Банктік автоматтар (БА) — ол клиентке банк кызметкерлерінсіз банктік электронды есептегіш машиналарға қосылып, өз бетімен операииялар жүр- гізуге мүмкіндік беретін кұрылғы. Алғашқыда БА банк ғимаратында орналастырып, тек қолма-қол ақша беруге колданылды. Біртіндеп БА колдану масштабы өзгеріп, ол жүргізетін операциялардың шеңбері кеңейді. Қазір олар халыққа үнемі және көп қызмет көрсететін жерлерде орнатылуда. БА — тың тетігі-пластикалық дебеттік карточка. Ол — банктік шот иесінің мағлұматтарды және жүргізетін операциялар түрі жазылған арнаулы магниттік жолақ.
Терминалдар — сауда орындарында, ресторандарда және тағы басқа сауда ұйымдарындағы есеп айыратын қызметкерлер банк жүйесіне төлем операциялары туралы хабар беруге және оны сол жүйеге қосуға, сонымен қатар сатып алушының төлем қабілеттігі туралы хабарды кері алуға мүмкіндік беретін құрылғы. Терминалдарды енгізудің мақсаты — қолма-қол ақша айналысын қысқарту.