Геосаясат болмысы мен белгісі «Геосаясат» терминін ғылыми ортаға ендірген швед оқымыстысы Рудольф Челлен (1864-1922). Осы атауға ие болған ғылымды ол «мемлекетті жағрафиялық организм немесе кеңістіктік ғаламат ретінде қарастыратын доктрина» деп айқындаған.
Геосаясат мемлекетті бірқалыпты күйде –ешбір өзгеріссіз тұратын жағдайда қарастыра алмайды, керісінше, динамикада – тірі организм түрінде қабылдайды. Осындай ойды алға тартқан неміс теоретигі Фридрих Ратцель (1844-1904) болатын. Ол негізінде мемлекеттің қоршаған кеңістікпен тікелей байланысын баса көрсеткен. Сондықтан да геосаясат үшін ерекше қызығушылық кеңістік қатынасындағы пайда болатын мәселелерге қатысты өрбиді.
Геосаясат, Ратцельдің ойы бойынша, саяси қатынастардың кеңістіктегі өзара байланыстарына, олардың Жерге, мәдени факторларға қатынасына қатысты зерттеуге болады. Сонымен, геосаясат – саясаттың жағрафиялық жағынан жасақтантандырылған түрі.Геосаясат, - деп жазады, профессор Н.А.Нартов, - зерттеудің тәуелсіз кеңістігі болмайтын өткінші ғылым. Саясатқа көбірек ұмтыла отырып, бұл ғылым саяси болмыстарға назар аудартуға әрі жағрафиялық құрылғыдағы дүниелерге ұмтылады, сонымен бірге сол көрсетілген құбылыстардың жағрафиялық күйінде сараптама жасайды.
Профессор М.Е. Шайхутдинов өз еңбегінде геосаясат жанжақты ғылым,басқа ғылым салаларынан ерекшелігі мемлекет теңдігі,халық,ұлт мәселелерін шешу,қамтамасыз ету, болашақты бағдарлайды.Геосаясат өркениетті даму жолдарымен геосаяси бірегейлікті қалыптастыру,әлемдік байланыс ақпарат алу мүмкіндіктерін қарастырады.Қазіргі геосаяси ғылымы саяси өмірмен территория ғана емес,геоэкономика котегориялары уақыт талаптарымен қалыптасқан автаркиа,өткен уақыт талаптары емес,қоғам қажет ететін жаңа экономикалық талаптарға сай болу жолдарын зерттейді. Мұрат Лаумулин «Орталық Азия шетелдік саясаттану мен әлемдік геосаясатында» деген енбегінде ХХ ғасырға тағы бір берілетін үйлесімді атау бұл, геосаясат дәуірі атауы. Шынымен де, тарихта өткен ғасырдан басқа еш бір дәуірде геосаясат өзінің дамуында осындай деңгейге дейін көтеріліп қоғамға мұндай ықпал жасаған емес. ХХ ғасырды, ғылым ретінде де, саясатшылар тарапынан жүзеге асырылған нақтылы сыртқы саяси доктрина тұрғысынан қарағанда да геосаясатты бетке ұстап өткен ғасыр деп сенімділікпен айтуға болады
С.К. Кушкумбаев «Геосаясат – халықаралық қатынас сыртқы саясаттың теориясы мен тәжірибесінде географиялық,экономикалық,тарихи-саяси факторларды байланыстыра ортырып мемлекеттің ролін,орнын патенциалын аймақтық даму беделін көтереді». Шындап келгенде, геосаясат ішкі күшті негіздеп алу әрі ұғындыру, сонымен қоса мемлекеттің сыртқы саясатын анықтау үшін жағрафиялық факторларды пайдаланады: шекара күйі, қазба байлықтардың қамтамасыз етілуі мен басқа да табиғи ресурстардың болуы, құрылықтың суармалы немесе құрғақ жерде орналасуы, ауа райы, мекен-жәйдың аумағы және басқалар. Геосаясаттың негізгі жүйесін қалыптастырушы қатынас көпке дейін физикалық және жағрафиялық кеңістігінде қашықтық болып есептелінген. Сондықтан да дәстүрлі геосаясатты геокеңістіктің саяси мақсат пен мемлекет құзырына көрсететін әсеріне байланысты дамитын ғылым ретінде қарастырады. Дегенмен де геосаясат біртіңдеп кеңістіктің күрделі болмысына орай ортаға ойысып, мемлекеттер арасындағы экономикалық, саяси және басқа да қатынастарға ауысты. Мемлекеттер арасындағы өзара қатынастардың дамуына байланысты геосаяси сараптамадағы аса зор мағынаға ие болып мемлекеттер арасындағы қатынастар болмысы мен олардың геокеңістіктегі ендігі жерде күш ортасы маңайында шоғырланғанмен стратифицтендіріліп бейберекет ұйымдастырылған өзара қатынастары арқылы көрінеді. Ғылымның негізгі ұғымы жағрафиялық жағдайдан өзгеше геосаясаттық болмыстың күйін ажырату деп ұғындырылады. Кез келген мемлекет белгілі бір жағрафиялық аймаққа ие болғанымен, сол елдің мықтылығы (саяси, қорғаныс, экономикалық, ақпараттық және басқалар) геосаясат жағынан маңыз алмауы мүмкін.
Геосаясат, болашақтағы тиімді саясат бола тұра, керісінше, өз назарын саяси құбылыстарға аударып әрі сол құбылыстардың жағрафиялық болмысы мен жағрафиялық тұстарын көрсетуге тырысады. Бұл ғылым кәсіби сарапшыға кеңістікте болатын құбылыстарды нақтылы сараптау үшін ғана емес, алдын ала білу, сценарий құру және оқиға өрбуінің және болашақ мүмкіндігін жасау үшін де жағрафия, тарих, экономика, этнология және басқа да ілімдерден хабардар болуды талап етеді. Оның өзінде де зерттеуші геосаясат классиктері куәландырғандай, жоғары деңгейдегі сауаттылыққа ие болуы, ең бастысы, жаңа ойлардың қозғаушы күші ретінде қалыптасқаны жақсы.
К.С.Гаджиев геосаясатты «негізін салушы құрылымдар мен ғимараттарды, ауқымды немесе стратегиялық бағыттарды, маңызды заңдылықтар мен өміршеңдіктің принциптерін, қазіргі замандағы әлемдік бірлестіктердің қызметтері мен жаңаруын зерттейтін пән» ретінде қарастырады. Н.А.Нартов геосаясатты былайша анықтайды: геосаясат – бұл ғылым ретінде кеңістікті бақылайтын ілімдердің жүйесі. Геосаясат төңірегіндегі әртүрлі ұғымдарды шетелдік басылымдар да алға тартады. «Энциклопедии Американада» геосаясатқа ғылым ретінде дәстүрлі қалыптасқан анықтама бойынша мемлекеттің стратегиялық мүмкіндігіне әсер ететін жағрафиялық, саяси және басқа да факторлардың жиынтығы деп қарастырады. Новой Британской энциклопедии авторлары геосаясаттың жоғарыдағыдай ұғымын ұстанады, дегенмен де жағрафиялық факторлардың саясатқа қатысы шамалы екенін баса көрсетеді әрі геосаясаттың зерттеп отырған мәселелердің ауқымын жаңаша болмысқа байланысты, әсіресе коммуникация мен транспорттың дамуына қарай кеңейту қажеттігін көрсетеді. Халықаралық энциклопедияда геосаясатта «континентальдық және теңіздік қатынастарды, әрі ішкі саясатқа қатысты жүргізілетін саясатты зерттейтін пән» деген анықтама берілген. Профессор Н.А.Нартовпен келісетін болсақ, геосаясаттың көрінісі ғасырлар бойы су мен құрылықтың қайшылығындағы ғаламдық кеңістік – кең дала, су (теңіздер мен мұхиттар, өзендер, көлдер), жер шарын қоршап тұрған ауа атмосферасында жатыр. Яғни, сөз жүзінде әңгіме шекаралар мен қазба байлықтары және басқалары арқылы ажыратылған ғаламдық кеңістік жөнінде екені анық. Қысқаша айтқанда, ғылым ретінде геосаясаттың көрінісі ғаламдық кеңістік, геосаясаттық процестер мен жүйе ретіндегі әлемдік бірлестіктердегі құбылыстары болып саналады. Кез келген ғылымның көрінісі (геосаясат та одан тыс қалмайды) адамның іс жүзінде атқару процесіндегі әрекет тұстары, қасиеттері,осы бір тарихи жағдайдағы зерттеуге тиісті шынайы обьекттердің қатынастары болып есептелінеді. Геосаясат болмысы – әлемдік және жергілікті мәселелерді шешу (кеңістіктің барлық түріне қатысты әсерін есепке алғанда) кезіндегі геосаясаттық субьектілер арасындағы қарым – қатынастар. Ол дегеніміз, геосаясат мәселесі адамдар, халықтар, мемлекеттер, аймақтардың болуы мен өміршеңдігі түрлеріне лайықталған кеңістікте өрбиді. Бүгінгі жағдайда геосаясат түрлі геосаясаттық субьектілер арқылы жүзеге асатын қазіргі және болашақтағы ауқымды әрі жергілікті саясат жөніндегі тұтас ілім ретінде тек қана жағрафиялық немесе геофизикалық ортамен ғана шектеліп қалмайды. Жер, теңіз, әуе- космостық кеңістіктен басқа, оның тұрмыстық кеңістіктегі – ең алдымен, рухани-мәдени және оның көптеген салаларын – экономикалық, қаржылық, ақпараттық, виртуальдық (компьютерлік) және басқа түрлерін қоса зерттеу қажет. Сонымен, «кеңістік» геосаясаттың негізгі ұғымында қаншалықты сандық категория болса, соншалықты сапалы категорияға жатады. Геосаясат ғылым ретінде кеңістік құрылымынан бұрын тарихи құрылымды айқындайды, ең алдымен, саяси және қорғаныс, немесе соған не болмаса басқа бір бағытқа алдын ала ауыстырады. Геосаясаттық сараптама үшін мемлекеттер, халықтар, соғыс пен соғыс өнері тарихын әртүрлі кеңістіктер параметрлерін, оның динамикасы мен өзінің бұрыңғы маңызын жоғалтатын факторларды немесе өзінің мазмұнын өзгертуін есепке алады. Сонымен, Қазақстан үшін геокеңістік оның дамуын алдын ала айқындайды, Қазақстан тарихының геосаяси негізін қазақ хандығының территориясы Каспий және Алтай тауының арасы қамтиды.
Кеңестер бөлігі үшін – тағы да Еуразияға Африка, Латын Америкасы, Оңтүстік – Шығыс Азия мен басқа да жергілікті аймақтарда барлық теңіздік кеңістікте, ауа мен космоста, ауқымды ақпараттық, экономикалық және қаржылық кеңістіктердің ауқымды бөліктері, сонымен, идеологиялық аспектіде,коммунистік доктрина өзінің ұлттық – діни тұрғыда әсері мол екенін көрсеткен.