2. Астарлы мағынаны ажырату - екi тұжырымның өзара қатынасын көрсету. Бұл қатынастар тура көрсетілмеген немесе айтылмаған тұжырымдарды, ассоциацияларды, нәтижелер мен салдарды келтіру арқылы көрсетіледі. Мұнда мәліметтің жасырын, астарлы ұғымы мен мағынасын айқындау керек.
Мәселен, «Біз бәріміз де Көксерекпіз!» деген ұстаным қалайша түсінесіздер?» деген сұраққа жауап беру үшін үйренушілер М.Әуезовтың «Көксерек» повесінің астарлы, жасырын мағынасын түсінуі керек. Бұл шығарманың бірден көзге түсетін проблемасы «Адам және табиғат». Ал шындығында Мұхтар Әуезов мұнда келесі сұраққа жауап беруге тырысқан сияқты: «Көксерек бұл дүниеге келгенде, көзі ашылмаған бөлтірік еді: пәк еді, бейкүнә еді. Кейіннен ол тажалға айналды. Адам да өмірге бейкүнә нәресте ретінде келеді. Алайда кейінірек ол да тажалға айналады. Неліктен? Кім кінәлі бұған: қоғам мен орта ма, әлде адамның өзі ме?» Үйренушілер шығарманың осы секілді тұспалды, көзге көрінбейтін мәнін анықтау керек.
Астарлы мағынаны ажырату айсбергтің (мұзды таудың) су астында жатқан оннан тоғыз бөлігін айқындаумен бірдей.
Достарыңызбен бөлісу: |