«Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақдидар» балабақшасы МКҚК
Мамандығы
тәрбиеші
Оқу қызметінің технологиялық картасы Тобы: «Айзере» мектепалды тобы
Білім беру саласы: Коммуникация, Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметі түрі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: Сандар әлеміне саяхат
Мақсаты: 1 - ден 20 - ға дейінгі сандар қатары туралы алған білімдерін бекіту. Сандарды басқа сөздермен байланыстыра қолданып айта алу дағдыларын қалыптастыру. Шапшаңдыққа, тез ойлап, қазақ тілінде дұрыс жауап бере алуға үйрету. Балалардың танымдық және логикалық білімдерін арттыру.
Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал - жабдықтар: интерактивті тақта мен қаламы, доп, үлестірмелі материалдар.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, интерактивті флипчарт - ойын түрлері, дидактикалық - қимылдық ойыны.
Билингвальді компонент: бір – один-оne, екі – два-two, үш – три-Three, четыре – төрт-two, бес – пять-five т.б.
Уйл хлэп ту сию
«Ғажайып сәт».
- Балалар, бүгін біздер «Сандар әлеміне» саяхатқа барамыз (осы кезде «Маша мен аю» мультфильмінің кейіпкері Машаның дауысы шығады).
- Сәлем, Маша!
- Сәлем, балалар! Мен аю досыма келе жатыр едім. Сендердің «Сандар әлеміне» баратындарыңды естідім. Мені де ала кетіңдерші. Келесі жылы мен мектепке бармақпын. Сондықтан қазақша санауды үйренгім келеді.
- Жарайды, Маша, ендеше балалармен бірге сен де қазақша санауды үйренетін боласың.
Балалар бүгінгі біздің тақырыбымыз «Сандар әлеміне саяхат». Оқы қызметін бастамас бұрын сендерге сұрағым бар.
- Бір жылда неше мезгіл бар? - Кәне, атап шығайық Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді. Ақ шарды көрсету Мына шардың түсі қандай? - Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді? - Қыста жер қандай болады
Сары шарды көрсету Мына шардың түсі қандай? Бұл түс қандай жыл мезгілді білдіреді. - Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.
Жасыл шарды көрсету. Мына шардың түсі қандай? Бұл түс қандай жыл мезгілді білдіреді. - Табиғат көктемде оянып, жер беті жасыл шөпке толады. Көк шарды көрсету.
Мына шардың түсі қандай?
Бұл түс қандай жыл мезгілді білдіреді. -Ал жазда аспанымыз көк болып, көк мөлдір суға шомыламыз.
Жарайсыңдар осының бәрі балалар бізді қоршаған әлем екен иә. Бізді қоршаған әлем, яғни жанды және жансыз табиғат, жер, су, адамдар екен. Балалар, алдымен, сандарды есімізге түсірейік.
- Сәлеметсіз бе!
Балалар шаттық шеңберіне тұрып педагогпен бірге үштілде қайталайды.
Балалар қуанады.
Бір жылда төрт жыл мезгілі бар.
- Ақ түсті
-Қыс мезгілін. Себебі қыста қар жауады, жер аппақ болады.
-Сары түсті.
-Күз мезгілі. Күзде жапырақтар сарғаяды.
Жасыл түсті.
-Себебі табиғат көктемде жасыл болады.
-Көк түсті
- Жазда аспанымыз, суымыз көк түсті болып кетеді.
Ұйымдастыру-шылық ізденушілік
1. «Санап көр!» флипчарт - ойыны. Экранға суреттер мен сандар шығады. Балалар суреттер санына сәйкес санды қаламмен басады. Дұрыс жауапты басса, көңілді смайлик шығады, қате басса, көңілсіз смайлик шығады.
2.Машаға тағы бір тапсырманы шешу оңайға соқпай тұр. Бұл – белгісіз таңбалар мен сандар. Бұларды сандарды рет-ретімен қойса белгілі бір суреттер шығады.
3. «Алма бағында» флипчарт - ойыны. Аю Машаны сандар әлеміне жібермес бұрын алма ағашындағы алмаларды бүтіндеп беруін сұрайды. Алманың бір жағында саны, бір жағында дәнектері бар. Дәндерін санап, сәйкес санынымен біріктірсе бүтін алма шығады.
4. «Тасбақаның гүлге жетуіне көмектес» флипчарт ойыны. Сандарды өсу ретімен дұрыс басса тасбақа гүлге жетеді, ал содан соң кему ретімен жүрсе гүлден өз үйіне қайтады.
5. «Аудармашы» дидактикалық - қимылдық ойыны. Тәрбиеші балаларға допты лақтырады да, сандарды орыс және ағылшын тілінде айтады. Балалар қазақ тіліне аударып айтады да, допты кері лақтырады.
6. «Тапсырманы шеш» флипчарт ойыны. Балалар сендер сандарды жақсы біліп алдыңдар. Енді мына тапсырмаларды орындайық. Интербелсенді тақтамен жұмыс.
7. Үлестірмелі материалмен жұмыс. Балаларға әртүрлі сандар және оның ішінде әртүрлі жемістер бейнеленген. Балалар қағазды умаждау арқылы санды және оның ішіндегі жемісті желіммен жабыстырып сәндеуі қажет.
Балалар болған соң сандарынды өсу және кему ретімен қоя отырып бірінен соң бірі тұрады.
8. - Міне, Машамен бірге біз «Сандар әлеміне» жеттік. Бұған Маша өте қуанышты. Балалар, сендер де қуаныштысыңдар ма?
Балалар интербелсенді тақтамен жұмыс жасайды.
Балалар тапсырманы дұрыс орындауға тырысады.
3-4 бала шығып дәндерін санына сәйкес қойып ретке келтіреді.
Балалар интербелсенді тақтамен тапсырманы орындайды.
Балалар қимылды ойынды қызықтап ойнайды.
Балалар тақтамен жұмысты топпен жасайды. Одан соң педагог балаларға жеке жеке тапсырмаларды орындайды.
Маша:
- Жарайсыңдар, балалар! Мен өте қуаныштымын. Себебі мен сендер сияқты қазақ тілінде, ағылшын тілінде санай алуды үйрендім. Аю досыма да қазақша, ағылшынша санауды үйретемін.
Сау болыңдар!
Балалар оқу қызметін педагогпен қорытындылайды.
Күтілетін нәтиже: Балалар оқу қызметінде берілген тапсырманы белсенділікпен,
қызығушылықпен орындады.
Біледі: Балалар 20 санын ретімен санауды, тура және кері санауды білді.
Үйренеді: Балалар логикалық ойлауды үйренді.