154
Қызметкердің еңбек жолын куəландыратын құжаттар еңбек
кітапшасы немесе жеке еңбек шарты, еңбегі туралы анықтамалық,
жұмысқа қабылдау жəне жұмыстан босату туралы бұйрықтардың
көшірмелері болып табылады. Бұл құжаттар жұмыскердің еңбек
стажын неғұрлым нақты да айқын көрсетуі тиіс. Жалпы еңбек стажы
жұмыскерді келешек зейнеткерлік қамтамасыз ету үшін қажет.
Қызметкердің еңбек кітапшасына өзге жұмыс беруші шығарған
бұйрықтар көшірмелері негізінде оның атқарған қосымша жұмыстары,
лауазымдық қызметтері туралы жазбалар ендіріледі.
Қызметкерге қатысты тəртіптік жазалар (сөгіс, ескерту) қолдану
туралы жазбалар еңбек кітапшасына жазылмайды.
Еңбек кітапшасына жұмысқа қабылдау, жеке еңбек шартының
мерзімі, марапаттаулар мен ынталандырулар туралы жазбалар жұмыс
беруші тарапынан бұйрық шыққаннан кейін бір аптадан артық
кешіктірілмей жазылады. Ал жеке еңбек шартын тоқтату немесе бұзу
туралы жазбалар еңбек кітапшасына бұйрық шыққан күні түсіріледі.
Жазбалар бұйрық мəтіндерімен дəлме-дəл сəйкес болуы тиіс.
Еңбек кітапшасын толтыруға байланысты мынадай ережелер
белгіленген:
- қызметкер жөніндегі мəліметтерді ендіру;
- жұмыс жөніндегі мəліметтерді ендіру;
- марапаттаулар мен ынталандырулар жөніндегі мəліметтерді
ендіру;
- еңбек кітапшасын жұмыстан босатылған кезде толтыру;
- еңбек кітапшасының жапсырмасын толтыру;
-еңбек кітапшасының төлнұсқасын (дубликатын) беру (төлнұсқа
еңбек кітапшасы жоғалған жағдайда, табиғи апат кездерінде жəне
басқа да қызметкерге қатыссыз болатын жəйттерге байланысты
беріледі).
Достарыңызбен бөлісу: