егер де науқас құсқысы келсе, онда сүңгіні енгізуді тоқтатады, одан бірнеше рет терең мұрынмен дем алуын сұраңыз, сосын енгізуді жалғастырыңыз;
сүңгіні енгізгенде науқаста жөтел болса, тыныс алу қиындаса, беті көгеру пайда болса (сүңгі көмекейге немесе кеңірдекке түскен), онда сүңгіні кері тез шығарып алыңыз және қайтадан оны енгізіңіз.
АСҚАЗАНДЫ СҮҢГІСІЗ ӘДІСПЕН ЖУУ
Мақсаты: емдік: уытсыздану – уытты заттардың әсер етуін тоқтату және оларды организмнен шығару.
Дигностикалық: химиялық заттарды, микроорганизмдерді және олардың уыттарын жуынды судан анықтау.
Қолдану көрсетілімдері:сапасы төмен тамақпен, дәрілермен, химиялық заттармен улану.
Дайындаңыз: ішінде суы бар 2-3 л ыдысты, стаканды, сүлгіні немесе салфеткаларды, дезинфектанты бар контейнерді, жуынды суға арналған ыдысты (шылапшынды).