Байланысты: Сауат ашу және жазуға үйретудің теориясы мен технологиясы
Сабақ әдісі:
1. Сабақтың құрылымы мен мазмұнының дамыта оқыту ұстанымдарына сәйкестігін анықтау:
оқушы ойлауы мен есте сақтауына жүктеме көлемінің сәйкестігін анықтау;
оқушылардың шығармашылық іс-әрекеті мен қайталап айту мүмкіндігінің мөлшерін анықтау;
білімді дайын түрде меңгеруін және өз бетінше ізденуін жоспарлау (мұғалім сөзінен, оқулықтан, әдістемелік құралдардан т.б.);
мұғалім және оқушылардың проблемалық – эвристикалық оқытуды орындауы( кім мәселені қояды, шешеді, тұжырымдайды);
мұғалім жүргізетін оқушының іс-әрекетін бақылау, талдау және бағалау есебі;
оқушылардың өзара сыни бағалауы, өзіндік талдау және өзіндік бақылау;
оқушыны іс-әрекетке талаптандыру(істелінген жұмыспен байланысты жағымды сезімін шақыратын түсініктеме, қызығушылығын ынталандыратын нұсқаулар, бар ықтиярымен қиындықтардан өтуге тырысу) және басқару байланысы (бағасын еске түсіру, қатал ескерту, ақыл айту, т.б.);