Дәріс бойынша қарастырылатын мәселелер Жоспары:
Жазуға қойылатын талаптар
Жазуға үйрену үшін қажетті жағдайлар. Емле.
Қазақ тілінен жазба жұмыстарының көлемі. Сын жұмысы мәтіндерінің мөлшері.
Оқушылар жазу ережесін сақтап отырғанда ғана дұрыс жазуға үйрене алады. Жазуға негізінен мынадай талаптар қойылады:
а) әріпті дұрыс жазу, дәптердің көлденең сызығынан ауытқымау;
ә) әріптердің элементтерін жазғанда ұзынды-қысқалы етпей, бірдей жазу;
б) әріптердің бірін оңға, бірін солға қисайтпай, барлық әріпті бірдей, оңға қарай, сәл көлбете (45) жазу;
в) әріптердің, сондай-ақ сөздердің арасындағы қашықтықты бір қалыпты сақтап (сөздер бір-бірінен м әрпінің көлеміндей қашықтықта болуға тиіс) отыру;
г) бірте-бірте жазу қарқынын тездете түсу.
Бұл талаптар бастауыш мектептің барлық сыныптарында да жазу жұмысының барысында орындалып отыруға тиіс.
Жазуға кірісерде алғашқы күннен бастап орындауға тиісті гигиеналық талаптар:
а) дәптер партаның үстінде, баланың кеудесінің қақ ортасына тура келетіндей болып, сәл көлбетіле (оңға 65) қойылады;
ә) бала басын оңға не солға, иықтарын, кеудесін алға не артқа қисайтып, аяқтарын қатар қойып, алдына түзу қарап отырады. Бұл олардың омыртқалары, көкірегі дұрыс жетілу үшін қажет. б) балалар табандарын еденге (партаның табан тақтайына) еркін басып отырады. Тізені қатты бүкпей, бір аяқты екінші аяқтың үстіне қоймай, аяқтарын алға, я артқа сілтемей отырғаны
дұрыс;
в) партаға көкіректі тіремеу керек. Өйткені, бұл тынысты тарылтады, жаңа өсіп келе жатқан кеудені бұзады;
г) қаламды ұстағанда саусақ қаламның ұшынан үш сантиметрдей жоғары тұратындай болып және қаламның жоғарғы жақ ұшы оң иықтың тұсына дәл келетіндей жағдайда болғаны жөн.
ғ) жазғанда баланың көзі мен дәптер аралығындағы қашықтық 25-30 см сақталуға тиіс.
Сауат ашу кезінде жазу сабақтарында балалар әріп элементтерін немесе жекелеген әріптерді жазғанда ұзақ уақыт жазып отырмауын қадағалау керек. Өйткені ұзақ уақыт бір-екі элементті немесе бір әріпті жаза берсе, бала шаршайды да, сабаққа зейін қоюдан қалады, сондықтан үш-бес минут жазғаннан кейін қолдарына демалыс беріп, саусақты жаттықтыру сәті өткізіледі. Сонан соң құрамында үйреніп отырған дыбыс бар сөздер ойлап тауып, талдауға немесе ойын, мысалы, «Қай әріпті жоғалттым» ойнауға болады. Сонан соң ғана жазуға көшкені дұрыс. Жұмыс түрі өзгергенде балалар да оған зейін қоя бастайды.
Сауат ашу барысында балалар сөздер мен сөйлемдерді естерінде ұстап жазуға үйренулері қажет. Ол үшін айтылуы мен жазылуының арасында ешбір айырмашылық жоқ сөздер алынады және бұл кезде әріптердің таңбасы арқылы (жазба таңбасы) берілген сөздер мен сөйлемдерді көшіріп жазу ұсынылады, ал сауат ашу аяқталғаннан кейін, баспа таңбалы әріптер жазылған мәтіндер көшіртіледі. Осы жұмыстардың бәрінде де оқушылар жазуға кіріспес бұрын сөздер дыбысқа, буынға талданады.
Жазуға үйрену тілдің ерекшеліктеріне қарай әртүрлі дәрежеде өтеді: фонетикалық жазу дыбыстық-әріптік талдауды шебер жүргізуді, дыбыстарды дұрыс, анық айта білуді, айтылған дыбыстарды дәл айыра алуды талап етеді; морфологиялық жазуда сөздің грамматикалық мағыналарын түсініп, ережелерді үйрену басым болады. Ал орыс тілінен енген (армия, монтер, шофер, шкаф т.б.) және жазылуы қалыптасып кеткен бірқатар сөздердің (қарындаш, картоп, бәтеңке, шәйнек т.б.) жазылуын оқушылар есте ұстап, ол сөздерді сөздіктен қарап, тауып жазуға үйренеді немесе жаттығу арқылы бірте-бірте дұрыс жаза алатын болады.
Жазуға үйрену үшін қажетті жағдайлардың бастылары:
Жазылатын сөздің мағынасын, мәнін анықтау. Мұғалім көшіруге ұсынған немесе оқып айту арқылы жаздыратын сөздерінің, сөйлемнің, мәтіннің мағынасын оқушылардың анық түсінгеніне көз жеткізгеннен кейін ғана жаздырғаны жөн.
Сөздің айтылуына және жазылуына, грамматикалық формасына мұқият көңіл аудару; жазғандарын саналы түрде есте ұстауға жағдай жасау: оқы, ойлан, есіңе жазып ал, тыңда, зейін аудар т.б.
Жіберілген қателермен жұмыс істеу: жазғандарыңды тексер, түзет, қайта жаз, осыған ұқсас мысал ойлан т.б. оқушылардың белсенділігін көтеру және өздіктерінен жұмыс жасауға баулу.
Сөйлем мен сөзді талдау жұмысын жүйелі жүргізіп отыру: салыстыру, талдау, жинақтау жұмыстары, «неге?» сұрағын көбірек қою.
Сөйлеу әрекетінің бірде-бір жағын естен шығармау керек: дыбыстық-әріптік талдау, сөз құрамына жаттығу, сөз таптары бойынша, синтаксис және байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстары. Орфографиялық жаттығуларды (көшіру, диктант) сөйлеу жаттығуларымен (мазмұндама, шығарма) кезектесіп өткізу.
Грамматикалық жаттығуларды сөздік-орфографиялық жаттығулармен кезектестіру.
Орфографиялық дағдыға төселуіне қарай, ереженің оқушы үшін мәні өзгереді. Мысалы, алғашқы кезде бала ережеге мұқтаж болса, бірте-бірте сауатты жазуға жаттыққан сайын оның мәнділігі жойыла бастайды. Оқушы жазуға дағдыланған кезде оған ереженің мүлде қажеті бола қоймайды.
Орфографиялық дағды жөнінде айтылғанда пунктуацияға да қатысты. Бірақ пунктуацияға үйрену жұмыстарының өзіне тән ерекшеліктері бар. Тыныс белгілерін қою да ережелерге бағынады.
Емле – сөздің және оның формаларының жазылу ережелерінің жиынтығы. Оған сөздегі әр дыбыстың әріппен белгіленуі, сөздердің бөлек, бірге жазылуы, бас әріпті пайдалану, сөзді тасымалдау және басқалар жатады. Сөзді дыбысқы бөлу, тілдің грамматикалық құрылысын білу, емлені меңгеру болып табылады. Емлені меңгеру сауаттылықты игеруге негіз болады. Сөзді дұрыс жазу дағдыға айналады. Білімді меңгеру дағдылары баланың сөйлеуінің дамуына, оқу мен жазуды игеруіне, грамматиканы білуіне, сөздікпен жұмыс істеуіне байланысты. Сөзді дұрыс айту, оны буынға дұрыс бөлу, сөз бойынша дұрыс сөйлем құру сөйлеуді дамытумен қатар сауатты жазуға негіз болады.
3. Қазақ тілінен жазба жұмыстарының көлемі.
Сын жұмысы мәтіндерінің мөлшері.
1-сынып
|
2-сынып
|
3-сынып
|
4-сынып
|
І
жарт.ж
|
ІІ
жарт.ж
|
І
жарт.ж
|
ІІ
жарт. ж
|
І
жарт.ж
|
ІІ
жарт. ж
|
І
жарт.ж
|
ІІ
жарт. ж
|
10-12
|
15-20
|
30-35
|
35-40
|
40-50
|
50-65
|
65-70
|
75-80
|
Сабақтағы (1-сыныпта) үздіксіз жазудың жалпы ұзақтығы 3 минуттан, 2-сыныпта – 10 минуттан, 3, 4- сыныпта – 20 минуттан болуы мүмкін.
Үй тапсырмасының көлемі сынып жұмысының 1 бөлігінен аспауы керек.
3- сынып жұмысының көлемі сын жұмысы көлемінен ±5 сөз болуы тиіс.
Жазу мәнері
Сыныбы
|
І жартыжылдық
|
ІІ жартыжылдық
|
1
|
−
|
10 таңба / мин
|
2
|
17 таңба / мнн
|
25 таңба / мин
|
3
|
32 таңба / мин
|
40 таңба / мин
|
4
|
47 таңба / мин
|
55 таңба / мин
|
Жазу жылдамдығын өлшеп қарау үшін оқушыларға мәтінді әріп, таңба тастамай жазу тапсырылады. Мұғалім басталуын хабарлайды, 1 минуттан соң аяқталғанын хабарлайды. Барлық әріптер мен таңбалар (тыныс белгілері) есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |