Ақшаның жалпыға бірдей



бет6/17
Дата07.02.2022
өлшемі77,33 Kb.
#92345
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Ақша және ақшалай міндеттеме

Несие карточкалары (электронды акциалар). Чектердің жаппай таралуы банктердің оларды өтеу қиыншылықтарын тудырады. Сондықтан чектермен қатар пластикалық карточкалар пайда болады. Бұл банк немесе сауда фирмасы шығарған, банктегі шот иесінің жеке басын құжаттандыратын және оған тауарлар мен қызметтерді бөлшек сауда да қолма-қол төлемсіз алуға беретін атаулы құжат.
Әлемде пластикалық карточкалардың оннан аса дебеттік және кредиттік түрлері бар: саяхат, халықаралық есеп айырысулар, банкоматтан қолма-қол акша алу, бөлшек сауда есептеу үшін және тағы басқа.
Қазақстан Республикасында несие карточкаларын енгізудің қадамдары жасалған. Осылайша, кезінде Әлембанк (қазіргі ТұранӘлемБанк) өзінің «Виза» несиелік карточкасын енгізген. Павлодар,
Өскемен, Ақсудың халықтары несие карточкаларын пайдалануда.
Сонымен қоса ТұранӘлемБанк қызметкерлерінің, несие карточкалары бар.
Қазақстан Ұлттық банкінің бұл жердегі рөлі карточкалардың ұлттық масштабта біртұтас болу стандартын белгілеумен шектелетіндігі, өз кезегінде тұтынушыларға колайлы жағдай туғызады. Ұлттық банкпен бірлескен ІВМ Корпорациясының пластикалық карточкаларды пайдалана отырып есеп айырысу жүйесін жасау жұмысы аяқталды.
Қазақстанда жұмыс жасап жатқан пластикалық карточкаларды айырбастау жұмыстары жүргізілуде, ол да өз кезегінде бұл жүйе жұмысының тиімділігін арттырып, сондай-ақ халықаралық төлем жүйелерімен байланысуға мүмкіндік жасайды.
Несиелік карточкаларын пайдалану ақша айналасы шығындарын үнемдей отырып, ақша айналымының жылдамдығын ұлғайтады. Бірақ бұл «ақшасыз шаруашылықты» жүргізудің мүмкіндігін білдірмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет