Асыл сөзді іздесең (Абай Құнанбайұлының шығармашылығы жайлы)



Дата21.01.2022
өлшемі14,12 Kb.
#112913
Байланысты:
Асыл сөзді іздесең


Асыл сөзді іздесең...(Абай Құнанбайұлының шығармашылығы жайлы)

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе!

С.Торайғыров

Абай – ұлы тұлға! Абай шығармашылығы әдебиетте ойып орын аларлық дүние. Артық білім іздесең Абайды біл,оқы,таны. Әлем мойындаған Абайды қазақ ақындарының биік шыңына теңейміз. Қаламы ұшталған ақын елді сынап, түзетуге көп көңіл бөлген. Әр сөзінде жүз тағдырға жетерліктей ақыл тұнып тұрған сөз шебері. Абайдың шығармашылығын оқу жан-ләззәті. Жүрекке азық ала отырып, сөздерінен мол тәрбие мен өшпес білімнің нәрімен сусындауға болады. Ұлты үшін туған ақын өз артынан сан-мыңдаған ғасырларға өнеге болатындай із қалдырды. Зор интеллект пен өзгеге деген интелегенцияның шам шырағы. Шығармаларының әр қайсысы өз нақышына, сарынына түсе білген. IXI-XX ғасырларда актуалды болған, өзекті өртеген тақырыптарды өзінің қара сөздерінде талдап, талғап һәм сынап өткен. Қара сөздерінің идеялық маңызы әр түрлі тақырыпта өрбіген. Рухани, материалдық, моральдық мәселелер талқыға салынды. Озық ойлы білімдіміз халық санасына әсер ету үшін қандай шығармалар жазды? Айрықша назар аударған мәселелері? Абай қара сөздерінде қандай тақырыпты қозғады? Қазіргі жастар тәлім аларлықтай сөз қалды ма?

Кеменгер, дара тұлғаның қара халықтан үлкен айырмашылығы бар: өзінің іс- әрекетін, барша ғұмырын өткінші қызықтың, жеке бастың қамын емес, мәңгілік құндылықтарға арнайды. Абай да өмірін жалпы адамзаттық аңсарларға бағыттады.

«Алланың өзі де рас, сөзі де рас,

Рас сөз еш уақытта жалған болмас.»

«Жүректің ақыл суаты,

Махаббат қылса Тәңірі үшін»- деп Абай жоғарыда айтылғандай мәңгілік құндылықтарға ғұмырын арнады. Мәңгілік құндылықтар дегеніміз ізгі қасиеттер, сауап, жақсылыққа толы ғұмыр. Абай Құнанбайұлы көпшілік жазбаларында шариғатқа шақырады.

«Орынсыз ыржаң,

Болымсыз қылжаң,

Бола ма дәулет, нәсіп бұл?»

Абай «Сегізаяқ», «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат», тағы сол секілді өлеңдерінде, қара сөздерінде болмашы дүние қызығына бет бұрмай, мәңгілік дүниеге көңіл аударады.



Ізденем, толық адам боламын деген жанға Абай атамыздың ғақиялары бір төбе, өлең- жарлары бір төбе. Әр қара сөзін ой елегінен өткізім, саралап жазған. Қырық бес қара сөзін орынымен айтылған, ақылдың жарқылдаған қырық бес жұлдызына теңедім. Орынды сөз орнын табады демей ме... Қарасөздері де түсінген адамға зор байлық. Мыңдаған сана- сезімге ой салған он жетінші қара сөз. Нақты осы қара сөздің білім мәселесіне келетін болсақ, Абай атамыз айтады «Адамда екі түрлі білім болады, бірінші бастағы білім, екіншісі жүректегі білім». Иә, шынымен бірінші білімді біз мектеп қабырғасында жүрім аласыз. Ол дүниетанымымызды арттырады. Ал, екінші жүректегі білім жақсы мен жаманды айыруға, мейірімді тануға, қамқорлық көрсетуге, махаббаты сезінуге, шариғат жолында адал болуға көмектеседі.

«Абай әлемі шексіз. Абай заман ағымын қатты сезінді. Ілгерідегіні болжады. Соған ыңғайланып қазақ халқын тәрбиеледі. Сөйтіп өз ұлтының ұстазына айналды» деген Мырзатай Жолдасбеков сөздің таза шынын айтты. Заман көшінің талабы да осы болған шығар. Біз білетін дәл Абайдай ойшыл, ғұлама әлі дүние есігін ашпады. Абайдай орынды сөйлеп, Абайдай сөзді нақышына келтіру ешкімнің қолынан келмеді. Міне, осыдан Абайды қазақтың бас ақыны, бас ұстазы есептейміз. Ұлы ойлы, ұшқыр саналы тұлғалар мыңжылдықта бір туатындай. Артынан өшпестей із қалдырған Абайды қадірлемегенде кімді қадірлейміз?! Сынға сындырмай, ізгі құндылықтарды тәрбиелеп, білімге ғашық қылу Абайдың қолынан келді. Өз ойымды қорытындылай келе, келесідей ойға келдім: Адамшылыққа тәрбиелеу жолында жақсы ұстаз бола білген Абай Құнанбайұлының шығармалары біздей ұрпағы барда өлмек емес!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет