Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні Ақша өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады:
Жалпыға тікелей айырбасталу формасында ақшаны пайдалану, кез келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау, мүмкіншілігінің бар екенін көрсетеді. Социализм жағдайында бұл мүмкіндік елеулі кысқарды және тек коғамдық жиынтық өнімді пайдалану және бөлумен ғана шектелді. Кәсіпорындар, жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады. Қазіргі кезде жекешелендіру процестерінің жүруімен байланысты, жалпыға тікелей айырбастау формасында ақшаны тікелей пайдаланудың көлемі едәуір кеңейді.
Акшанын айырбас құнынын дербес формасы ретінде пайдалану тауарларды тікелей өткізумен байланысты емес. Ақшаны бұл формада колдану жағдайлары олар несие беру, бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктің несиелік ресурстарды баска банктерге сатуы және тағы баска.
Еңбектің сыртқы заттық өлшемі тауарды өндіруге жұмсалған еңбектің, олардың ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын анықтау арқылы көрінеді.
Ғалым-экономистердің арасында алтынның акшалай тауар ретіндегі рөлі туралы әр түрлі көзқарас бар. Біреулер алтынның демонетизациялануы аяқталып, ол жалпыға бірдей эквивалент және ақша кызметтерін атқару рөлін орындауды тоқтатты дейді.
Несие ақшалар Қағаз ақшалар әрдайым көмекші сипатқа ие. Қағаз ақшалардың дербес түрде ұзақ уақыт бойында айналу мүмкін емес, сондықтан да олармен қатар несиелік ақшалар жүреді.
Несие ақшалар — бұл несие негізінде алтынның орнына келген құнның кағаздай белгісі. Несие ақшалар несие беруші мен несие алушы арасындағы қарыз капиталының козғалысын көрсетеді және төлем құралы формасы ретінде өмір сүрудің меншікті формасын алады.
Несие ақшалардын негізгі турлеріне: вексель, банкнота, чек, несие карточкалары жатады.
Вексель — бұл мерзімі жеткен соң вексель иесіне (вексель ұстаушыға) вексельде көрсетілген соманы қарыз алушыдан (вексель берушіден) төлеуді талап ету құқын беретін жазбаша түрдегі қарыз міндеттемесі.
Вексель айналымының қасиетке ие болғандықтан, яғни қолма-қол
ақшаның орнына айналысқа түсуге бейім болғандықтан да, ол сауда ақшасы деген атауды иеленеді.
Вексель несиеге сату негізінде, яғни коммерциялық несиелеудің пайда болуымен дүниеге келеді. Коммерциялық несиелеу дегеніміз — кәсіпорындардың бір-бірін банктерді жанай өту арқылы несиелеу болып табылады. Несиелеу төлеу мерзімін ұзартып, тауарларды қарызға беру жолымен жүзеге асады. Сатып алушы- кәсіпорын, тауарларды сатып ала отырып ақшаны бірден төлемейді, жабдықтаушы кәсіпорынға вексель жазып береді (қарыздық міндеттеме). Егер де несие берушіге ақша керек болған жағдайда, ол банкке барып векселін есепке алуын өтінеді, ал банк ондағы есепке алу мөлшерлемесін алып қалу арқылы вексельде көрсетілген соманы бере алады.
Вексельдер жай және аудармалыболады.