СИЛЛАБУС (қашықтықтан оқытуға арналған) Пән/модуль бойынша ________«Жалпы патология»___________________ (оқу жоспары бойынша атауы)
Мамандық __________0301000 – "Емдеу ісі" ________________________ (шифр мен атауы)
Біліктілік ___________0301013 - «Фельдшер»________________________ (шифр мен атауы)
Курс
2
Семестр
ІV
Барлық сағаты/кредит
90
оның ішінде:
Аудиториялық сабақтар:
Дәрістер
14
ОБӨЖ
10
Тәжірибелік сабақтар:
Симуляция
40
Клиника
Жеке сабақтар:
БӨЖ
20
Бақылау түрі: Емтихан
6
Талдықорган - 2021
Нормативтік сілтемелер:силлабус оқу жоспарына сәйкес мамандығы: 0301000 – "Емдеу ісі" біліктілігі: 0301013 - «Фельдшер» бойынша оқу-жұмыс бағдарламасы негізінда жасалды.
Жалпы патология аурудың құрылымдық негіздерін оқытады. Ол медицина теориясымен қатар клиникалық тәжірибеге еңбек етеді, сондықтан жалпы патология – клиникалық пән болып табылады. Жалпы патология үрдістердің негіздері жөнінде білімгерге Емдеу ісінде қажет болатын ауру және патологиялық жағдай туралы түсініктер алуға мүмкіншілік береді.
Кіріспе:
Бұл бағдарлама білім алушыларға пән бойынша қажетті білім мен дағдыларды қамсыздандыруға, қашықтықтан оқыту жағдайында оқу нәтижелеріне қол жеткізуге арналған.
- Бағдарлама BLM.KZ автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Пәнді игеру үшін BLM.KZ-ге енгізілген материалдар қолданылады.
- «Тапсырма» модулі сабақ өткізу үшін байланыс құралы ретінде қолданылады (сауалнама, тапсырмалар, дәрістер, тестілер, чат және т.б.).
- Дәрістерді оnline режимінде Zoom платформасында немесе басқасында жүргізуге болады, ал егер online режимінде өткізу мүмкін болмаса, ofline режимінде өтеді.
- Білім алушылар үшін әр түрлі материалдар дайындалды: үлестірмелі материалдар, дубляжды және дубляжсыз презентациялар, видео, аудио, интерактивті тапсырмалар, ситуациялық есептер, кейстер, графиктер, сілтемелер және басқа Интернет-ресурстар.
Пәннің/модульдің саясаты:
- Білім алушылар дәріс, практикалық және ОБӨЖ сабақтарының кестесіне сәйкес тапсырмаларды күн сайын орындап отыруы керек.
- Білім алушылар сабақты талқылауға қатысып, жеке және топтық тапсырмаларды орындап, басқа ресурстарды да зерттеуі керек.
- Білім алушылар тапсырманың соңғы орындау мерзімін қадағалап отыруы керек.
- Білім алушылар сабақтың барлық түрін себепсіз жіберіп алуға болмайды.
- Білім алушылар БӨЖ-ын бағдарламада көрсетілген кестеге сәйкес орындауы керек.
Пәнді оқу мақсаты:
- білімділік: теориялық білімдерін тәжірибелік дағдылармен ұштастыруға,жүйелендіру және топтастыру. Ойларын тұжырымдауға уйрету.
- тәрбиелік: білімгерлерді салауатты өмір сүруге,жақсы маман иесі болуға тәрбиелеу.
- дамытушылық:оқушының логикалық ой-өрсін дамыту,ойлау қабілеттерін дамыту, қойылған сұрақтарға жылдам ойланып жауап беру, пәнге қызығушылығын, өз беттерімен шешім қабылдауды, жаңа ғылым технологияларымен таныстыру