Ашық тәрбие сағаты: Тәуелсіздік тірегім. Мақсаты



бет2/3
Дата16.11.2023
өлшемі1,19 Mb.
#191533
1   2   3
Байланысты:
Ашық тәрбие сағаты Тәуелсіздік тірегім

Әдеби монтаж.
Меруерт:Тәуелсіздік,тәуелсіздік,жыр-әнім
Ел іргесі берік болсын-ұраным.
Тәуелсіздік-өзіңді еркін сезіну,
Салт-дәстүрім-қолдан түспес құралым.
Нұрхат: Тәуелсіздік! Не деп оны түсіндік ?
Тәуелсіздік ар-ожданың кісілік,
Адамға адам жолдас,бауыр туыс боп,
Ел-жұртының алма құнын түсіріп !
Шырын: Тәуелсіздік!Менің байтақ Отаным,
Бір өзіңсіңМұхтар , Абай, Шоқаным,
Тәуелсіздік,сәбилердің шаттығы,
Тәуелсіздік,сәбилердің шаттығы,
Тәуелсіздік ақ батасы атаның.
Бибіажар:Тәуелсіздік,тәуелсіздік,жыр-әнім
Көк байрағым,Елтаңба,Әнұраным,
Атыңнан айналайын,Тәуелсіздік,
Қолда елімді қасиетті Құраным!
Нұрай: Желбіресе көк туым
Көтерілер шоқтығым...
Қазақты әлем таныды,
Егеменді ел бүгін.
Қыран самғап барады,
Күнді иыққа арқалап.
Тыныштықтың дәміндей
Туымдағы алтын күн.
Ән:« Көк тудың желбірегені ». Бибіажар,Нұрай.
Индира: Үлкен,өзен көлдері
Үлкен орман шөлдері,
Үлкен қала,тауы бар
Елді?-ендеше табыңдар,
Әрбір қазақ баласы,
«Өзім сонда тұрам!» дер ,
Бұл қазақтың даласы,
Ата-бабам туған жер.
Картадан Қазақстанды көрсетеді.
Айқын: Әйнегі-күн,шатыры-аспан.
Кең дала төсі толқыған егін.
Көлдері көкке күмістер шашқан,
Қазақстан Республикам менің.
Ақниет:Тәуелсіздік-билігі бұл санамның,
Тәуелсіздік-таза ауасы даламның.
Тәуелсіздік-бұл арманы бабамның,
Тәуелсіздік-бақ дәулеті баланың.
1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесері болды. Қазақ елінің елордасы –Астана қаласы .Астана- күн санап өсіп келеді ,еліміздің лүп-лүп соққан жүрегі.Астананың қай жерін алып қарамасақта,таңдай қағып сүйсінерліктей әдемі ғимараттары көздің жауын алады. Өз шекарамызды еншілеп , шет елдермен байланыс орнаттық.. Алпауыт елдердей ел экономикасы қарыштап дамып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет