Ақша — қорлану және қазына жинау құралы ретінде Ақшаның төлем және айналыс құралы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді. Ақшаның қорлануының қажеттілігі Т- А -Т айналымының екі актілерге Т — А және А — Т айрылуымен байланысты.
Капиталистік қоғамдық формацияға дейінгілер үшін байлықты — таза қазына- формасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым қорлануы тән келеді. Бұл экономикалық дамуға ешқандай да ықпал еткен жоқ, себебі олар шын мәнісінде айналыстан тыс жатқан акшалар болды. Капитализм тұсында бұл қазыналар несиелік жүйе және қор биржалары арқылы пайда әкелетін капиталға айналады. Қазына жинау қызметінің қажеттілігі тауар өндірісімен байланысты болды. Айналым капиталын немесе тұтыну заттарын алу үшін ең бастысы ақшаны жинау қажет.
Әрбір тауар тек қана жекелеген қажеттілікті анықтайды және олар жалпы байлықты білдірмейді. Толық бағалы акшалар материалданған құнның формасы ретінде байлықтың жалпы өкілін сипаттайды. Демек, қазына жинау құралы қызметін тек қана толық бағалы немесе нағыз акшалар орындауы мүмкін. Қазыналарды қорландыру алтын монеталар мен алтын құймаларын жинақтау түрінде жүзеге асады.
Металл ақшалар айналысы тұсында ақша жинау кызметі айналыстағы ақша массасын реттегіш рөлін атқармайды. Қазына тек қана мемлекеттің сактандыру қоры ретінде болады. Алтын резервтері мемлекетке экономикалық тәуелділіктің болуына кепілдеме береді. 1998 жылы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінде монетарлық алтынның қалдығы 4178,1 млн. теңгені құрады.
Несиелік және қағаз ақшалар қазына жинау құралы кызметін атқара алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бірақ та осы кызмет негізінде олар корлану кызметін жүзеге асырады. Ақша айналыс саласынан уақытша шығып қалғаннан кейін олар қорлана бастайды. Қорлану қызметінде ақша өзінің құнын сол формада сақтай отырып, олар кез келген уақытта айналысқа төлем немесе айналым кұралы ретінде түсе алады. Шынында да бұл елдегі ақша айналысының тұрақтылығы жағдайында, яғни инфляцияның болмауына байланысты ғана мүмкін.
Тауар өндіріс жағдайында қорлану екі формада жүреді: кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және депозиттік шоттарындағы ақшалай қаражат қалдығы түрінде ұжымдық қорлану;
Несиелік механизмнің арқасында кәсіпорындар мен халықтың ақшалары банктен берілетін қарыздар түрінде қайтадан айналыс процесіне түседі. Сөйтіп, ақшалар бұл кызметінде ұлттық табыстың қалыптасу, бөлу және қайта бөлу процесіне дәнекер болады.