Ашық сабақ тақырыбы



бет3/4
Дата04.01.2022
өлшемі393,22 Kb.
#109318
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Ашық сабақ
Матрица мүдделі тарап, Лекция 15-16ж.«Психологиялық-педагогикалық конфликтология негіздері» (1)
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып түгендеп белгілеу. Назарларын сабаққа аударып, керекті құралдарды парта шетіне койғызу.

2. Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ-жауап) үйге берілген тапсырманы тексеріп шығу. Жұмыстарына салыстырмалы түрде көрсетіп, қате жіберген жерлерін көрсету.

1 Перспектива нешеге бөлінеді?

2. Натюрморт нешеге бөлінеді, қай ғасырда, қай қалада пайда болды?

З. Мүсінді немен орындаймыз?

4. Мүсінді латынның сөзінен аударғанда қандай мағына білдіреді?

5. «Скульптура» қандай мағынаны білдіреді?

Дұрыс. Бәрің үй тапсырмасын жақсы меңгерген екенсіңдер.

З. Жаңа сабақ: Бүгінгі өткен сабағымызды өлең шумағымен бастайын.

Тақияма таққаным тал-тал моншақ.

Кербеге жарасар кер кұлыншақ.

Тұсынан ауылымның өттім, кеттім.

Тақияны басындағы бермей кеттің - деген өлең жолдарынан халқымыздың тақияны ерекше бағалағанын көреміз.

Қазақша киім - көненің көзі. Қазақта салтанаты киім мен күнделікті киім-кешектің пішінінде айырмашылықтары бола бермейді. Қазақ халқы ешқашан жалаң бас жүрмеген. Жалаң бас жүрмеудің экологиялық эстетикалық негізі бар. Бас киім қыста аяздан жазда күннің ыстығынан қорғайды. Оның қазақтану ісінде де, халқымыздың мәдени-тарихи өмірінде елеулі орын алатыны даусыз.

Өйткені қазақ киімі ұрпақтан-ұрпаққа алмасып келе жатқан елдің ғасырлар бойы қалыптасқан сезімталдық талғамы. Мүмкін кейін сендердің араларыңнан моделъер, дизайнерлер, тігіншілер шығып, көненің көзін жанғыртып, қазақ киімінің жаңа үлгілерін шығарып, шығармашылықпен айнанысатын нағыз ұлтжанды азаматтар шығар. Сол үшін қазірден бастап сезінуіміз керек.

Қазақ киімдерінің түрі, үлгісі көп. Кейбір сырт көріністері мен атаулары-өзбек, қырғыз ағайындардың киімдеріне ұқсас болғанымен, біздің киім пішіндері мен нақыштары өзгеше.

Қазақ киімдерін күнделікті тұрмыстық және салтанаттық-сәндік деп екіге бөлуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет