Қашықтықтан оқыту (ҚО) шеңберінде білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру және оқу тапсырмаларын орындау жөнінде педагогтерге арналған әдістемелік ұсынымдар



бет1/9
Дата13.05.2020
өлшемі30,47 Kb.
#67628
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
прил каз140 (1)
БЖБ матем 4 токсан




13.04.2020



Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2020 жылғы «13» сәуірдегі

№ 140 бұйрығына

қосымша

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2020 жылғы «1» сәуірдегі


№ 123 бұйрығына 5-қосымша

Қашықтықтан оқыту (ҚО) шеңберінде білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру және оқу тапсырмаларын орындау жөнінде педагогтерге арналған әдістемелік ұсынымдар
1 - тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қашықтықтан оқыту (ҚО) шеңберінде білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру және оқу тапсырмаларын орындау жөнінде педагогтерге арналған әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) орта мектепте қашықтықтан сапалы оқытуды ұйымдастыру, оқу бағдарламаларын орындау, білім алушылардың оқу жүктемесінің көлемін бөлуде шамадан тыс жүктемеге, қарқындылығына жол бермеу, сондай-ақ педагогтерге әдістемелік көмек көрсету үшін оңтайлы жағдайларды жасау мақсатында әзірленді.

2. Қашықтықтан оқыту әрбір сыныпқа арналған сабақтың басталу және аяқталу уақыты көрсетілмеген икемді кесте (білім алушылар күніне қанша және қандай оқу пәндері екенін біледі) негізінде жүргізіледі.

3. Қашықтықтан оқыту кезінде «үй тапсырмасы» деген дәстүрлі ұғым болмайды, сабақ кезінде пәні мен сыныбына қарай оқушы орындайтын оқу жоспарына сәйкес пәндер бойынша оқу тапсырмалары дегенді білдіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет