мұқият зерделеңіз.
Гидпен жұмыс істей отырып, өзіңіздің қашықтан оқыту тәжірибеңізде қолдануға болатын құралдарды таңдаңыз. Оқушылардың және өзіңіздің жұмыс істеу жағдайларыңыз бен мүмкіндіктеріңізді ескеріңіз.
ZOOM, Kahoot, Padlet, LearningApps және GoogleClassroom-мен жұмыс істеуге қатысты нұсқаулар Telegram мессенджерінің ICT robot чат-ботында (бот атауы @Komektezbot) орналасқан.
📲 Ботты іске қосу үшін Telegramда "үлкейткішті" (жоғарыда оң жақта) басып, іздеу жолына @Komektezbot ботының атауын жазып, ашылған боттар тізімнен ICT robot ботын тауып алып шертіңіз. Ботпен жұмысты бастау үшін экранның төменгі жағындағы "Старт" батырмасын басыңыз. ICT robot бот курс аяқталған соң да Сізге қажетті кезде қолжетімді болады.
Оқыту мен оқуда АКТ құралдарын қолдану неліктен маңызды?
Сабақта ақпараттық технологияны қолдану дәстүрлі оқыту әдістерін артта қалдырды. АКТ құралдарын қолдана отырып, оқушыларды оқу іс-әрекетіне белсенді қатыстыратын және оқылатын материалды терең түсінуіне көмектесетін қызықты интербелсенді оқу ресурстары мен тартымды сабақтарды әзірлеуге болады.
Дәстүрлі сыныптық-сабақтық оқытуда және мектептердің басым бөлігі үшін жаңалық болып табылатын қашықтықтан оқытуда АКТ құралдарын қолдану арқылы дербестендірілген оқытуды ұйымдастыруға көмектеседі, бұл оқушыға оқу үшін маңызды болып табылатын ресурстарды таңдауға және өзіне қолайлы қарқынмен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Қазір көптеген сайттар оқушыға мектептің оқу жоспарына тәуелсіз өзіне ұнайтын кез келген тақырыпты оқып-үйренуіне мүмкіндік беретін ақысыз және ақылы онлайн білім беру қызметтерін ұсынады.
Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламаларында («Тиімді оқыту» және т.б.) құзыретті мұғалім білімнің үш саласын – пәндік, педагогикалық және технологиялық салаларын тең меңгеретіні туралы айтылған. Пәннің мазмұнын терең білу, оқушыларға білім берудің тиімді әдіс-тәсілдерін таңдау және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды шебер қолдана білу оқытудың тиімділігін қамтамасыз етеді.
Келесі модельде мұғалім кәсіби қызметінде шебер қолданатын үш білім саласы бейнеленген.
Үшбілімсаласыныңтоғысқанорталығындабілімнің технологиялықпедагогикалықжәнемазмұндықбілімаспектілері орналасқан (TПМБ).Білім беру саласынзерттеушілербілімніңбарлықүшсаласыарасындағытығызбайланыстыжүзегеасыраалатынмұғалімдіжоғарыдеңгейлікәсібимамандепсанайды. Соныменқатаролармұндаймұғалімдержаңатехнологиялардықолданутұрғысынанзертханалардағытәжірибеліғалымдарменнемесебағдарламашысияқты технология мамандарыменжәнетәжірибелімұғалімдерменсалыстырғандаанағұрлымжоғарыдеңгейдегікәсібибілімдімеңгергендептұжырымдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |