Диафрагманыкішірейту (уменьшение диафрагмы) – объектив
диафрагмасының кішіреюі. Мысалы, f/8 санына, f/11 санына.
Жазық жарық – қанықтылығы(контрастность) төмен суреттерді
жасайтын жарық.
Жарық сүзгісі (фильтр)–
түсті,суреттің
тығыздылығын
күшейтуге,жоюға арналған объективке орнатылатын шынының боялған
бөлігінен жасалған құрылғы.
Жапқыш (затвор)
– пленкаға түсетін жарық легін қадағалайтын
пластинка немесе пердеше.
Жарқыл (блик) – қараңғы фондағы ашық түсті жарық дағы.
Фотокөзәйнектерге жарқыл жарыққа қарсы түсірген кезде пайда болуы
мүмкін.Ол суреттің сапасын төмендетеді.
Жалғыз тағанды штатив (монопод) – жалғыз тірегі (аяғы) бар,бір
нүктелі үштаған түрі.Ол ұзынфокусты объективтермен қолдануға ыңғайлы.
ЖК-өлшеу құрылғысы (индикатор)
– фотоаппараттың жоғарғы
жағындағы дисплейден жарқылдақтың режимі, кадрдың форматы жайлы
берілетін ақпарат.