өнімді шығарудың күнтізбелік жоспары.
ӨТІНІШ – мекемеге немесе лауазымды тұлғаға өтінішпен немесе
сұраныспен хабарласқан құжат (мысалы, кезекті еңбек демалысын
беру туралы, жұмысқа қабылдау туралы, жəрдемақы беру туралы т.б.
өтініштер).
Достарыңызбен бөлісу: