Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы дамуы Ақша ерекше тауар, жалпыға бірдей балама, яғни, басқа тауарлардың жалпыға бірдей баламалық құнының нысаны.
Ақшаның тағы да бір ерекше қасиеті құнның сақталуын қамтамасыз ететін күші. Мысалы, құнды тауарға салса, оның ақшалай көлемі кұн санап азая береді. Өйткені, ол тауарды сактау үшін белгілі көлемде шығын шығарылады. Ал, егер, құн ақшаға салынса, ондай шығын болмайды.
Ақшаның мәнін көрсетуші оның атқарымы болып есептеледі. Экономиканың кез келген үлгісінде ақшаның атқарымы өзгермей, бір қалыпта қалады. Қазіргі жағдайда да ақшаның атқарымдары бұрынғыдай.