4. Екі позицияныайқындайтын сұрақтар - Пікірталасқа қатысушы екі жақ бір-біріне ұстанымдарын нақтылайтын сұрақтар қойып, оларға жауап береді.
- Бұл әрекетке 3-5 минут берген орынды. Әр команда сұрақтарға дайындалуға мұрсат алғандығы да дұрыс болады. Олар бірлесе отырып, өз жауаптарын талқылап, өз араларынан кімнің сөйлейтіндігін белгілейді.
5. Позицияларды қорытындылау - Қарсы жақтарға соңғы сөз беріледі. Берілген уақыт ішінде (мәселен, 3 минут) әрбір жақ кезекпен өз позициясы бойынша соңғы дәлелдер мен уәждерін келтіреді.
- Пікірталас барысында топтардың ұстанымдары қарсы жақтың ықпалымен өзгерістерге ұшырауы ықтимал (мүмкін мұндай өзгерістерді міндетті түрде талап ету керек те болар, өйткені бейімделу мен өзгеру - пікірталастың басты мақсаттарының бірі).
6. Пікірталасты қорытындылау - Жүргізуші сарапшылар алқасына сөз береді. Сарапшылар даудың қалай өткендігі жайлы өз пікірлерін келтіріп, әр жақтың позициясына тоқтап, оларға баға береді.
- Жүргізуші пікірталастың қалай өткендігін қорытындылайды. Ол жеңімпазды анықтау ісімен айналыспай, пікірталастың өз мақсатына жеткен-жетпегендігі туралы сөз қозғайды. 7. Пікірталасты бағалау - Студенттер ауызша пікірталастың қалай өткендігі туралы өз ойларымен бөлісіп, пікірталасқа және өз әрекеттеріне баға береді. Осыдан кейін олар өз пікірлерінің дискуссия барысында қаншалықты өзгергендігі туралы жазады. Диспутты бағалау бойынша студенттерге келесідей тапсырмалар беруге болады:
- Пікірталас қалай өтті? Ол Сізге ұнады ма?
- Пікірталаста не нәрсеге үйрендіңіз?
- Өз әрекеттеріңізді қалайша бағалайсыз?
- Пікірталаста қай көзқарас ұстанғандар жеңіске жетті деп ойлайсыз?
- Пікірталастың өту барысы бойынша қандай пікірлеріңіз немесе ұсыныстарыңыз бар?
- Келесі пікірталаста қандай мәселелерге назар аудару керек деп ойлайсыз?
Интернет материалдары бойынша