Асхат әлімов интербелсенді әдістерді жоғАРҒы оқу орындарында қолдану оқу құралы Алматы



бет175/310
Дата25.04.2020
өлшемі1,85 Mb.
#64655
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   310
Байланысты:
Әлімов Асхат. ЖОО интербелсенді әдістерді қолдану

2.2 Бақылау
Бақылау – қандай да бір жәйттерді (фактілерді) анықтау үшін ақпаратты жинақтау құралы.

Бақылау арқылы, мәселен, студенттердің сабақта қалай жұмыс жасағандығын немесе сабақтың қалай өткендігі туралы ақпарат жинап, талдау жұмысын жүргізуге болады. Бұл үшін бақылау парақтарын қолданған тиімді. Сабаққа, жұмыс барысына өзгертулер енгізу мақсатында мұндай парақтарды бірлесе талқылап, олар бойынша қорытынды шығарып отыру керек.


Кесте №22

Студенттің семинар сабағындағы жұмысын бақылау парағы

Аты-жөні


Бақылау ұзақтығы

(уақыты)

Өзіндік пікірлер келтіруі



Сұрақтар қоюы


Сұрақтарға

жауап беруі

Топ жұмысына араласуы

















Студенттің жұмысы бойынша оқытушының қорытынды пікірі








Кесте №23

Студенттің пікірталасқа қатысуын бақылау парағы




Студенттің аты-жөні _________________________________________________  




Қандай жиілікте

Әрекеттері




Әрқашан


Әдетте


Кейде


Ешқашан

Берілген тапсырма мен сұрақтарды түсініп алуға тырысып, басқалармен бөліседі.



 

 

 

 

Оқулыққа сүйенбей, идеялар мен ойлар келтіреді.



 

 

 

 

Тыңдай біліп, сөйлеушіні қуаттап отырады.



 

 

 

 

Өз пікірлерін дерек көздерімен немесе практикамен дәлелдейді.



 

 

 

 

Пән ауқымында қалмай, пікірлерін кең тұрғыдан қалыптастырады.



 

 

 

 

Пікірлерді қорытындалау мен жалпыламалауға ұмтылады.



 

 

 

 

Басқаларды тыңдайды, бөтен пікірмен санасады.



 

 

 

 

Өз ойларын басқа пікірлермен салыстырып, қорытынды шығарады.














Жаңа түсініктердің пайда болуына мүдделі.














Бұл парақта студенттің жұмысын «+» немесе «-» белгілерін қойып бағалауға болады.

Төменде келтірілген кестеде жеке студенттің жұмысы бағаланбай, сабақтың барысы бақыланады. Бақылаушы парақтың оң жағындағы бағанға өз пікірлерін келтіреді.
Кесте №24

Сабақты бағалау парағы

Пән _________________________________________________

Оқытушы _________________________________________________

Уақыты _________________________________________________






Талаптар



Комментарий

Аудиториядағы психологиялық климат





Студенттердің қызығушылығы (мотивациясы)





Студенттердің белсенділігі





Студенттердің бірлесе жұмыс жасауы





Блум таксономиясы бойынша жоғары деңгейдегі сұрақтар мен тапсырмаларды қолдану





Сабақ құрылымының жүйелігі





Оқытушы және студенттер қолданған әдіс-тәсілдер





Бағалау тәсілдерін қолдану





Сабақтың нәтижелігі туралы жалпылама пікір







2.3 Есеп беру

Есеп беру – оқу процесінің динамикасын көрсету үшін оның әр кезеңінде студенттер мен оқытушының өзінің жұмысы, бақылауы мен бағалауын жазбаша түрде келтіруі.

Есеп беру үйренушілер мен оқытушылардың талаптарды қандай деңгейде орындағандығын көрсетіп, оқу процесін жоспарлауға өзгертулер енгізу мүмкіншілігін береді.


2.4 Сауалнама

Сауалнама – берілген сұрақтарға жауап беру арқылы ақпарат жинақтау.

Сауалнаманы алдын-ала құрастырып, респонденттерге таратып берген орынды. Мәселен, семестр басында студенттің мұқтаждары мен қызығушылығын анықтау үшін кіріспе сауалнамасын жүргізген орынды. Студенттердің жауаптары пән мазмұнында қажетті өзгертулерді жасап, үйренушілердің танымдық деңгейін анықтауға септігін тигізеді.

Семестр аяғында студенттерге кіріспе сауалнамасын қайтарып, оларға өздерінің мұқтаждары қаншалықты ескеріліп, өз білімдерінің қандай дәрежеде өскендігі туралы ой-толғаныс жұмысын жазуды тапсыруға болады.
Студенттерге арналған кіріспе сауалнамасының сұрақтары

1. Семестрде пән бойынша алдыңызға қандай мақсаттар қоясыз? Келтірілген тізім ішінен 3-5 мақсатты таңдаңыз:



а) емтиханда жақсы баға алу

ә) емтиханға жақсылап дайындалу

б) өзіндік тұрғыдан оқып/үйрену дағдыларын дамыту

в) үйренудің тиімді әдіс-тәсілдерін меңгеруді жалғастыру

г) пән бойынша негізгі ұғымдар, түсініктер мен заңдылықтарды білу

ғ) оқулықта берілген мәліметтерді игеру

д) мұқият тыңдай біліп, жүйелі түрде сөйлей білу

е) өмірде қажетті білім алу

ж) өз қабілеттерімді дамыту

з) өмірде туындаған проблемаларды шеше білу

и) ешнәрсе білгім келмейді.

2. Пән игеруде әрекеттердің қандай түрлерін таңдап алар едіңіз? Келтірілген тізім ішінен 3-5 әрекетті таңдаңыз:



а) әр сабақта топ ішінде бірлесе жұмыс жасау

ә) өзім құрастырған жоспар бойынша оқу

б) өзіндік тұрғыдан оқып/үйрену

в) ақпарат көздерінен тапқан мәліметтерді басқалармен талқылау, бөлісу

г) білгенімді анықтап, оны әрі қарай қалайша дамытудың жолдарын қарастыру

ғ) өз білімдерімді қолдану

д) семестр бойы қорытынды жоба бойынша жұмыс жасау

е) студенттердің сабақта да, сабақтан тыс уақытта да бірін-бірі оқытуы

ж) оқытушыны тыңдау және оның сұрақтарына жауап беріп, берген тапсырмаларын орындау

з) оқулықты оқып, игеру

и) әрекеттенгім келмейді.

3. Оқытушының сабақтарда қандай әдіс-тәсілдерді қолданғанын қалар едіңіз? Келтірілген тізім ішінен 3-5 тәсілдерді таңдаңыз:



а) дайын жауап бермей, жауап ізденуді ұйымдастыру

ә) студенттермен диалог (әңгіме, сұхбаттасу) құру, олардың пікірін сұрап, қандай да болмасын мәселені талқылау

б) оқулықтағы мәліметті өз сөзімен түсінікті етіп жеткізу

в) студенттердің бірін-бірі оқыту тәсілдерін қолдану

г) лекция түрінде: білгенін келтіріп, студенттердің конспект жүргізуін талап ету

ғ) оқытудың техникалық құралдарын қолдану (компьютер, интербелсенді тақта, проекторлар)

д) белсенді үлестірмелі материалдарды тарату

е) тақта мен борды қолданып, мәліметтердің бір бөлігін келтіру

ж) ақпараттың басқа да формаларын қолдану: кесте, схема, диаграмма, график

з) студенттерге әдіс-тәсілдерді таңдауда ерік беру

и) оқытушының өзі біледі.
2.5 Интервью

Интервью – сұрақ-жауаптар арқылы қандай да болмасын мәселені талқылау және өзіндік пікір келтіру.

Интервью арқылы студенттің немесе оқытушының сабақ тақырыбы немесе оқу/оқыту процесі жайлы пікірлерін білуге болады. Мұнда интервью сұрақтары алдын-ала дайындалып, сұхбаттасушыларға (интервьюерлерге) таратылады. Олардың жауаптары оқу/оқыту процесінің деңгейін анықтап, оған өзгерістер енгізу мүмкіншілігін береді.


Кесте №25

Студенттен интервью алу парағы

Студенттің аты-жөні ______________________________________________

Талқыланатын сабақ тақырыбы немесе проблема ___________________

________________________________________________________________





Сұрақтар___Студенттің_жауаптары'>Сұрақтар


Студенттің жауаптары

- Сабақ Сізге ұнады ма? Өз пікіріңізді дәлелдеңіз.

- Сабақтың ең ұтымды жерлері қандай болды?

- Сабақ тақырыбының (проблеманың) Сіз үшін қандай маңызы бар деп ойлайсыз?

- Бүгінгі үйренгеніңіз Сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба? Неліктен?

- Осы тақырып (мәселе) бойынша тағы да не білгіңіз келеді?

- Осы тақырып (мәселе) бойынша қандай ақпарат көздерін қарастырасыз?

- Бұл проблеманы шешуде Сіздің үлесіңіз қандай болды деп есептейсіз?

- Сабақта қандай әрекеттер атқардыңыз?

- Топ жұмысы қандай деңгейде өтті деп ойлайсыз? Неліктен?

- Өз жұмысыңызға қанағаттанасыз ба?







Кесте №26

Оқытушыдан интервью алу парағы

Оқытушының аты-жөні ______________________________________________

Талқыланатын сабақ тақырыбы немесе проблема ___________________

________________________________________________________________





Сұрақтар


Оқытушының жауаптары

- Сабақ қалайша өтті деп ойлайсыз?

- Жоспарлаған мақсаттарыңызға жеттіңіз бе? Оған қандай дәлелдер келтіресіз?

- Сабақтың ең ұтымды жерлері қандай болды деп ойлайсыз? Неліктен?

- Бұл сабаққа қандай өзгертулер енгізер едіңіз? Неліктен?

- Сабақ тақырыбының (проблемасының) студенттер үшін қандай маңызы бар деп ойлайсыз?

- Студенттердің бүгінгі үйренгені болашақта қалайша қажет болады деп ойлайсыз?

- Студенттердің сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін қандай әрекеттерді қолдандыңыз?

- Студенттердің белсенділігі қандай дәрежеде болды деп ойлайсыз? Неліктен?

- Бүгінгі сабақтан түйген ең маңызды ойыңыз қандай болды?








2.6 Рубрика
Рубрика - студенттер орындаған жұмыстардың қандай болуы керектігін (параметрлер белгілеу арқылы) және қандай бағаға тұрарлық екендігін нақты түрде айқындау, бағалаудың дәл талаптарын (критерийлерін) таңдау және тағайындау.

Студенттердің жұмыстары субъективті тұрғыдан бағаланбауы үшін, жұмыстарға қойылатын талаптарды алдын-ала айқындап алу студенттердің өз жұмысында озық үлгілерге (идеал) сүйеніп, қалай жазу керектігін есте ұстап, жұмыстарды сол тұрғыдан орындауына жол береді. Бұл өз кезегінде студент жұмыстарының сапасын арттырады.



Критерийлердің келесі ережелерге сай болғандығы дұрыс:

  • Критерийлер үшеуден кем болмауы керек.

  • Критерийлер студенттерге алдын-ала белгілі болуы керек.

  • Критерийлер студенттермен бірге құрастырылуы керек.

  • Оқытушы ұсынған критерийлер студенттер тарапынан толық қабылдануы керек.

  • Бағалаудың әрбір түрі мен әрекеті үшін бөлек критерийлер қажет.

- Критерийлер жазбаша түрде келтірілуі керек.

- Критерийлер жария түрде келтірілуі керек: силллабустардан орын алып және аудитория қабырғасына іліп қойған орынды.

Төменде қандай да болмасын тақырыпқа жазылған эссенің бағалау критерийлері келтіріледі.
Эссені бағалауға арналған әмбебап рубрика

Мазмұны мен ұстанған көзқарасы


  • Көлемі бекітілген мөлшерден кем емес;

  • Берілген тақырып ауқымында жазылған, одан алшақтаулар жоқ.

  • Нақты проблема айқындалып, эссе соны шешуге бағытталған.

  • Таңдап алынған позиция немесе көзқарас нақты айқындалған және кең контексте қарастырылады (тарихи, әлеуметтік, саяси, экономикалық, т.б.);

  • Нақты айқындалған дербес көзқарас ұстанылады: оқулықты немесе лекцияны қайталамайтын, өзіндік «Мені» анық көрінетін идеялар (пікірлер, ойлар) келтіріледі.

Құрылымы

  • Үш бөлімді құрылым нақты айқындалған: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды;

  • Бір бөлімде келтірілген идеялар екінші бөлімде тура сол қалпында қайталанбайды: өзгертілген, түрлендірілген қалыпта беріледі, дамытылады;

  • Бөлімдер арасында логикалық байланыс байқалады, «сонымен бірге», «сөйтіп», «сонымен», «алайда», т.б. сияқты байланыстырғыш сөздер қолданылады.

Стиль

  • Жай сөйлемдерге қарағанда құрмалас сөйлемдер көптеп қолданылған;

  • Оқығанда қиындық туғызбайды, түсінікті, стилистикалық қателер кездеспейді;

  • Атаулар мен терминдер өз мағынасында қолданылған;

  • Сөздер өз мағыналары тұрғысынан дұрыс қолданылған;

  • Біркелкі немесе ұқсас ұғымдар мен түсініктер синонимдер арқылы беріледі;

  • Таза және ұқыпты жазылған, орфографиялық және пунктуациялық қателер жіберілмеген.

Ұстанған позиция

- Өзіндік, соны пікір келтірілген, лекция немесе оқулықты қайталамаған;

- «МЕН» ұғымы тұрғысынан жазылған;

- Біреудің пікірін қайталамайды;

- Нақты айқындалған;

- Жалпы адами немесе кәсіби құндылықтар тұрғысынан келтірілген;

- Түсінікті.



Дәлелдемелік негіз

  • өз көзқарасын жақтайтын бірнеше дәлелдер келтірілген;

  • өз пікіріне қарсы дәлел келтіріліп, ол өз позициясының артықшылықтарын келтірумен жоққа шығарылған;

  • қоғамда жаппай қабылданған құндылықтарға, кең тараған пікірлерге және беделді адамдардың көзқарастарына сілтеме жасалады;

- дәлелдер эмоционалды және субъективті материалдарға сүйенбей, фактілерге негізделеді, олар өздерінің өміршеңділігі мен шынайылығымен оқырманның сенімін тудырады;

  • өз көзқарасының дәлелдері ретінде нақты мысалдар келтіріледі;

- нақты және айқын түрде ұстанған көзқарасының қоғам өмірі үшін келтірілетін салдары, артықшылықтары немесе зардаптарын көрсетеді;

- ақпарат көздерінің нақты көздеріне сілтеме жасалады (БАҚ, Интернет, арнайы әдебиет).



Қорытынды

- нақты және айқын тезистер келтіріледі;

- проблеманы шешуде қолдануға тұрарлық нақты ұсыныстар келтіріледі;

- ұсыныстар өмірде кездесетін ситуациялар тұрғысынан келтірілген, нақты өмірмен тығыз байланысты.

Бұл рубрика үлгілі жұмыстың («өте жақсы» бағасына тұрарлық) параметрлерін сипаттайды. Ал басқа жұмыстардың критерийлері одан төмендеу болады.

Әрбір жұмысқа талаптарды (критерийлерді) өзгешелеп қою керек. Талаптарды белгілеу сонымен бірге жұмыстарды орындау реті, алгоритмі болады, өйткені мұнда жұмыстың қалай орындалатындығы да келтіріледі.

Жазу жұмыстарының критерийлерін белгілейтін басқа да рубрикалардың мысалдарын келтірейік.
«Өзіндік көзқарас пен ұсыныстар» эссесі

(экономикалық мамандықтардың студенттері үшін)

Тақырып. Өкімет тарапынан студенттерге берілетін несие мәселесі.

Ситуация. Жуырда парламентте өкімет тарапынан студенттерге берілетін несие мәселесі талқыланды. Бұл отырысқа студент қауымының өкілдері де шақырылды. Сіз де өз оқу орныңыздан осы талқылауға қатыстыңыз.

Тапсырма. Парламент отырысының қалай өткендігі жайлы есеп беріп, проблеманы шешудің тиімді жолдарын ұсыныңыз. Өз ұстанымдарыңызды дәлелдеу үшін қажетті заңнамалық және экономикалық құжаттарды қолданып, оларға сілтеме жасаңыз. Жұмыстарыңызды келесі сабаққа алып келіңіздер. Жұмыстарыңыздың жинақ ретінде басылып, басқа мамандықтардың студенттеріне таратылатындығын ескертемін.

Жұмыс көлемі. Жұмыс үш парақтан кем болмауы керек. Жазу параметрлері: Тimes New Roman шрифті, 14 кегль, 1,0 интервал, кернез ауқымы – 3×2×2×1,5.

«Өзіндік көзқарас пен ұсыныстар» эссесін бағалауға арналған

Рубрика

«Өте жақсыға» бағаланатын эссеге қойылатын критерийлер:

Мазмұны және ұстанған позициясы:

- нақты тезистер (идеялар) келтірілген, өзіндік көзқарас (позиция) айқын беріліп, жан-жақты тұжырымдалған;



- қажетті ақпаратпен негізделген салмақты дәлелдер келтірілген;

- барлық маңызды мәселелер қарастырылған;

- жан-жақты, терең талдау жасалынып, нанымды қорытынды жасалған;

- тұжырымдамалық қателер жіберілмеген.



Жан-жақтылығы:

- тақырыптың барлық бөлімдеріне біркелкі назар аударылады;



- қажеттілігі бар болғанда әртүрлі көзқарастар талданып, қорытындыланады.

Дәлелдемелік негізі:

- қажетті және дәл ақпарат келтіріледі (тарихи, заңнамалық, конституциялық және т.б.);

- проблема терең қарастырылады;



- бұқаралық пікір мен беделді адамдардың пікірлеріне, ғылыми көзқарастарға сілтеме жасалады;

- қосымша ақпарат қолданылады.

Баяндау:

- құрылымы логикалық тұрғыдан мінсіз, бөлімдер арасында байланыс анық көрінеді;

- жазу стилі ерекше: бірден көзге түседі, жұмыстың мазмұнын әрлендіреді;

- сөз қолдануы түсінікті, айқын және нақты, баяндау бір стильдің аумағында (эссеистік, публицистикалық, ғылыми, т.б.).



«Жақсыға» бағаланатын эссеге қойылатын критерийлер:

Мазмұны және ұстанған позициясы:

- нақты тезистер (идеялар) келтірілген, өзіндік көзқарас (позиция) тұжырымдалған;



- қажетті ақпаратпен негізделген дәлелдер келтірілген;

- барлық дерлік маңызды мәселелер қарастырылған;

- талдау және қорытындылау жасалған;

- тұжырымдамалық қателер жіберілмеген.



Жан-жақтылығы:

- тақырыптың барлық дерлік бөлімдері қамтылған;



- әртүрлі көзқарастар талданып, қорытындыланады.

Дәлелдемелік негізі:

- қажетті және дәл ақпарат келтіріледі (тарихи, заңнамалық, конституциялық және т.б.);

- проблема терең қарастырылады;

- қосымша ақпарат қолданылады.

Баяндау:

- жақсы құрастырылған эссе;

- жазу стилі бірден көзге басылып, жұмыстың мазмұнын әрлендіреді;

- сөз қолдануы айқын және нақты.



«Қанағаттанарлыққа» бағаланатын эссеге қойылатын критерийлер:

Мазмұны және ұстанған позициясы:

- кең контекст берілмеген және де нақты позиция айқындалмаған;

- келтірілген дәлелдер нақты сілтемелермен қамтамасыздандырылмаған.

Жан-жақтылығы:

- барлық мәселелер қарастырылмаған:

- құжаттар тек аталады немесе құжаттарға жасалған сілтемелер өзіндік көзқарас тұрғысынан бағаланбайды.



Дәлелдемелік негізі:

- қолданылған ақпарат (тарихи, әлеуметтік, саяси, экономикалық, заңнамалық) дәл келтірілмеген, оларда қателер жіберілген;

- зерттелініп жатқан проблема терең қарастырылмаған.



Баяндау:

- баяндалған материалдың ішкі құрылымы (позиция, көзқарас, пікірлер және идеялардың өзара байланысы) байқалмайды;

- орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателер түсінуді қиындатады.

«Дербес пікір» жазу тәсілі

Студенттерге сабақ соңында 7-8 минут ішінде қарастырылған мәселе бойынша келесідей құрылымдағы жазба жұмысын ұсынуға болады:

1. Өзіндік пікір (ой, идея).

2. Дәлел.

3. Өз пікірін айғақтайтын мысал

4. Өз пікіріне қарсы дәлел

5. Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал.

6. Қорытынды.

Мұндай жұмысты орындауда әрбір жауаптың қанша сөйлеммен берілу керектігін де көрсетуге болады:

1. Өзіндік пікір (ой, идея) – бір сөйлем.

2. Дәлел – екі сөйлеммен келтіру керек.

3. Өз пікірін айғақтайтын мысал – екі сөйлем.

4. Өз пікіріне қарсы дәлел – бір сөйлем.

5. Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал – бір сөйлем.

6. Қорытынды – екі сөйлемнен тұрады.

Сонымен бұл жұмысты небәрі 9 сөйлеммен жазуға болады. «Дербес пікір» жазуын бағалауда келесідей критерийлерді ұстануға болады (бұл талаптар студенттерге алдын-ала таратылып беріледі). Бағалауды студенттердің өздері де жүргізсе болады.


Кесте №27

«Дербес пікір» тәсілін бағалаудың критерийлері



Тапсырмалар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет