Келіссөз жүргізу ойыны Кіріспе. Студенттерді үш топқа бөліңіз. Олар ферма құрушы жолдастардың келіссөз жүргізуін ойнауы керек. Топтарға ойын шарттары мен тапсырмаларын түсіндіріп, нұсқаулықтарды үлестіріп беріңіз. Нұсқаулық: Сейітжан, Абыл және Әбдірахман есімді үш жолдас күніне 1000 $ таза пайда беретін сүт өнімдерін шығаратын ферма құруды жоспарлап, бұл фермада кімнің қандай қызмет атқаратындығы және пайданы қалайша бөлетіндігі жайлы келісіп алады. Бұл келіссөзге олардың әйелдері де қатынасады. Келіссөзде келесідей жәйттер ерекше ескерілді: Сейітжанның 60 гектар жері бар, Абылда жүк машинасы және дәнді дақылдар тұқымы бар, ал Әбдірахманда трактор және сүт сауатын агрегаты бар. Сүт өнімдерін 44 шақырым жердегі қалаға әр күні апарып, сату керек. Күнделікті фермада екі адам жұмыс істеуі қажет, бірақ Абылдың ауыл шаруашылығымен айналысу тәжірибесі мүлдем жоқ, демек ол фермада тек біреуге көмекші ғана бола алады. Бұған қоса Сейітжанның жерінің жартысы ғана суармалы, ал Әбдірахманның тракторы ескі. Алайда үш жолдас та араларында бұрыннан қалыптасқан жылы қарым-қатынасты бұзғысы келмейді. Тапсырма: Жолдастардың фермада атқаратын қызмет пен пайданы қалайша бөлісуі мүмкін? Әр топ 8 минуттық дайындықтан кейін келіссөз жүргізу версиясын 10 минут ішінде көрсетуі тиіс. Топ версияларын талқылау барысында оларға келесідей сұрақ қоюға болады: - Сіздер келісімге қалайша келдіңіздер? - Барлық қатысушылар келіссөз нәтижесіне риза болды ма? - Келіссөзде кім ұтты? Кім ұтылды? Неліктен? - Келіссөз жүргізгенде қандай маңызды жәйттерге назар аудару қажет?