Ашық тәрбие сағаты: Тәуелсіздік тірегім. Мақсаты



бет1/3
Дата16.11.2023
өлшемі1,19 Mb.
#191533
  1   2   3
Байланысты:
Ашық тәрбие сағаты Тәуелсіздік тірегім



Тәуелсіздік-тірегім.
ШҚО Тарбағатай ауданы
(мектепалды даярлық) Кіндікті ауылы Ғ.Мұратбаев
атындағы орта мектебі КММ
Нұрғалиева Айнұр Жігітқайырқызы
Ашық тәрбие сағаты: Тәуелсіздік - тірегім .

Мақсаты
: Оқушылардың бойында Отансүйгіштік сәзімдерін молайту,Тәуелсіздік тарихына шолу жасау,туған жерін,елін сүюге ,рәміздерін құрметтеуге,патриоттық сезімге тәрбиелеу. Сөздік қорларын, тілін дамыту.
Көрнекілігі : қанатты сөздер, Н.Ә.Назарбаевтің суреті,рәміздер,хандардың,билердің,батырлардың суреттері, шарлар, буклет Астананың суреттері,Қазақстанның картасы.
Барысы:

Мұғалім : Қазақстан тәуелсіз азат елім,


Кең байтақ , қасиетті туған жерім.
Таңдай қағып бар әлем тамсанатын,
Құдіретіңнен айналдым асыл елім.

Армысыздар , қадірлі қауым !1-желтоқсан президент күніне орай өткізіліп отырған «Тәуелсіздік – тірегім » атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!



Әнұран орындалады.

Мұғалім:Атыңнан айналайын қазақ деген,
Қазағым қайсарлығың ғажап дер ем.
Сақтапсың ерлігіңді сағың сынбай ,
Көреріңді көрсең де азаппенен.

Кіріспе.
Қазақ халқының тарихында ел мен жер үшін , тәуелсіздігі үшін, Отан үшін өліспей беріспеген күрестер аз болған жоқ.. Ұлан ғайыр жерімізге тұс-тұстан көз алартып, анталаған жаудан қазақ елінің қайсар батырлары найзаның ұшымен , білектің күшімен атамекенді азат етіп отырды.
Жоңғарлардың шапқыншылығы айрандай ұйып отырған қазақты тарыдай шашты.
Қазақ халқының бастан кешкен қасіретін сөзбен айтып жеткізу өте қиын.
Алашты бір тудың астына біріктірген Абылай хан, қазақтың тура билері Төле, Әйтеке, Қазыбектердің, ержүрек батырлары Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сынды батырлардың аңсаған азаттығын алуды көксеген Алаш зиалылары «халық жауы»аталып, атылып кете барды..
Қазақ халқы Ресейдің қол астында Одақтас он бес республикамен тізе қосып,
Отан үшін қасық қандары қалғанша Ұлы Отан соғысында ерлікпен шайқасты.Сыр елінен майданға қатысқан ерлеріміздің жиырмасы «Кеңес Одағының батыры » атанды.
Бостандық,теңдік,тәуелсіздікте өз бетімен келген жоқ. Желтоқсан-елімнің болашағы,бостандығы,егемендігі үшін болған күрес.
Мұғалім:
Тарихым жатыр тасымда,
Тіл қатып келер ғасырға .
Азаттық дейтін ұғымның,
Желтоқсан тұр басында.



Желтоқсан құрбандары туралы суреттен көрсетіп аты-жөндеріне тоқталып өту.
Қайрат,Ербол,Сәбира,Ләззат .

Мұғалім: Егемен ел болдық қаһарман ерлікпен,
Бағымыз жанады , бауырмал елдікпен.
Қазақтың мерейі жұлдыздай жоғары ,
Мәңгілік жасаймыз бірлікпен, елдікпен.

1991 жылы 16 желтоқсанда сан ғасырлар бойы армандаған ұлы күнге жеттік.Тәуелсіздігімізді алдық. Өз туымызды биікке көтеріп, әнұранымызды әуелеттік.Ата заңымыздың аясында бейбіт күннің шапағатына бөлендік. Әлемге аз уақытта танылған жасампаз бейбітшілік пен келісімнің қаласы Астанамыз мақтанышымызға айналды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет