Асылбеков Б. Ж.,Ермекбаева Р. Ж.,Божбанов Б. Ж. Ауылшарауашылығы жануарлар систематикасы



бет58/63
Дата21.10.2022
өлшемі0,93 Mb.
#154382
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Байланысты:
АУЫЛ ШАРУАШ СИСТЕМАТИКАСЫ
ktj 20476, sbornik inkljuziv obraz, жұмыспен қамту мәлімет, аралық бақылау сұрақтары, Комиссия5а, Комиссия5а, Өтініш, fyu, Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс, 3 prakt rab, 102 Журн. преп, Аятул курси суреси, Науаи Фонетика, Аятул курси суреси, Аятул курси суреси
Бақылау сұрақтары:
1.Сүтқоректілерді қолға үйретудің алғы шарттары.
2. Сүтқоректілерді қорғау


Әдебиеттер тізімі:
1. Наумов Н.П., Карташев Н.Н. Зоология позвоночных. Ч.1,2. М., 1979.
2. Наумов С.П. Зоология позвоночных. М., 1973.
3. Бобровский Н.А. и др. Курс зоологии. Т.2. Хордовые. М., 1966.
4. Карташев Н.А. и др. Практикум по зоологии позвоночных. М., 1969.
5. http//www.library.intra.ru- электрондық кiтапханалық қор
6. http//www.referat.kulichku.net
7. http//www.NLRK.kz-ІР Ұлттық кiтапхана
28 дәріс – Тақырыбы: Сүтқоректілер немесе аңдар.

1. Насеком қоректілердің жалпы таралуы


2. Әр түрлі экологиялық топтардағы тіршілік ерекшеліктеріне байланысты аңдардың құрылымдық ерекшеліктері.


Насекомқоректілер отряды (Insectivora)
Насекомқоректілерге көртышқан, жертесерлер, кірпілер, жұпар (выхухоли) тағы осылар сияқты тұмсығы сүйір кішкентай жануарлар тобы жатады. Бұлардың дене құрылысында және тіршіліктерінде ертеде болған сүтқоректілердің белгісі бар. Формасы конус тәрізді тістері күрек тіс, шошақ тіс, азу тіс болып жеке жіктелмеген және олардың үстіңгі бетінде шайнау бұдыры болмайды. Тұмсықтары сүйір жұмсақ қозғалмалы, ерні болады, сондықтан оны (хоботок) тұмсығы сүйір деп атайды. Насекомқоректілер отрядының өкілдері жер бетіне өте көп тараған, олардың кейбіреулері мына төмендегілер.
Көртышқан тіршілігін жер қазып, жер астында өткізеді. Сондықтан осындай тіршілік жағдайына қарай өте жақсы икемделген. Атап айтқанда, оның алдыңғы аяқтары жер қазуға икемделіп төмен қарай иілген және екі жағына қарай қайырылған. Жер қазуға бейім өткір тырнақтары да бар. Жер қазу әрекетіне сәйкес аяқтарының сүйектері де имиіп, қазу мүмкіншілігін арттырады. Ал саусақтары болса бір-бірімен тері жарғақпен қосылған. Сөйтіп, тіршілік орталығының әсерінен көртышқанның аяқтары жалпақ қалақша немесе күрекше сияқты болады. Дене құрылысының осындай болуы көртышқанның эволюциялық тарихи дамуына байланысты. Көртышқанның мойны жеке бейнеленбей қысқарып басымен денесі қосылып кеткен. Ал денесінің алдыңғы жағы сүйір конус пішіндес болады. Мұндай дене пішіні жер астында тар індерде жүргенді жеңілдетеді. Көртышқан алдына қарай және кейін шегініп те жақсы жүре алады.Оған жүні кедергі жасамайды, өйткені оның жүні қысқа және өте жұмсақ алға және артқа қарай да жығылады. Көртышқанның қатты қабықты насекомдарды жейтін үшкір жіңішке шошақ тістері болады. Оның азу тіс пен алдыңғы тістерінің бір-бірімен айырмасы аз. Көртышқан жер астында көрінбей жатады. Бірақ иіс сезімі жақсы жетілген. Тұмсықтың үстінде сезім мұртшалары да бар. Көртышқан жер астында ұя жасап, көктемде 3-5 кішкене қызылшақа соқыр бала туады. Олар бір айдай сүтпен қоректеніп жетіледі. Көртышқандар жер қазып, топырақ арасында кездесетін құрттар мен насекомдар жеп қоректенеді.
Көртышқанның пайдасы да, зияны да бар. Олар насекомдарды және олардың личинкаларын жеп ауыл шаруашылығына, орман шаруашылығына пайдасын тигізеді. Көртышқанның терісінен бас киім және тон тігіледі.
Жұпар Қазақстанда Жайық өзенінің жағалауын мекендейтін жартылай суда тіршілік ететін жануар. Олар қорегін судан алады. Дене тұрқы 18-20 см, салмағы 300-400г. Жұпар қазіргі Қазақстанда сирек кездесетін аңдар қатарына алынған. Оны қорғау үшін ол мекендейтін жерлерден шағын қорық ұйымдастырған жөн. Жойылып бара жатқан аң болғандықтан жұпар, көптісті жертесе Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет