Ашық тәрбие сағаты. 1-сынып Тақырыбы. «Отбасы-тәрбие басы, мектеп-тәрбие жаршысы»



Дата25.01.2022
өлшемі30,08 Kb.
#114063
Байланысты:
000c5f38-dce48e96


Ашық тәрбие сағаты.

1-сынып

Тақырыбы. «Отбасы-тәрбие басы, мектеп-тәрбие жаршысы»

Мақсаты: отбасы тәрбиесі мәселелерінің өзектілігі, оқушылардың отбасындағы алатын білімін ауқымдату, әр адамның отбасындағы тұлға екендігін анықтау, баланың тұлға ретінде қалыптасуына, отбасының рөлінің маңыздылығы, оның париоттық көзқарасы.

Міндеттері:

-үлкен ұрпақтың адами тәрбиесінің тәжірибесін қалыптастыру;

-өз отбасының тарихын білу;

-сұранысты дамыту;

-балаларды моральдық тұрғыдан дамыту;

-патриоттық және азаматтық тәрбиені дамыту.

Сынып сағатының түрі: тілдесу сағаты

Керекті құралдар: интербелсенді тақта, «Отбасылық мерекелер» тақырыбындағы бейнежазба, балалардың өздерінің отбасылық суреттері, мақал-мәтелдер, үлестірмелі қағаздар (әр бала өзінің отбасындағы портретін бейнелейді)

Тәрбие сағатының барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (2-3 минут)

- Сәлемдесу, тәрбие сағатының мақсаты түсіндіріледі.

- Сынып сағатына қатысушы әжелер мен аталарды таныстыру.

ІІ. Мұғалімнің сөзі:

- Барлық өнеге - отбасынан басталады. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» деп , ата-бабаларымыз тегін айтпаса керекті. Үйдегі тәрбие-баланың болашағына үлкен әсер етеді. Әр бала –өз отбасының тарихын, ата-тегін біліп өсуге тиіс. Ата-ана өз баласына адами қасиеттерді үйретіп отырады. «Әке-асқар тау, ана- бұлақ, бала-жағасындағы құрақ» дейді. Бүгінгі сынып сағатымызда ата-ананың отбасындағы беретін тәрбиесінің қазіргі таңда өзекті мәселе екені және әр баланың өз отбасындағы жеке тұлға болып дамуына нені қажет ететіні туралы ой бөлісеміз. Қонаққа келген ата-әжелеріміз отбасындағы тәрбие туралы әңгімелерін айтады.



Тәрбие сағаты мынадай түрлерге бөлінеді:

1) «Менің бақытты отбасым» (әр бла ата-аналарымен бірігіп дайындаған бейнежазбаларын көрсетіп, баяндайды)

2) «Отбасындағы менің рөлім» тақырыбында балалар үлестірме қағаздарға өз отбасының суреттерін салады.

3) «Отбасы -шағын мемлекет» әр бала өз мемлекетінде сақталатын құндылықтар жайлы ойларын шағын сөздермен жазып, түсіндіреді.

4) «Жүректен-жүрекке» ( ата, әжелер өз ойларын айтады)

5) «Жалғасын тап...» (мақал-мәтелдердің жалғасын айту)

1-бөлім: «Менің бақытты отбасым» (бейнежазбаларды қарау)


Мұғалімнің сөзі:

- «Ағаштан ағаш рең алады, адамнан адам тәлім алады» демекші әрбір ата - ана өз баласының тәрбиелі де рухани азығы мол азамат болып өсуін тілейді. Қазіргі заманымыздың басты мақсаттарының бірі - жас ұрпаққа саналы тәрбие беру. Жас ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуында ата – ана мен мұғалімнің рөлі зор. «Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алымен баланың сезімін оятып, баланың әсершілдігін дамыту». Бала ата-анадан және өз ұстазынан адамдарға жақсылық әкелетін қылық қасиеттерді, қуаныш табуға баулитын жақсы істерді үйренуге тиіс.

Ендеше, қазір отбасындағы болатын бақытты күндерден жасалған бейнежазбаларды тамашалаймыз.

2-бөлім: «Отбасындағы менің рөлім»


3-бөлім: «Отбасы -шағын мемлекет»


Мұғалімнің сөзі.

- «Баланы дұрыс тәрбиелеу - бұл біздің қарттық шағымыз, жаман тәрбиелеу - бұл біздің келешек қасіретіміз» А. С. Макаренко айтқан екен. Баласын ата-ана отбасында жақсы тәрбиелеуге , жаман іс-әрекеттен аулақ болуға үйретеді. Отьасы – шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өз президенті, министрлері болады. Мемлекеттің барлық мүшелері отбасындағы құндылықтарды бірдей сақтауға міндетті.



5-бөлім: «Жалғасын тап...»

1.Атаңның баласы болма,....................... ( халықтың баласы бол)
2. Ұяда не көрсең,..................................( ұшқанда соны ілерсің)
3. Балалы үй базар,.................................( баласыз үй қу мазар)
4. Ата көрген оқ жонар,..........................( ана көрген тон пішер)
5. Ананың сүті – бал,..............................( баланың тілі – бал)
6. Туған үйдің түтіні жылы,...................( туған ананың күтімі жылы)
7. Анаңа ауыр сөз айтпа,........................( артыңа ауыр жүк артпа)
8............. – ананың бауыр еті, көз нұры. ( бала)
9. Әке – асқар тау,.............................( ана - шалқар көл)

Қорытынды: «Күллі ғажайыптардың ішіндегі ең тамашасы - жақсы тәрбиеленген адам» деген грек философы - Эпикет. Бала - әр ата-ананың болашағы. Бала-ата-ананың өмірінің жалғасы. Ендеше, өз өміріміздің болашағы болып саналатын ұрпағымызды жақсы біліммен сусындатып, зайырлы еліміздің бақытты балаларын мықты етіп тәрбиелей берейік. Еліміздің болашағы-жастар деп, елбасымыз айтқандай, жарқын елдің- жас ұрпағына жақсы тәлім-тәрбие берейік! Сау болыңыздар.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет