Қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша теориялық сабақтардың жүргізілу сапасы



Дата02.07.2020
өлшемі18,17 Kb.
#74776
түріСабақ
Байланысты:
Қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша теориялық сабақтардың жүргізілу сапасы


Қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша теориялық сабақтардың жүргізілу сапасы

Әлемде орын алған жағдайға байланысты еліміздегі барлық білім беру ұйымдары қашықтықтан білім технологиялары көмегімен оқыту формасына өтті. Осы тұста Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының алдында базалық және кәсіптік құзыреттіліктерді меңгеруді көздейтін оқытудың модульдік-құзыреттілік тәселдемесін қашықтықтан сапалы жүзеге асыру мәселесі туындайды. Оқытудың модульдік-құзыреттілік тәсілдемесінің дәстүрлі пәндік тұрғысынан емес, мамандық пен оның біліктіліктерін игеруді қажетті құзыреттіліктер мен еңбек функцияларын, оқыту нәтижелері бойынша қарастыратыны баршамызға мәлім.

Студенттердің қашықтықтан білім беру технологияларын пайдаланып құзыреттіліктер мен оқыту нәтижелеріне қол жеткізуі оқу үрдісінің жұмыс кестесінің дұрыс жасалып, оңтайлы құрастырылуынан; оқу сабақтарының жобалануынан және мазмұнының бейімделуінен тікелей тәуелді болады.

Қашықтықтан оқыту – студент пен оқытушы қашықтықтан өзара ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту түрі. Қашықтықтан білім беру технологиялары қашықтықтан оқу сабақтарын «оnline» немесе «offline» режимінде өткізуге негізделген.

«Оnline» режимінде оқу сабақтары нақты уақыт режимінде оқудың өзара іс-әрекет ету үдерісін қарастырады (бейнеконференция, интернет желісімен хабар алмасу, телефон аппараты арқылы келіссөздер және т.б.).

 «Offline» режимінде оқу сабақтары оқытушы мен студент арасындағы асинхронды тілдесудің оқу іс-әрекеті процесін қарастырады (электрондық пошта, тапсырмаларды тағайындау, білім алушының өзі берілген тапсырмамен жұмыс жасауы).

Осы ретте Қапшағай көпсалалық колледжі ҚР Білім және ғылым министрінің «Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» 01.04.2020 жылғы №123 бұйрығына және «Талап» КЕАҚ әзірлеген «Пандемия кезінде ТжКБ ұйымдарында қашықтықтан білім беру технологияларын қолданып оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарына» сай оқу үрдісін жоспарлап, жұмыс жүргізуде.

2020 жылдың 16 наурызынан бастап біздің колледжде қашықтықтан оқыту Google ClassRoom платформасы және WhatsApp чаттары арқылы жұмысты бастаған болатын. Оқу үрдісін ұйымдастыру үшін оқытушылар мен студенттерге электрондық платформаға кіруге жағдай толық жасалынған. Қазіргі таңда оқытушылар өз міндеттерін қашықтықтан басқару режимінде орындап отыр, оқу-әдістемелік материалдарын, видеосабақтарын үйде отырып дайындап, электронды платформаға енгізіліп отыр. Оқыту үрдісі бекітілген оқу жүктемесіне, жоспарына, бағдарламасы мен кестеге сай жүргізіліп жатыр. Google ClassRoom платформасында студенттердің және оқытушылардың белсенділігін қадағалап отыруға мүмкіндік бар.

Сонымен қатар студенттердің белсенділігін арттыру мақсатында оқытушылар басқада тиімді жолдар қарастырып түрлі ақпараттық-комуникациялық технологияларды пайдалануда. Оқыту құралы ретінде видеосабақтар, дербес онлайн-жұмыс пайдаланылады. Қашықтықтан білім беру шартындағы оқу сабақтарының ұзақтығы 15 минут көлемінде бекітіліп, нақты уақыт режимінде Zoom қосымшасы арқылы онлайн өткізіледі.

Оқу үрдісінің сапалы жүзеге асырылуының негізгі шарттарының бірі – оның оқу-әдістемелік және дидактикалық материалдармен қамтамасыз етілуі болып табылады. Сондықтан да пән оқытушыларына күнделікті әр сабаққа оқу жұмыс бағдарламалары негізінде оқу-әдістемелік және дидактикалық материалдардан тұратын жиынтықты әзірлеп, Google ClassRoom платформасына жүктеу керектігі айтылған болатын. Яғни күнделікті сабақтарда студенттерге теориялық материал берумен ғана шектелмей, оның көрнекілігін (аудио, видео, презентация, сурет, т.с.с.) және бағалау критерийлерінің болуы шарт.

Қазіргі таңда теориялық оқыту 1 курс топтарында әлі де қашықтықтан жалғасуда. Сондықтан да платформаға жүктелген оқытушылардың соңғы 2-3 күндік (27.05.2020 жылға дейін) тапсырмаларын саралай келе оқытушыларды төрт топқа бөлуге болады. Олар:

Тапсырмалары талапқа сай толық көлемде дайындаған оқытушылар:

1.Полищук Г.А.

2.Бекбосын Т.Ә.

3.Нуркалымова А.С.

4.Молдабеков С.Т.

5.Ахметжанова А.К.

6. Нусурбекова К.А.

7.Нургалиев Е.С.

8.Усенбаева А.О. (көрнекілік толық емес)

9.Басшыбаева А.К. (көрнекілік толық емес)

10.Джалбагаева К.А. (көрнекілік толық емес)

11.Рига С.А. (бағалау критерийлері толық емес)

12.Рысқұлбек Ж. (көрнекілік толық емес)

13.Ауельбекова А.А.

14.Ерсейітова Б.Ж. (көрнекілік толық емес)

15.Абжапбарова Г.А. (көрнекілік толық емес)

16.Сатбаева Х.Н. (көрнекілік толық емес)
Келесі оқыттушылардың тапсырмаларында бағалау критерийлері жоқ:

1.Сатқынбаева А.Е.

2.Бодаш Е.М.

3.Ахмадиев Б.А.

4.Рысбаева К.Ж.

5.Масалимжанова Ж.Б.



6.Быков А.В.

Келесі оқытушылардың тапсырмалары тек қана теориялық материал және сұрақтармен шектелген:

  1. Абсаттаров Ж.А.

  2. Дуйсембаев Д.Б.

  3. Акимбаев Д.С.

  4. Утегенов А.Ж.


Ұсыныс: жоғарыдағы кемшіліктерді негізге ала отырып, қашықтықтан оқыту кезінде тапсырмаларды талапқай сай әзірлемеген оқытушыларға шара қолдану.
Дайындаған Самылтырова К.Д.

 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет