Қашықтан оқыту технологиясының маңызы Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың теориялық негіздері; Қашықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары



бет1/4
Дата22.09.2024
өлшемі1,56 Mb.
#204871
  1   2   3   4
Байланысты:
Қашықтықтан оқыту


Қашықтан оқыту технологиясының маңызы
  • Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың теориялық негіздері;
  • Қашықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары.

  •  

ЖОСПАРЫ
Соңғы 10 – 15 жылдан астам уақыт ішінде Қазақстандағы білім беру жүйелерінің кұрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Оқу мен білім технологиясы қаржы қорының байыбына жетіп түсінудің, нарықты өркендету жолында күресудің тиімді құралына айналып отыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады. Дүние жүзі бойынша қашықтан білім беру жүйесін еркендетудің басты мақсаттарынын бірі - оқушылардың кез келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ. Коммуникациялық каналдарды ауқымды түрде тарату курысы маңызды міндеттерді ойдағыдай іс жүзінде асыруға септігін тигізбек.
«Технология» деген термин гректің
түп тамыры techne – өнер, шеберлік, кəсіп жəне logos – ғылым, білім деген сөздерінен шыққан. Екі түп тамырының бірлігін шеберлік туралы ғылым немесе білімді беретін деген сөзді құрайды.
Ол өндірістік үдерістерді жүргізудің тəсілдері мен құралдары туралы білімдер жиынтығы.
«Инновация» деген сөз – латынның «novis» жаңалық жəне «іп» енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «жаңару, жаңалық, өзгеру» деген мағынаны білдіреді.
Сонымен қатар Б.Т. Лихачев: «педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылым дейді. Педагогикалық технологияның мəні – шығармашылық қабілеттің дамуы үшін қажетті жағдай туғызу». В.В.Воронов «педагогикалық технология – бұл тиімді оқыту жүйесін құрумен айналысатын жаңа бағыт», – деп есептейді. В.М.Шепель: «Технология – бұл өнер, шеберлік, ептілік, іскерлік, əдістердің жиынтығы, жағдайдың өзгеруі» – десе, М.Чошанов: «Технология – бұл дидактикалық жүйенің құрамды бөлігі» – деп анықтама береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет