1. Жоғары оқу орындарында бағалау мәселесі туралы
1.1 Оқу сапасы және студенттердің білімін бағалау
«Бағалау не үшін керек?» деген сұраққа дәстүрлі оқыту жүйесінде «Студенттердің білімін тексеру үшін» деген жауап беріледі, өйткені мұнда бағалауды оқытушы тарапынан студенттің білім деңгейін анықтау деп қарастырылады. Осы тұрғыдан оқытушылар өз әрекеттерін межелік/аралық бақылауда немесе емтиханда студенттерден берілген сұрақтарға ауызша жауап алумен немесе тест қабылдаумен шектейді. Алайда мұндай тексеріс көп жағдайда студенттердің есте сақтау қабілетін ғана анықтап, олардың не үйренгендігін, білімділігі мен біліктілігінің жалпы деңгейін айқындамайды. Бұған қоса бұл жерде «бағалау» ұғымы «баға қою» ретінде қабылданады, ал мұндай түсінік бағалаудың мазмұны мен барлық ерекшеліктерін айқындамайды.
Достарыңызбен бөлісу: |