Асхат әлімов интербелсенді әдістерді жоғАРҒы оқу орындарында қолдану оқу құралы Алматы



бет105/197
Дата27.10.2023
өлшемі0,58 Mb.
#188883
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   197
Байланысты:
Интербелсенді әдістерді ЖОО қолдану Асхат Әлімов (1)

Бесінші қағида: «Жариялылық».
Бағалаудың талаптары мен тәсілдері оқушыларға алдын-ала хабарлануы керек. Баға жария түрде қойылып, оқушылар өздерінің қандай білімдері және олардың қалайша бағаланытындығын білуі керек. Профессор Д.Хесс «Бұл қағида Америка мектептерінде нағыз төңкеріс жасап, оқыту жүйесін түбегейлі өзгертіп жіберді» дейді.
Мұғалімдер бағалау жүйесін алдын-ала ойластырып, оны оқушыларға жеткізуі керек еді. Бұл жәйт мұғалімдердің артқа шегінуіне жол бермеді, өйткені оқушылар бағалаудың әрбір қағидасы бойынша берілген сұрақтарды мұғалімдердің өзіне де қоя алатын болды. Сол себепті де мұғалімдер бағалаудың барлық қағидаларын қолдануға мәжбүр болды.
Бағалаудың талаптары (критерийлері) мен тәсілдерін белгілеуге оқушылардың өздерін де қатыстыру керек. Мұндай ұстаным бағалауды оқушылардың өзіндік әрекетіне айналдырады.
Сонымен, келесі сұрақтарға жауап беріңіз: Мен оқушыларға «нені» және «қалай» бағалайтындығымды қашан және қалай хабарлаймын? Мен бағалаудың талаптары мен тәсілдерін оқушылармен бірлесе отырып белгілей аламын ба?
Алтыншы қағида: «Қарапайымдылық».
Бағалау процесі мен оның формалары қолданыста қарапайым және ыңғайлы болуы керек. Бағалау талаптарын оқу процесіне біртіндеп, оқушылардың бағалау құралдарын игеру деңгейіне байланысты енгізуге болады. Бағалау мұғалімдер мен оқушылардың секемділігін туғызбау керек.


2. БАҒАЛАУ ТӘСІЛДЕРІ

Жоғары оқу орындарының оқу процесінде студенттердің білімін бағалауда келесідей тәсілдерді қолдануға болады: Тестілеу, Бақылау, Интервью, Сауалнама, Есеп беру, Рубрика, Өзін-өзі бағалау (оның ішіне топ жұмысын бағалау кіреді), Портфолио, Жазбаша жұмыс үлгілері.




2.1 Тестілеу

Тест студенттердің оқу жетістіктерін, олардың білімі, біліктері мен дағдыларының жиынтығын объективті түрде (оқытушының қатысуынсыз) өлшеу мүмкіншілігін береді. Мұнымен қатар тестілеудің артықшылығы оның технологиялық мүмкіншіліктерімен байланысты: тест қысқа уақыт ішінде компьютерді қолдану арқылы үйренушілердің көп мөлшерінің білім деңгейін өлшенбелі әрі дәл тапсырмалар арқылы анықтайды. Барлық үйренушілерге ортақ және біркелкі тапсырмалар тест нәтижелерін оқу процесін өзгерту мақсатында қолдануға тиімді етіп, студенттерді өзін-өзі бақылау және өз білімін жетілдіру ісіне ынталандырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет