«Асхат Аймағамбетов отсавкаға кетуі керек». Бұл пікір иесі Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Ұстаз Өмір Шыныбекұлы



Дата26.05.2022
өлшемі16,69 Kb.
#145111
Байланысты:
Өмір Шыныбекұлымен сқхбат


«Асхат Аймағамбетов отсавкаға кетуі керек». Бұл пікір иесі Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Ұстаз Өмір Шыныбекұлы.

Өмір Шыныбекұлы өз парақшасында білім саласындағы былықтарға білім министрінің араласпай отырғанын баса айтты. Оған қоса, егер Аймағамбетов орнынан түспесе министрліктен алған барлық марапатынан бас тартатыны туралы мәлімдеді.


«Түркістан облысы білім саласындағы осынша былықты естіп, көріп біліп отырып саусағын қыбырлатуға мұршасы келмей отырған БжҒМ министрі Аймағамбетов отставкаға кетуі керек..


Министр отставкаға кетпесе БжҒМ берген "Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері", "Ы.Алтынсарин" төсбелгілерінен бас тартатынымды мәлімдеймін...


Мұндай шарасыз министрліктен алған марапаттардың құны мен үшін көк тиын..

Ал соттасаң соттап жібер...


Педагог-әріптестерім демалыс кезінде шөп шауып жылап жүргенде мен мынау сылдырмақтарды тағып отырғаным иттік болар еді..»,-деді Өмір Шыныбекұлы өз жазбасында.




«Адырна» ұлттық порталының тілшісі Өмір Шыныбекұлымен хабарласып, сұхбаттасқан болатын.

Кеше facebook парақшаңызға жариялаған “Аймағамбетов отсавкаға кетуі керек” деген постыңыз БАҚ бетінде жүр.




-Жалпы “Халықтың сүйікті министріне” айналған Аймағамбетовтың экс- министрлерден айырмашылығы болды ма?

-А.Аймағамбетовтың жеке басына қояр еш кінәм жоқ.


Керісінше, мен көрген министрлердің арасындағы ең ашығы осы Асқат Қанатұлы болды..


Менің үндеуім біздегі басқару жүйесіне қатысты деп түсінген жөн.


2015 жылы сол кездегі БжҒМ министрі А.Сәрінжіповке облыстық Білім басқармаларын облыстық әкімдіктерден алып тікелей министрлікке бағындыруды айтып ашық хат жазғанмын. Солай етпесек, педагогтар сайлау-сенбілік секілді науқандарға тартыла бергені берген..


Білім басқармасының басшысы министрге емес, Облыс әкіміне бағынышты..

Кешегі мәлімдемем, кейінгі кездері аты жиі аталып кеткен Түркістан облыстық Білім басқармасына қарасты «Ұзын-ата» бала бақшасының өз басшысына қарсы шыққан қызметкеріне жасалған қысымға байланысты еді..




-2 жылға жуық еңбек етті, нақты қандай жоба, жүйесін қолдауға тұрарлық?

Министрліктің жұмысына баға беруге 2 жыл аздық етсе керек..


Көп нәрсе өзгерді деп айту қиын. Асқат Қанатұлы өзінің алдындағы министрлер бүлдіріп кеткенді түзетумен айналысып жатыр деген дұрыс болар..


Мәселен, «Әліппені» қайтарды, төменгі сыныптардан «үштілдік» дегенді ақырындап шегіндіріп жатыр деген секілді.


Енді ғана «Білімді ұлт» деген жоба жасалды. Жақында қоғам талқылауына түсіп қалар..


Сол жоба қабылданып, нәтиже берсе ғана Аймағамбетов бірдеңе бітірді деуге болады..


Дегенмен, Асқат Қанатұлы бұрын бірде бір министрдің қолынан келмеген ашықтықтың үлгісін көрсеткенін баса айтуымыз керек. Белсенді педагогтарды тоқсан сайын қабылдап тұрады, кеңеседі..




-Білім саласындағы былықтарды реттеуге қандай реформа керек?

Мектеп қоғамның кішкентай бөлшегі.


Жалпы елде саяси реформа жасалмаса, жекелеген бір салада жүргізген реформа жемісті болады деп айта алмаймын.




-“Шөп шауып жылап жүрген әріптестерім” дедіңіз. Алдыңғы жылы “мұғалімдер өздеріне тиесілі емес жұмысты атқармайды” деген заң қабылданған еді. Қағаз да жазылғанымен, заң жүзінде күшіне енбегені үшін біз министрлікке қандай әрекет жасай аламыз?

«Педагог мәртебесі туралы» заңда педагогті міндетіне жатпайтын жұмыстарға жегуге тыйым салынатыны анық айтылса да жергілікті жердегі кейбір әпербақан басшылар оларды құлдай жұмсауын доғарар емес.




-Кешегі постыңыздан кейін әлдекімдерден қоңырау түсіп, қысым көрсетілді ме?

Иә, біраз адам қоңырау шалды. Қысым деуге болмас, постымды алып тастауға өтініштер болды..


Постым орнында түр..


Сұхбатыңызға рақмет!




Інжу ӨМІРЗАҚ,
«Адырна» ұлттық порталы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет