Cозылмалы клиникалық гастриттерде айқын клиникалық белгілер байқалмайды, мүмкін белгілер: • H. pylori- ассоцирленген созылмалы антральды сыртқы гастритте «жараға ұқсас» диспепсия нұсқасы мүмкін (эпигастрия және/немесе пилородуоденалды аймақтағы сырқырап ауыру немесе «асқазан диспепсиясының» дискинетикалық нұсқасы - тамақтан кейін тез тою, шамадан тыс толу сезімі, іштің үрілуі, жүрек айнуы; • созылмалы атрофиялық мультифокалды гастритте «асқазан диспепсиясы» мүмкін – тез тою сезімі, тамақтан кейін толып кету, іштің үрілуі, жүрек айну; • аутоиммунды атрофиялық – В-12-тапшылықты анемия белгілері және «асқазан диспепсиясы» белгілері болуы мүмкін. • созылмалы антральды сыртқы H.pylori- ассоцирленген гастритінде анамнезде: гастродуоденальды патология (ГДП) бойынша ауырлаған тұқым қуалаушылық.