Ашық сабақ Мамандығы



Дата23.08.2017
өлшемі106,88 Kb.
#25304
түріСабақ
Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжі

Келісемін: Бекітемін:

Колледж әдіскері Директордың оқу ісі

.....................Альмердинова Ұ.М. жөніндегі орынбасары:

«.......».....................2016жыл ............................Рахымжан.А Б

«.......».....................2016жыл



Ашық сабақ


Мамандығы: 0513000 - «Маркетинг »

Пәні: Химия

Оқу тобы: М-11

Тақырыбы: «Қышқылдар»

Оқытушы: Акмаганбетова А.А.

Қаралды:


«Гуманитарлық-арнайы

және жалпы» пәндер бірлестігінде

Хаттама №...........

Бірлестік жетекшісі:

..........................Барпаяқова Р.К.

«........».......................2016жыл

Қызылорда 2016 жыл
Сабақ жоспары №41
Пән аты: Химия

Оқу тобы: М – 11

Өткізілетін күні: 11.04. 2016жыл

Өтілетін орны: № 12 дәрісхана
Сабақтың тақырыбы: «Қышқылдар»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың қышқылдар жайлы алған білімдерін еске түсіру арқылы, алыну жолдары химиялық қасиетері жайында түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық: Өз бетінше жұмыс істеу қабілетін, химиялық сауаттылығын, ойлау білу дағдысын дамыта отырып оқыту.

Тәрбиелеік: Оқушылардың дүниетанымын өзіне қажетті білімді өзі ізденіспен тауып ала алатындай тұлғаны тәрбиелеу.Оқушылардың тұлғалық қалыптасуын дайындау арқылы, қышқылдардың өмірде, тұрмыста дұрыс қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақ типі: Білім-білік дағдыларын қалыптастыру

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Топпен жұмыс, сұрақ-жауап, сөзжұмбақ шешу, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, видео-таспа, есеп шығару, реакция теңестіру.

Пән аралық байланыс: Аналитикалық химия, биология,қазақ тілі.

Күтілетін нәтиже:


  1. Оқуға деген ынтасын арттыру.

  2. Жан – жақты ой-өрісін кеңейту.

  3. Ойлауға, жазуға, тыңдай білуге дағдыландыру.


Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесіп, оқушыларды түгелдеп, журналға белгі соғу. (1-2 мин)
ІІ. Үй тапсырмасын еске түсіру:

Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, реакция теңістіру (10-15 мин)

Оқытушы сөзі: Үйге берілген тапсырма негіздер мен оксидтер болатын, сол бойынша ойын түрінде теориялық сұрақтарға жауап беру арқылы білімдеріңізді жүйелейік.

а) Ойын: «Кім жылдам» теориялық сұрақтарға жауап беру.

Негіздер мен оксидтер деп оқушыларды екі топқа бөлеміз:

1 топ - Оксидтер

2 топ - Негіздер

Оқытушы сөзі: Топ басшыларына сұрақ:

1 топқа- Оксидтер дегеніміз не?

2 топқа- Негіздер дегеніміз не?
ә) Интерактивтік тақтадан 2 топқада сұрақтар беріледі.
Оксидтер тобының сұрақтары:


  1. Бұл элемент болмаса жер бетінде тіршілік тоқтайды? (оттек)

  2. Қандай оксидтер тобына жатады?

H2O , СО2 , SO3

  1. Қайсысы артық: H2 SO4 , H2 CO3 , HCl, SO3

  2. Тыныс алғанда түзілетін газ? ( көмірқышқыл газы)

  3. Қайсы оксидтер сумен белсенді әрекеттеседі? 1)Fe2O3, CaO, Al2O3; 2) ZnO, Ag2O, CO2. 3) SO3, BaO, K2O

  4. Оксидтердің жай заттардан түзілуі қандай реакция типіне жатады? ( қосылу )


Негіздер тобының сұрақтары:

  1. Негіздердің жалпы формуласы

  2. Артығын тап: NaOH3, KCl, Na2SO3, BaCl2

  3. Калий гидроксиді ерітіндісімен әрекеттеседі: H2SCu, NaNO3Mg, Ca(OH)2

  4. Барлығы түгел негіздерге жататын қатарды тап: Fe2O, ZnO, CuO

  5. Сәйкесін тап: 1 негіздер 2 сілтілер KOH, NaOH, Cu(OH)2, Ni(OH)2

  6. Нейтралдау реакциясы дегеніміз не?

( негіздер иен қышқыл арасында жүретін реакция)
Оқытушы сөзі: Yй тапсырмасын қорытындылай келе, мына реакция теңдеуін теңестіреміз:

Оксидтер тобына:

1. Zn+H2SO4

2. Al+H2SO4

3. MgO+HCl→
Негіздер тобына:


  1. Fe+H2SO4

  2. NCl+HCl→

  3. CaO+H3PO4


Оқытушы сөзі: « Білген сайын келеді біле бергім,

Біле беру емеспе тілегі елдің»

деп келе бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы
ІІІ. Жаңа сабақтың тақырыбы: Қышқылдар (45-50 мин)

Қаралатын сұрақтар:

1.Қышқылдарға жалпы түсінік

2. Қышқылдардың физикалық, химиялық қасиеті

3. Қышқылдардың алыну әдістері

4. Қышқылдардың пайдасы мен зияны
Оқытушы сөзі:


  1. Қышқылдар дегеніміз - құрамында металл атомдарымен орын алмастыруға бейім сутек атомдарынан және қышқыл қалдықтарынан тұратын күрделі зат.
    Негізгі белгісі:қышқыл дәм және күйдіргіш.

тұз қышқылы -HCI,

бромсутек қышқылы –HBr.

күкіртсутек қышқылы –H2S

күкіртті қышқыл-H2SO3,

азот қышқылы –HNO3 ,

кремний қышқылы-H2SiO3

фосфор қышқылы-H3PO4.

Сутегі атомының санына қарай қышқылдар:


(бірнегізді-HCI,HNO3,HBr.
Екінегізді-H2SO4, H2S

үшнегізді- H3PO4,H3BO3) ,


Оттегі атомына байланысты қышқылдар:


(оттекті-H2SO4,HNO3,
оттексіз-HCI,HBr)

Қышқылдардың судағы ерітіндісін тұз қышқылы деп аталады. Тұз қышқылы HCl түссіз газ ауадан ауыр. Судың бір көлемінде 500 көлемге жуық хлорсутек ериді. Қышқылдың формуласы: - HCl - H3PO4 - H2SO4, HNO3


Тұз қышқылының тұздары. Тұз қышқылының тұздары хлоридттер деп аталады. Олардың көпшілігі суда жақсы ериді. Тұз қышқылының маңызды тұздарына натрий, калий, мырыш, кальций тұздары және т.б жатады. Натрий хлориді немесе ас тұзы тамақ тұз қышқылы. Алуға шикізат болып табылады.

Калий хлориді маңызды минералды тыңайтқыш, мырыш хлориді ерітіндісін темір жол шпалдарында сіңіріп шіруден сақтау үшін, кальций хлориді суытқыш қоспа дайындауға қажет. Сусыз газдарды кептіру үшін қолданылады.

2.Физикалық қасиеттері: қышқылдар түссіз ерітінді, ылғал ауада түтінденеді, хлорсутек бөлінетіндіктен өткір иісті болады.

Химиялық қасиеттері. Индикатордың түсін өзгертеді, негіздермен әрекеттеседі, тұздармен металдармен әрекеттеседі. Ерекше қасиеттері күміс нитратымен әрекетттесуі, суда да қышқылда да ерімейтін ақ тұнба түзіледі. Тотықтырғыштармен әрекеттеседі.

Металдармен әрекеттеседі: Zn+2HCl→ZnCl2+H2

Негіздік оксидтермен әрекеттесуі: CuO+H2SO4→CuSO4+H2O

Тұздармен әрекеттеседі ( корбанаттар, сульфиттер қыздырғанда кейбір қышқылдар айрылады). Негіздермен әрекеттеседі: NaOH+HCl→NaCl2+H2

Қышқылдардың жалпы химиялық қасиеттері.

Қышқыл+негіз = тұз+су

H2SO4+2NaOH = Na2SO4+2H2O

Қышқыл+негіздік = оксид тұз+су

CuO+2HCl = CuCl2+H2O

Қышқыл +металл (Н дейінгі) = тұз+сутек

2HCl + Zn = ZnCl2+H2

Қышқыл +тұз(карбонаттар, сульфиттер) = тұз+су+газ

Na2CO3+HCl = 2NaCl+CO2+H2O
3.Қышқылдардың алыну әдістері:

Су + қышқылдық оксид = қышқыл

P2O5 + 3H2O = 2H3PO4

Қатты тұз + күкірт қышқыл (конц.) = тұз + қышқыл

NaCl + H2SO4 = NaHSO4 + HCl

натрий


гидросульфаты

Сутек + бейметалл = қышқыл

H2 + Cl2 = 2HСl

4.Қышқылдардың күнделікті өмірдегі маңызы мен пайдасы .


Қышқылдар

Пайдасы

Сүт қышқылы

Соустар, дәмдеуіштер.

Бор, аскорбин қышқылы фосфор қышқылының тұздары.

Асқазандағы тұз қышқылы.



Айран жасауда пайдаланылады.

Тамаққа қышқылтым дәм береді.

Медицинада қолданылады.

Жауыннан қорғайды.

Сүйекке, тіске қатталық қасиет береді.


Қышқылдармен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережелері :

  1. Жібектен, жүнен жасалған заттарды ағарту.

  2. Қағазды, сабынды ағарту.

  3. Күкірт қышқылын алу.

  4. Қоймаларды зарарсыздандыру.

  5. Сульфиттер алу.

  6. тағамды консервілеу және сақтау.



Оқытушы сөзі: Қышқылдар тақырыбына байланысты бірнеше ойындарды ойнап көрейік.


  1. «Қатесін тап» ойыны

Әдіс-тәсілі: элементтер мен қышқыл қалдықтарының валенттіліктері көрсетіледі. Оқушы қате берілген жауапты дөңгелектеп қоршайды.


Ag (I)

I(II)

CO3(I)

Ca(I)

C(I)

SO3(II)

NO3(I)

K(I)

Al(I)

CO(I)

B(I)

OH(I)

O(II)

PO3(II)

Cu(III)

SO4(I)

Ba(II)

Mg(II)

Na(II)

Fe(II)



ІІ. Таратпа материалдармен жұмыс.

Әдіс-тәсілі: оқушылар кестедегі атына сәйкес берілген элементке қосылысқа түзету жасап, дұрыс жауабын жазады:


Сутек – Br

Оттек – H

Барий – Al

Сынап – O



Темір – Al

Мыс – Cr


Магний – Ba

Күміс – Cu



Тұз қышқылы H3PO4

Күкірт қышқылы HNO3

Фосфор қышқылы H2SO4

Азот қышқылы HCl




ІІI. «Атымды тап» ойыны

Әдіс-тәсілі: Қышқылдардың дұрыс атауларын табу.


KOH

Mg(OH)2

Ca(OH)2

Fe(OH)3

NaOH

Zn(OH)2



Al2O3

CuO


Mn(SO4)2

CaO


HCl

Кальций гидроксиді.

Темір(III) гидроксиді.

Натрий гидроксиді.

Магний гидроксиді.

Кальций гидроксиді.

Альюминий гидроксиді.

Мырыш гидроксиді.

Марганец гидроксиді.

Мыс гидроксиді.

Тұз қышқылы.

Кальций оксиді.



ІV. Сергіту сәті. Жұмбақтар жасыру.

1. Фосфор жақсақ будақтап,

Ақ түтінін түзеді.

Ол түтінді су сорып,

Қандй қосылыс түзеді? (натрий гидрооксиді)
2. Су бетінде безектеп,

Металл натрий жүзеді.

Ең соңында жоқ болып,

Қандай қосылыс түзеді?(фосфор қышқылы)


3.Тоң май деп, ұстап жүрме кетіп,

Денеңді күйдіреді күлдіретіп.

Ерітіндісі мөп-мөлдір, судан тұнық

Алатын майға қосып сабын етіп. (сілті)


V. « Химиялық домино ойыны»

Әдіс тәсілі : Химиялық реакция теңдеуіне негізделген.

1. NaCl+H2O→

2. NaOH+CuSO4

3. Al2O3+HCl→

4.CaCO3+H2O→

5. NaOH + HCl→

6.Mg+HCl→

7.Fe+O2

8. Zn+HCl→

9. Cu(OH)2+Na2SO4

10. Zn+H2SO4

11. Fe+H2SO4

12. Na+HCl→

13.Cu+O2

14. MgO+HCl→

15. CaO+H3PO4



Жаңа сабақты қортындылау

Әдіс-тәсілі Семантикалық карта толтыру.



Қышқыл формуласы

Аталуы

Қышқыл қалдығы

HCl










Күкірт қышқылы




NO3










Фосфор қышқылы




ZnCl










Сульфат






Бағалаукезеңі сабаққа жақсы қатысқан оқушылырды бағалайық.

Үйге тапсырма: «Қышқылдар»

Әдіс-тәсілі Химиялық тест.


Қышқыл қалдықтарының аттары.

Формулалары

Қышқыл қалдықтарының аттары.

Формулалары

Хлорид




Тұз қышқылы




Сульфат




Күкірт қышқылы




Сульфит




Күкіртті қышқылы




Нитрат




Күкіртсутек қышқылы




Карбонат




Азот қышқылы




Фосфат




Ортофосфор қышқылы




Силикат




Көмір қышқылы




Бромат




Кремний қышқылы




Сульфид




Бром қышқылы




Оқытушы: Ақмағанбетова А.А.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Б.А. Мансуров «Химия 10-11 сыныптар»

  2. Н.Н.Нұрахметов , К.Б. Бекішев «Жалпы химия негіздері»

  3. А. Тапалова «Аналитикалық химия»

  4. Г.Сәдуақасқызы «Химияны оқыту әдістемесі»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет