7. Пікірталасты қорытындылау және бағалау. Пікірталасты қорытындылау - оның тиімділігінің айғағы. Сол себепті де пікірталас соңында қатысушылардың қорытынды пікірлеріне тоқталып, проблема шешудің ең тиімді жолдары қысқаша сарапталады. Бұл жерде жүргізушіге кейбір пікірлердің осал жақтарына (кемшіліктеріне) тоқталуына болады.
Талқылау барысында жиі келтірілген және ұтымды пікірлерге де талдау жасалады. Мұнда ұстанымдардың мазмұны, тереңдігі мен ғылымилығы, дербестігі, дәлелдердің ұтқырлығы, терминдер мен түсініктердің қолданысы сарапталады, қатысушылар өз әрекеттері мен көзқарастары жайлы әңгіме қозғайды. Студенттер пікірталаста келтірілген дәлелдер мен оларға қарсы айтылған уәждерге қайта оралып, оларды толықтыру мүмкіншілігін алады. Бұған қоса олар тақырыптан ауытқып, пікірталас барысында туындаған басқа да мәселелерді талқылауға ұсынады.
Талқылау соңында студенттер өз ойларын эссе немесе басқа да жазбаша түрде жеткізуі керек. Олардың идеялары мен ұсыныстары пікірталас әдістемесін жақсарту үшін қолданады.
«Торлы талқылау» немесе Қайшыланған пікірталас 1) Екі жақты шешімі бар проблеманы келтіргеннен кейін, оқытушы студенттердің осы мәселе төңірегіндегі өз ойларын қағазға түсіріп алып, өз көзқарасын айқындауын сұрауы керек.
Бұл жерде студенттер «Т-кестесін» қолданғаны орынды. Олар оқытушы ұсынған проблема (немесе сұрақты) жазып алғаннан кейін дәптерін екіге бөліп, сол жақ бағанға бірінші көзқарасты жақтайтын, ал оң жақтағы бағанға екінші көзқарасты негіздейтін дәлелдерді келтіреді. Осыдан кейін олар өздерінің қай позицияны жақтайтындығын кестенің астына жазып қояды.
Әлемдік дағдарыстың салдары Қазақстан экономикасының дамуын бәсеңдетеді ме?