Байланысты: А.Әлімов Интербелсенді әдістерді ЖОО қолдану.doc.doc (копия)
Жүйелі ойлаутекқанабелсендітүрдеғана сіңіріледі. Ал егер де оны игермесек, онда біз күнделікті проблемалар туралы тек интуитивтік білім (оның кемшіліктерінің баршылық екендігін мойындауымыз керек) арқылы ғана ойланатын боламыз да, мектептік білім негізінде емтихан мен тестерді тапсырып, таныстарымыз алдында сол білімізбен мақтанатын боламыз. Жүйелі білім мен ойлау дегеніміз ғалымдар, әдеби сыншылар мен әлеуметтік философтар қолданатын ойлау түрі, ол жоғарғы білім беру жүйесінің ең лайықты және үйлесімді мақсаты болып табылады. Біз студенттеріміздің тек жеке пәндердің негізгі тұжырымдарын біліп қана қоймай, сонымен бірге алған ақпарат негізінде жүйелі түрде ойлай білетін дағды алуын қалаймыз, яғни олар осындай терең тұжырымдамаларды құрастыруға әкелетін білікті меңгеруі керек; кейініректе бұл дағды студенттерге бұдан да көлемді жаңа білім құрастырып, бүгінгі күні оқытушылар болжап біле алмайтын проблемалардың шешімін табуға мүмкіншілік туғызады.