Қашықтан оқыту, кейс-технологиясын оқу үрдісінде пайдалану М.Мақатаев атындағы № 13 орта мектебінің
Информатика пәнінің мұғалімі Копеева Гулдана Амангельдиевна Кейс- технологиясы – оқытушылардың дәстүрлі және қашықтықтан кеңес беруін ұйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуалдық, мультимедиялық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген.
Кейс - технологиясы (ағылшынның case – потрфель) оқытудан жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады.
Кейс стади әдісі интерактивті әдістің бір түрі ретінде оқушылар үшін өте тиімді әдіс болып саналады. Бұл әдістің көмегімен оқушылар өз беттерінше теорияны меңгере отырып, практикалық дағдыларға да үйренеді, сонымен қатар өз ойын жүзеге асыру мүмкіндігіне де ие болады. Оқушы ситуацияға талдау жасау арқылы болашақ маман ретінде қалыптасып, сабақты қызығып оқуға тырысады.
Кейс стади әдісі - оқытушының креативті ойлауын дамытып, сабақтың мазмұнын ерекше құруға шығармашылық мүмкіндігін кеңейтуге жағдай жасайды.
Кейс - технологияға арналған материалдар түрлері мыналар:
1. Әдістемелік нұсқаулар.
2. Жұмыс дәптері.
3. Анықтама.
4. Оқу, аудио, бейне материалдар.
5. Бақылау және емтихан материалдары.
Қашықтықтан оқытуға арналған кейстердің өзіндік сапалық қасиеттері болады.
Кейс құрамында белгілі бір нормативті талаптар жоқ.
Кең таралған документтер мен дыбыс, анимация, графикалық кірістірулер, слайд-шоу пайдаланылады.
2. Оқушы оқулықтың кез келген бетін қағазға шығара алады.
3. Оқушы оқу материалдарына кез келген әдіспен қол жеткізе алады.
4. Оқулыққа кіріктірілген білімді тексеру жүйесі бар.
5. Оқулық бетінен Интернет ресурстарына қол жеткізуге болады.
Кейс технологиясы – қағазды, электронды, өзге де жеткізу түрінде және оларды өздік оқитын білім алушылар үшін жіберілетін мультимедиялық оқу-әдістемелік материалдар жиынтығы негізінде жинақталған.
Кейс-технологияларға жатады:
Электрондық оқыту жүйесін (e-learning) Жеке тұлғаның шығармашылық құзіреттілігін жан-жақты дамыту
Оқушылардың ынтасы мен шығармашылық қабілетін жетілдіруде
Информатика пәнінен халықаралық “Инфознайка -2014” конкурсы
Қашықтықтан оқыту – оқытушының оқушымен оқыту құралдары арқылы интерактивті қарым-қатынас әрекет үрдісін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық-педагогикалық технология.
Қашықтықтан оқыту технологиясының артықшылықтары: - Заман талабына сай ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар мен құралдарды қолдану - Интерактивті әрекеттесу формалары - Сапалы білім алу - Уақытты үнемдеу - Ыңғайлы уақытта оқу - Территориялық шектеулер жоқ - Денсаулық күйі бойынша шектеулер жоқ.
Біз үшін қашықтықтан оқытудың маңыздылығы – білім берудің біртұтас ақпараттық жүйесін құру арқылы білім сапасының деңгейін көтеру. Сонымен қатар әлемдік ақпарат кеңістігіне жол ашып, оқушылардың ғылыми және шығармашылық ізденістерін арттырып, білікті маман дайындап, оны өз игілігімізге жарата білсек, ұтар тұсымыз да сол болмақ.
Назар аударғандарыңызға рахмет