Қашықтық білім туралы түсінік: Қашықтан оқыту технологиясы –оқу үрдісі кезінде оқып үйренушілер мен оқытушылар арасында интерактивті өзара іс-әрекетте оқытылып, материалдың негізгі көлемін оқып үйренушілерге жеткізуді қамтамасыз ететін, оқылған материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі барысындағы оқып үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық технология. Қашықтан оқыту – компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беру үрдісінде үздік дәстүрлі және инновациялық әдістер қолданылатын, күндізгі және сырттай білім алу ретінде білімді қабылдау түрі болып табылады.
Қашықтан оқыту кезіндегі білім беру үрдісінің негізін жеке кесте бойынша өзіне ыңғайлы жерде оқуға мүмкіндігі болатын, оқытудың арнайы құралдары жиынтығы өзінде бола отырып, электронды және қарапайым пошта, телефон арқылы оқытушылармен келісілген байланыс жасауына, сонымен қатар, күндізгі бөлімде де мүмкіндігі болатын, оқып үйренушінің мақсатқа бағытталған және бақыланатын қарқынды өзіндік жұмысы құрайды.
Қашықтан оқытудың ерекшеліктері классикалықпен қатар салыстыру бойынша мынандай жетістіктерге ие: — Жеке адамның үздіксіз әлеуметтену мүмкіндігі;
— Икемділік (оқытудың уақыты, орны, көлемі және қимылы бойынша);
— Жеке оқу жоспарын қолдану мүмкіндігі;
— Оқу ақпаратына қол жеткізу ,оны жедел жаңарту;
— Экономикалық (оқу алаңы, транспорты);
— Жаңа технологияларды қолдану;
— Оқып үйренушілердің әлеуметтік құқығының теңдігі (олардың тұратын жерлері);
— Барлық елдегі ақпараттық – оқыту ресурстарының шығысы мен кірісі;
— Материалдарды көбейту мәселелерінің жоқтығы, оларды тарату ыңғайлылығы;
— Оқып үйренушілердің өз-өзіне бақылау жасауын қамтамасыз ету.
Қашықтан оқыту жүйесін құру қағидалары: 1. Оқытудың адамгершілік қағидасы. Оның ішкі мазмұны оқытуға үндейтін және әлеуметтік жинақталған тәжірибені оқып үйренушілердің меңгеруі үшін жоғары қолайлы шарттарды туғызып, білім беру үрдісіндегі бүтіндей адамға бағытталады.
2. ҚО жүйесінде білім беру үрдісін жобалау кезінде педагогикалық көзқарастың басымдылығының қағидасы. Бұл аталған қағиданың мәнісі, ҚОЖ -ін жүзеге асыруға болатын көріністердің дидактикалық үлгілерін құрайтын теориялық тұжырымдамаларды талдаудан бастау қажет екендігінен тұрады.
3. Педагогикалық мақсатқа лайықты жаңа ақпараттық технологияларды қолдану қағидалары. Ол жобалаудың әрбір қадамының тиімділігіне және ҚОЖ жасауға педагогикалық баға беруді талап етеді. Сондықтан да, ең бірінші жоспарға техниканы енгізуді емес, білім беруге қызмет ететін және оқу курстарының сәйкес мазмұнды толықтыруларын қою қажет. 4. Білім беру мазмұнын таңдау қағидалары. ҚО жүйесінің білім мазмұны ҚР –ның Мемлекеттік білім беру стандартымен сәйкес келуі тиіс.
5. ҚОЖ –де таралатын ақпараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары. Ұйымдастырушылық және техникалық тәсілдердің қажеттілігі жағдайында керекті мәліметтерді қауіпсіз және құпиялы сақтауды, қолдану мен беруді қарастыру, оның қауіпсіздігін сақтау, беру мен қолдану кезінде қамтамасыз ету қажет.
6. Білім беру деңгейінің бастапқы қағидасы. ҚОЖ-де тиімді оқыту білім, білік, дағдыларының нақты жиынтығын талап етеді. Мысалы, оқуға, кандидаттың нәтижелі оқуы үшін, өзіндік оқу еңбегінің ғылыми негіздерімен таныс болуы керек, компьютермен және т.б.жұмыс жасай алатын нақты дағдыларына ие болуы тиіс. 7. Оқыту технологиясының сәйкестендіру қағидалары.
Оқыту технологиясы Қашықтан оқыту үлгілерімен сәйкес болуы қажет. Сонымен, дәстүрлі пәндік үлгіде оқытуда ұйымдастыру түрін оқыту ретінде дәрістер, семинар және практикалық сабақтарда, боямалы немесе іскерлік ойындар, зертханалық сабақтар, өзіндік жұмыстар, өндірістік тәжірибелер.