Асқазан және 12-елі ішек жара ауруы. Тапсырма Тесттерге жауап беріңіз: Эпигастрий аймағының «пышақ сұқандай»



Дата07.02.2022
өлшемі194,96 Kb.
#91424
Байланысты:
Асқ жарасы бақ блогі


Тақырып: Асқазан және 12-елі ішек жара ауруы.


Тапсырма 1. Тесттерге жауап беріңіз:

1.Эпигастрий аймағының «пышақ сұқандай»ауруы, тері жамылғысының бозаруы,тілдің құрғауы,палпациялағанда іштің қатайғаны анықталса,осы жағдайға тән белгіні атаңыз:


а) жедел холицистит
б)созылмалы паркреатит
в)спастикалық колит
г)жара ауруы(тесілуі)
д) жедел гастрит

2.Жара ауруы диагностикасында қолданылатын тәсілдердің ең мәліметтісі:


а) асқазан ренгеноскопиясы
б) асқазанды зондтау
в) сұрастыру
г) фиброгастроскопия
д) дұрыс жауар берілмеген

3.Жара ауруында асқа тәбеті болмай,әсіресе етті тамақтарға жиіркену пайда болса,бұл асқынуға тән:


а)қансырауда
б)тесілгенде
в)пенетрацияланған
г)пилоростеноз дамығанда
д)малигнизацияда

4.Асқазаннан қан кеткенде қандай іс-шаралар қолдану қажет:


а) науқасқа толық аштық
б) мұзды мұйық қою
в) асқазанды жуу
г) ыстық шәй беру
д) А,В жауаптары дұрыс

5.Диспепсиялық шағымдарға жатады:


а) бас ауру, ұйқысыздық АҚҚ жоғарылауы
б) құсу, жөтелу, қан түкіру
в) жүрек айну, құсу,кекіру, қыжылдау
г) іш қату, іші өту
д) құсу,іш қату,жөтелу

6.Қара май тәрізді нәжіс келесі аталған ішектен қан кету кезінде болады


а)аш ішектен
б)шеңберлі ішектен
в)сигматәрізді ішектен
г)тік ішектен
д)тоқ ішектен

7.Кешкі, «ашыққан», түнгі ауырулар келесіге тән


а)созылмалы гастритке
б)асқазанның жара ауруына
в)аш ішектің жара ауруына
г)бауыр циррозына
д)созылмалы гепатитке

8.Асқазаннан қан кету кезіндегі фельдшердің тактикасы:


а)шұғыл ФГДС
б) асқазанды зондтау
в)асқазанды барий мен ренгенографиядан өткізу
г)нәжісті жасырын қанға зерттеу
д)тік ішекті саусақтық зерттеу

9.Асқазаннан жедел қан кеткенде көрсетілетін фельдшердің тактикасы:


а) асқазанды жуу, аминокапрон қышқылын егу
б) ауырсыздандыру; ішке қыздырғыш қою
в) спазмалитик, преднизолон егу
г) ішке мұзды мұйық қою, гемостатик енгізу, аштық, тыныштық
д) антибиотик, сульфаниламид егу

10.“Аштық’’ және“түнгі”эпигастрий аймағындағы ауырғандық тән:


а)гастритке
б)асқазан ойық жарасына
в)асқазан обырына
г)он екі елі ішектің жарасына
д)жедел холециститке

11.Асқазаннан қан кеткенде фельдшердің тактикасы:


1.эпигастрий аймағына мұзды мұйық қою
2.сұйықтық пен тағам қабылдауына тыйым салу
3.науқасқа тыныштық қамтамасыз ету
4.ауырсынуды басатын препараттар енгізу
5.эпигастрий аймағына жылытқыш қою
а)1,2,3
б)1,2,4
в)1,3,5
г)2,3,4
д)3,4,5

12.Жедел жәрдем шақырылған.Науқас 32 жаста ,он екі елі ішектің ойық жарасымен 6жыл бойы ауырады.Соңғы апта ішінде түнгі мезгілде қарқынды ауырсынулар пайда болған.Пальпацияда:кенеттен эпигастрий аймағында ауырсыну,АҚҚ 90/60 мм.с.б. Науқаста аурудың қандай асқыну түрі:


а)асқазан мен ішек жолынан қан кету
б)миокард инфаркті
в)артериялды гипотония
г)жедел аппендицит
д)жедел панкреатит

13.Ойық жараның асқынулары:


1.жара малигнилизациясы
2.жараның жарылуы
3.асқазаннан қан кету
4.жедел цистит
5.пневмония
а) 1,2,5
б) 2,3,5
в) 3,4,5
г) 1,4,5
д)1,2,3

14.Ойық жараны тудыратын себептер, мынадан басқасы.


а)салқындау
б)жүйкелік психикалық стресс
в)ащы және ыстық тамақ
г)хеликобактер пилори
д)тұқым қуалау

15.Пациент 24жаста.Кенеттен эпигастрий аймағында пышақ сұққандай ауырсыну пайда болуымен әлсіздікке шағымданады.Анамнезінде: күз және көктем мезгілінде тамақ қабылдағаннан кейін ауырғандық болады.Объективті қарағанда:тақта тәрізді іш,кенеттен эпигастрий аймағындағы ауырсыну.АҚҚ 85/45. Пульс минутына 104рет минутына. Болжам диагноз:


а)созылмалы гастриттің асқынуы
б)тағам токсикалық инфекция
в)жараның жарылуы
г)өт жолдарының дискинезиясы
д)аппендицит

16.Асқазаннан қан кеткенде шұғыл көмекте қолданылатын дәрілер:


а)папаверин бұлшық етке егу
б) дибазол бұлшық етке егу
в) адреналин көктамырға егу
г) дицинон бұлшық көк тамырға
д) А.Д жауаптары дұрыс

17.Жараның обырға айналуының атауы


а)малигнизация
б)пенетрация
в)перфорация
г)пилостеноз
д)деформация

18.Асқазан ойық жарасының перфорациясына күдіктенгенде фельшердің тактикасы:


1.тез арада хирургты шақыру
2.зонд арқылы науқастың асқазанын тазалауға тырысу
3.аналгетиктер енгізу
4.аналгетиктер енгізбеу
5.эпигастрий аймағына мұзды мұйық қою
а)1,2,3
б)2,3,4
в)1,3,5
г)1,4,5
д)3,4,5

19.Сырқат 24 жаста. Шағымы: эпигастрий аумағында аяқ астынан басталған "қылышпен кескен" сияқты ауыру, жалпы әлсіздік. Сыртартқысынан: бұрын көктем - күз айларында аш қарында эпигастрий аумағы ауырады екен, бірақ тамақ ішкеннен кейін қойып кететін болған. АҚ - 85/45. Пульсі минутта 104.


Науқастың күйі қандай:
а)созылмалы гастриттің асқынуы
б)тағамдық уытты жұқпа
в)асқазан ойық жарасының тесілуі
г)өт шығатын жолдардың дискинезиясы
д)соқыр ішек

20.Ойық жараның перфорациясы деген күдік туғанда фельдшер не істеуі керек


1)тез арада хирург-дәрігерді шақырту
2)сүңгі арқылы науқастың асқазанын тазалауға тырысу
3)анальгетиктер енгізу
4)анальгетиктерді енгізбеу
5)ішіне суық басу керек
а)1, 2, 3
б)2, 3, 4
в)1, 3, 5
г)1, 4, 5
д)3, 4, 5

21.Ойық жараның асқыныуы болып табылады


1.асқазан жарасының малигнизациясы
2.асқазан қабырғасының тесілуі
3.асқазан жарасынан қан кету
4.өткір цистит
5.өкпе қабынуы
а)1, 2, 5
б)2, 3, 5
в)3, 4, 5
г)1, 4, 5
д)1, 2, 3

22.“ Қуыс” рентгенологиялық симптомды келесіден байқауға болады


а) гастриттен
б) бара ауруынан
в) асқазан ауруынан
г) өт қабының уруынан
д) бауыр циррозынан
Тапсырма 2. Жара ауруы асқынуларына анықтама беріңіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет