Қашықтықтан оқыту (ҚО) шеңберінде білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру және оқу тапсырмаларын орындау жөнінде педагогтерге арналған әдістемелік ұсынымдар


- тарау. Педагогтің өзіндік жұмысты ұйымдастыру процесі



бет2/9
Дата13.05.2020
өлшемі30,47 Kb.
#67628
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
прил каз140 (1)
БЖБ матем 4 токсан
2- тарау. Педагогтің өзіндік жұмысты ұйымдастыру процесі
4. Педагог қашықтықтан оқыту кезінде білім алушылардың өзіндік жұмысын тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Оқу тапсырмалары оқу пәні бойынша сабақ кестеде көзделген күні беріледі. Мысалы, сабақ кестесінде пән сәрсенбі және жұма күндері тұрса, тиісінше оқу тапсырмалары тек осы күндері ғана беріледі.

5. Педагог оқу тапсырмаларын білім алушыларға сабақ кестесіне сәйкес, осы пән кестеде тұрған кезде күніне бір рет жібереді.

Сабақ кестесінде жоқ пәндер бойынша оқу тапсырмаларын қосымша жіберуге жол берілмейді.

6. Педагог оқу тапсырмаларын жазбаша түрде грамматикалық және стилистикалық нормаларды сақтай отырып ресімдейді, ол сауатты құрастырылған және түсінікті болуы тиіс.

7. Педагогке оқу тапсырмаларын дыбыстық хабарлама түрінде жіберуге жол берілмейді.

8. Бастауыш сынып педагогтерінен басқа педагогтер кері байланысты әр сабақта емес, өзінің қалауы бойынша бере алады.

9. Білім алушыларды тұлғалық тәрбиелеуге, білім беру процесіне қатысушылардың (педагог, білім алушы, ата-ана /заңды өкіл) интернет-тәртібін, кибермәдениетін, кибергигиена дағдыларын қалыптастыруға бағытталған этикалық және педагогикалық нормаларды ескерумен қоса интернет-платформаларды, стриминг алаңдарын, WhatsApp және басқа да мессенджерлерді пайдалана отырып педагог пен білім алушылардың өзара дұрыс іс-қимылы мен қарым-қатынасы қамтамасыз етіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет