Асылхан Абдраим



Pdf көрінісі
бет99/116
Дата08.02.2022
өлшемі6,3 Mb.
#122947
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   116
Байланысты:
ФОТОЖУРНАЛИСТИКА 2 шыгарылым (1)

3.5
 
Фотосуретке сәтті түсем десеңіз... 
 
Интернет-жеңгетай арқылы әлдебіреумен танысуға бел шешсеңіз, ең 
алдымен, фотосуретіңізге мән бергеніңіз жөн. Интернетке қолға ілінген 
суретті қыстыра салуға болмайды. Егер ер азаматтарға ұнауды көздесеңіз, 
онда суретіңіз де көпшілік көңілінен шығатындай болсын. Ала-құла суретке 
түсіп, уақытты тектен-текке сарп еткізгенше, бірден сапалы суретке 
түскеніңңіз дұрыс. Сапалы суретіңіз болмаса, интернетке анкетаңызды 
орналастырып, әуреге түспей-ақ қойыңыз. 
Сонымен, сапалы суретке қол жеткізудің жолы қандай? Әуелі заманалы 
сандық фотоаппараты бар фотосуретшіні табыңыз. Егер бұл фотосуретшінің 
визажисі бар болса, тіптен жақсы. Визажист бет-әлпетіңізді әсемдеп, дұрыс 
макияж жасайды. Ал егер визажист қызметін қымбатсынып, макияжды өзім 
жасаймын деп шешсеңіз, мына нәрселерді есте тұтқайсыз. Макияжды 
жасанды емес, табиғи етіп жасаңыз. Қошқыл далап, қызыл кірпік немесе 
қасыңызды қара түске боямаңыз. Суретке түсуден бұрын шашыңызды жуып-
шайып ретке келтіріңіз. Таза әрі жылтыр шаш – қыздың көркі. Жасыңыздан 
үлкен болып көрінгіңіз келмесе, шашыңызды жоғары қойып, күрделі шаш 
үлгісін жасатудан аулақ болыңыз.
Әдетте фототүсірілім бірнеше сағатқа созылады. Фотосуретші түсірген 
сансыз суреттердің тек бірнешеуі ғана сәтті шығуы мүмкін. Бірақ бұл – 
кәдуілгі жағдай. Әр суретте әрқилы болып көріну үшін фототүсірілімге 
бірнеше киім алып барыңыз. Бұл киім сәнді, қарапайым әрі біртекті болуы 
тиіс. Киім-кешек бойыңыздағы қандай да бір мінді жасырып, жақсы 
қырларыңызды асырып көрсететіндей болсын.
Десек те, фотосуретке: іш киім, ала-құла түрлі-түсті киім, платформа, 
спорттық костюм, тон, куртка немесе пальто, мойынды қымтап тұратын 
жемпір мен бас киімдер, қара көзілдірік, тым көп бижутерия мен асыл 
тастар.киім-кешекпен түспей-ақ қойғаныңыз жөн сияқты.


116 
Фотосуретке шын көңілмен, күлімсіреп түсіңіз. Сондай-ақ фотосуретке 
жалғыз түскен дұрыс. Балаңызбен бірге түскен суретті кейінірек жіберген 
жөн. Алайда балаңыз бар болса, анкетада мұны бірден көрсетуді 
ұмытпағайсыз. 
Үй ішінде, кілем, гардин, гүлді түсқағаз фонында түсірілген 
фотосуреттер талғамсыз көрінеді. Жұмыс үстелінің басында телефон 
тұтқасын ұстап отырып түскен суреттер де таныстық үшін жарамайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет