Асхат әлімов интербелсенді әдістерді жоғАРҒы оқу орындарында қолдану оқу құралы Алматы
Әлімов Асхат. ЖОО интербелсенді әдістерді қолдану
Егерде бұл жұмысты орындау нәтижесінде студенттерге баға қою қажет болатын жағдайда бағаларды келесідей бөлуге болады (мұнда көрсетілген әрбір талапты қадағалағандығы үшін бір балл беріледі, яғни студент 12 балға дейін жинай алады): - «өте жақсы» - 11-12 балл, - «жақсы» - 9-10 балл, - «қанағаттанарлық» - 6-8 балл.
Портфолио - студенттің оқу процесіне қалайша қатысатындығын көрсететін жұмыстарының жиынтығы ретінде оқудың тиімділігі деңгейін айғақтайды, оқу процесінің студент үшін қандай нәтиже беретіндігін көрсетіп, студенттермен кері байланыс құру тәсілі болып табылады. Бұған қоса портфолио студенттердің бірлесе жұмыс жасап, оқытушылармен әрекеттесуге септігін тигізеді, өйткені ол студенттердің жетістіктері мен дамуының динамикасын талдау жұмысына студенттердің өздері мен оқытушының қатысуын талап етеді. Портфолио студенттердің оқуын қорытынды әрекет (емтихан) бойынша бағаламай, процесс бойынша бағалау мүмкіншілігін береді. Портфолиоларды электрондық түрде де келтіруге болады (Қараңыз: М.Лебедева, О.Шилова, 21-25). Портфолио бірнеше қызмет атқарады: жүктеу/скачать 1,85 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |